Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері ұлы ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ақын жырларын нақышына келтіре оқып, рухани челленджге қатысты.
Абай мұрасы — қазақ руханиятының темірқазығы. Оның әрбір өлеңі — жүрекке жетер сыр, ойға жетелер нұр.
Бұл игі бастама арқылы архив ұжымы ұлт ұстазының асыл сөзін ардақтап, жас буынды білімге, ізгілікке, парасат пен тәрбиеге үндеді.
Осыған орай, біз Абай өлеңдерін оқу эстафетасын барша жұртшылыққа жолдаймыз!
Абайды бірге оқиық, бірге ұлықтайық!
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.