Новости:
11 наурыз 2016 жыл
Тәтіғұлов Әбдісағаит Шаймұханбетұлы

Аталмыш мақаламызда есімі елге елеулі сәулетшіміз, халқымыздың мақтанышы Тәтіғұлов Әбдісағит Шаймұханбетұлы туралы сөз қозғамақпыз. Әбдісағит Тәтіғұлов Қазақстанда сәулет-құрылыс ісіне белсене араласқанына биыл жарты ғасырға жуық уақыт болды, ал атағы өзімізде ғана емес, басқа елдерге де тараған, осы саладағы шетел мамандары жақсы білетін «Қазгор» жобалау академиясын үзбей ұзақ жылдар бойы басқарған. Академияда еңбек еткен жылдарда талай көз тартар, көңіл сүйсінер сарайлар мен ғимараттар салған, қазақ ұлттық сәулет өнерін әлемдік деңгейге шығарып, оны басқаларға көрсете білген, тынымсыз ғылыми ізденістерінің арқасында осы саланың тарихы мен теориясына дербес үлесін қосқан, жалпы еліміздегі сәулет өнерінің қайраткері және оның жетекші ұжымының басшысы ретінде жеке өзінің қолтаңбасы бар азамат.
Әбдісағит Тәтіғұловтың өмір жолына көз жүгіртіп өтсек, ол 1940 жылы 13 наурызда Қостанай облысы, Трактовый ауылы Федоровск ауданында дүниеге келген. Әкесі-Тәтіғүлов Шаймұханбет ұлы отан соғысының ардагері, анасы – Тәтіғұлова Назуыш. 1957 жылы Торғай облысының Амангелді ауданында он жылдық мектепті тәмамдап, сол жылы Қазақ Политехникалық Институттың білімгері атанды. Инженер – құрылысшы мамандығын игеріп, қызметтегі жолын құрылыс ұйымдарында құрылыс участкесінің басшысы қызметінен бастаған. 1964 жылы Госстрой Қаз. КСР орталық аппаратында бас инженер ретінде осы мекемеде қызмет атқара бастаған. Әбдісағит Шаймұхамбетұлының атасы Тәтіғұл қажы, ел ағасы, озық көзқарасты, білімді, айналасына әділ кісі болған, мешіт салдырып, балаларды оқытқан. Әбдісағит Тәтіғұлов ұлтжандылығы атасы көтерген тумен, әке өнегесімен, ана сүтімен қалыптасқан десек ешбір қателеспейміз.
Әбдісағит ағамыздың тікелей басшылығымен «Қазгор» жобалау академиясы Алматыдағы Республика сарайының, 110 метрлік «Қазақстан» қонақ үйінің, Орталық стадионның, «Алатау» санаториінің, тағыда басқа аты әйгілі ғимараттарының жобасын ұсынды. Қазақстан Сәулетшілер одағының Гран – при жүлдесі мен алтын медаліне ие болған, «Нұрлы тау» көпфункционалды кешенінің жобасын жасап шығарған да осы «Қазгор» академиясының мамандары болған, әрине Әбдісағит Тәтіғұловтың басшылығымен, өзінің әріптесі, талантты сәулетшілердің бірі Тоқтар Ералиевпен бірге түрік ағайындарының «Анкара» қонақ үйінің жобасын жасаған, және 40 жылдан аса екеуі бірігіп басқарған академия Алматы қаласындағы барлық сәулетті ғимараттардың жобасын жасауға белсене араласқан.
Ұзақ жылдар бойы бірге қызмет атқарған қызметтестері Әбдісағит Тәтіғұловтың басшыға сай үш қасиеті бар деп атап айтады, ең алғашқысы мықты инженер және ұйымдастырушы ретінде маңайына дарынды адамдарды топтастыра білді. Екіншіден, ұжымның басты іс бағыттарын анықтап, оның заман талабына сай болуын қамтамассыз етті. Үшіншіден, ұжым мүшелеріне адал болды, олардың еңбегін бағалай білді. Оның ұйымдастырушы маман ретінде және бастаған істерін қисынды түрде аяғына жеткізбей тынбайтын қасиеттерін жаратылысының түп-тамырынан іздеген дұрыс сияқты. Жобалау тәсілдері жаңа құрылыс материалдары мен технологиялардың өмірге келуіне орай ауысып отырды. Қазақстанның құрылыс және сәулет өнерінің дамуына, ғылыми негізінің қалыптасуына үлкен үлесін қосқан Әбдісағит ағамыз Қазақстанның құрметті құрылысшысы, құрметті инженері, мәдениет қайраткері атағын алып, сан рет орден-медальдармен де марапатталған, және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған.
Ұжым басшысы өзінің кәсіби өсуі мен практикалық бастамаларының ғылыми негізделуінің қажеттілігін өткір сезініп, институттағы жұмысымен қоса, зерттеулер мен талдаулар жүргізіп, тұрғын құрылыс экономикасы мен ұйымдастырылуы бойынша өзекті тақырыпта Мәскеуде кандидаттық диссертация қорғады. Оның жүзге жуық жазылған құрылыс саласына тиеслі еңбектерінің ғылыми құндылығы жоғары.
Қайта құру кезеңінде, экономикадағы құлдырау мен мен тоқыраудың, салдарынан құрылыс саласының етек жеңі қырқыла бастады, көптеген жобалау ұйымдары жабылып қалды. Бұрынғы мемлекеттік ұйымдарды акционерлендіріп, мемлекет меншігін – ғимараттар мен мүлікті жекешелендіру басталды. Сол тұста Әбдісағит Шаймұханбетұлы қырағылық танытып, қажет құжаттарды заң жағынан мінсіз дайындап, өзінің ұжымын толығымен тәуелсіздендіріп, маман қызметкерлерімен бірігіп, негізді сақтап қалды. Институт «Қазгор» жобалау академиясы деген атаумен акционерлік қоғамға айналды. Оған президент етіп бірауыздан Тәтіғұлов мырзаны сайлады.
«Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» деген Жүсіп Баласағұнидың сөзі бар. Бойына ана сүтімен, әке қанымен дарыған адами қасиеттері оның тек басшы ретінде ғана емес жақын дос, қамқор бауыр ретінде де тұлғасын биіктете түсуде.
Әбдісағит Шамұханбетұлы өмірлік тәжірибелері мен де, кәсіптік танымдарымен де бөлісіп, жобалаушы әріптестерімен ақылдасып отырады. Оның ақыл-кеңестері жастарға бағдар беріп жол сілтері сөзсіз.

Ә.Ш. Тәтіғұлов қазіргі уақытта

















Ә.Ш. Тәтіғұлов мектептегі жылдар. Сол жағында бірінші тұр. (Қостанай облысы) 1956 ж.












Ә.Ш. Тәтіғұлов (оң жағында екінші) жастар арасында. Өскемен қаласы. 1960 ж.











Ә.Ш. Тәтіғұлов отбасымен: әйелі Мағрипа, жиені Бауыржан, ұлы Айдар, шешесі Назнуыш. Алма-Ата қаласы, 1966 ж.













Ә.Ш. Тәтіғұлов (соңғы қатардың оң жағында үшінші) Мәскеу қаласында КСРО сәулетшілерінің съездінде, 1970-ші жылдар.












Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Человек тысячелетия» ескерткішінің жобасын талқылау барысында. Тәтіғұлов Ә.Ш. сол жағында үшінші. (Астана қаласы), 2000 ж.












Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Ә.Ш. Тәтіғұловқа «Лучшие предприятия, оказывающие помощь» номинациясында «За достижения в области качества» атты сыйақы және диплом ұсынуда. Астана қаласы, 2007 ж.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz