Новости:
04 шілде 2025 жыл
Еліміздің барлық өңірлерінде бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Домбыра – бабалар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Қазақ халқы домбыраны көне заманнан бері қуанышта да, қайғыда да бірдей қолданып келеді. Олар домбыраның сыңғырлаған үнімен халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мызғымас құндылықтарын жеткізген. Ал домбырада ойнау өнері мен күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып отырған.
Әрбір шаңырақтың төрінде ілулі тұратын домбыра ұлттық өнерді ұлықтайды. Халқымыз бабаның көзіндей, қазақтың өзіндей болған қастерлі дүниенің қадір-қасиетін құрметтей білген. Домбырасы жоқ шаңырақты мұрасы жоқ үй деуге болады. Ғасырлар бойы сақталған даланың рухы мен бабаның ғұрпын бүгінге жеткізген ұлттық құндылықтың тамыры тым тереңде жатыр.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қазақтың киелі қара домбырасының шығу тарихына, қазақтың талай күйшілері мен ақын-жырауларына, қара домбыраның үнін күмбірлетіп келешек ұрпаққа жалғастыратын ұрпақтар сабақтастығына қатысты өз ойларымен бөлісіп, халқымыздың атақты күйлерін шертті.
Бұндай тағылымы терең, мазмұнды шараның өтуі - ұлтымыздың терең тамырлы мәдениетін асқақтатып, рухын көтерері анық.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
21 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.


20 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген және халықаралық марапаттарды иеленген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.


19 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 19 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 12 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz