Новости:
26 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 25-26 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімі ведомстволық архив жұмысына жауапты ұйымдардың іс жүргізушілері мен қызметкерлері үшін «Мемлекеттік архив саясаты тұрғысынан ведомстволық архивтерді ұйымдастыру және дамыту» атты екі күндік семинар өткізді.
Семинарды Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Амантайқызы Жұматаева ашты.
Мұндай семинарлар архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда құжаттамамен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған және ведомстволық архивтерде жұмыстарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетуді мақсат етіп қояды.
Аталған семинар құжаттарды ұйымдастыруға, сақтауға, есепке алуға және пайдалануға байланысты кең ауқымды тақырыптарды қамтыды, мысалы: ұйымдардағы архив ісі мен іс жүргізуді нормативтік-құқықтық реттеу; ведомстволық архивтерде істерді қалыптастыру: істер номенклатурасынан архивтік тізімдемелерге дейін; құжаттарды дайындау және мемлекеттік архивке тапсыру; ұйымның сараптамалық комиссиясының құрамы, қалыптастыру тәртібі, негізгі функциялары; мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын қалыптастыру тәртібін; жобалау-сметалық құжаттаманы ғылыми ұйымдастыру және оны техникалық өңдеу; ғылыми-техникалық құжаттама; мемлекеттік және ведомстволық архивтер құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және т.б.
Семинардың практикалық бөлігінде архив мамандары құжаттарды сандық форматқа көшіру және құжаттарды тігу бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Олар осы бағыттар бойынша жұмыс үдерісін көрнекі көрсетті.
Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін архивте тақырыптық экскурсия өткізді.
Семинардан кейін қатысушылар пікір алмасып, нәтижелерін қорытындылады.
Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 тамыз 2026 жыл
2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


01 тамыз 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Халықаралық архитекторлар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген саулетшісі, Алматы қаласының Құрметті азаматы
Ералиев Тоқтар Ералыұлының өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады.


24 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 24 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері – Қазақстанның Халық суретшісі Сахи Романовтың 100 жылдығы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Әбуовтың 90 жылдығына орай өткізген «Қазақ өнерінің қос шебері» көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.


23 шілде 2026 жыл
2026 жылғы 23 шілдеде Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың 32 құжаттар жобалары қаралды


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz