Новости:
11 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 11 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Халықаралық архивтер күніне орай өткізілген Орталық мемлекеттік архиві директорының орынбасары, «Архив саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Мәрзия Жылысбаеваның архив құжаттары негізінде дайындап, жарыққа шығарған «Из истории царской таможни в Казахской степи» атты жинағының тұсаукесер рәсіміне қатысты.
Жинаққа Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде сақтаулы 1749-1917 жылдар аралығын қамтыған Қазақ даласындағы патшалық кеден тарихына қатысты архивтік қорлардың құжаттары енгізілген.
Басылымның негізгі мақсаты – Қазақ жерінде кеден бекеттерінің құрылуы мен жойылуына, оның құрылымына, Орта Азия және Қытаймен сауда-саттыққа, ресейлік елшілердің мәліметтеріне, тауарларды шетелге шығару және алып-келу бойынша салық салу мәселесіне, тауарлардың бағасына, шетелдік саудагерлерге, қазақтардың кеден саласында жұмыс жасауына қатысты архив құжаттарын топтастырып зерделеу, көпшілікке насихаттау болды.
Жинақтың тұсаукесеріне ғалымдар, архившілер, тарихшылар, өлкетанушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар және БАҚ өкілдері қатысты.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
15 мамыр 2026 жыл
Жыл сайын бүкіл әлемде 15-ші мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіледі. 1993 жылғы 20 қыркүйекте отбасы проблемаларына қалың жұртшылықтың назарын аудару мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген бұл мереке әрбір мемлекеттің демографиялық саясатымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты ықпал ететін қазіргі қоғамдағы негізгі іргетасы ретінде отбасының маңыздылығын айқындайды.


14 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 14 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


14 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 14 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


14 мамыр 2026 жыл
2026 жылғы 14 мамырда Алматыда сиреналар іске қосылды – жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық байқаулар өтті. Жаттығу барысында халықты құлақтандыру жүйесі, теле- және радиоарналар іске қосылды, сондай-ақ мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар таратылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz