Новости:
10 маусым 2025 жыл
2025 жылдың 9 маусым күні Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде Халықаралық архив күніне арналған «Архив саласының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға ҚР Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Алматы қаласы мемлекеттік архивінің және Алматы облысының мемлекеттік архивінің жас мамандары мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел аясында архив саласындағы өзекті мәселелер мен даму бағыттары жан-жақты талқыланды.
Іс-шара ҚР Орталық мемлекеттік архиві директор орынбасары Жылысбаева Марзия Ганиевнаның алғы сөзімен басталып, архив саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Ұлттық архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі архивисі Нұртай Әбдірәсіл білім беру ұйымдарындағы электронды құжат айналымының тиімділігін нақты архивтік мысалдармен көрсетті.
Кездесу соңында ашық пікірталас ұйымдастырылып, ортақ мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар айтты. Аталмыш шара – архив ісінің қоғамдағы маңызын айқындай түскен маңызды басқосу болды


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 4 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Әзербайжанның мәдени мұрасына арналған «Халық өнеріндегі уақыт тынысы» көрмесінің ашылуына қатысты.


03 қыркүйек 2026 жыл
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырықбаев Арман Оразбайұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.


03 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылғы 3 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бас сарапшысы Назым Биримкулова Республикасы Президентінің Архиві онлайн форматта ұйымдастырған «Құжаттық жарияланымдарды әзірлеудегі құжаттарды археографиялық рәсімдеудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы онлайн MeetUp кездесуге қатысты.


27 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 27 тамызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоғамдық қорының негізін қалаушы, қоғам қайраткері Нұрлан Кешірімұлы Бозтаевпен кездесу форматында дөңгелек үстел өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz