Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Қазақстан Республикасына – 30 жыл» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді өзінің құттықтау сөзімен архив директоры Жұматаева Баян Амантайқызы ашты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Өз сөзінде директор Конституцияның мәні мен маңызына кеңінен тоқталып, оның еліміздің құқықтық мемлекет ретіндегі дамуындағы рөлі мен тарихи маңызын түсіндіріп өтті.
Шараға архив қызметкерлері, Орталық мемлекеттік архив директорының орынбасары Жылысбаева Марзия Ғаниқызы, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің докторанттары мен студенттері қатысып, мазмұнды баяндамалар жасап, пікір алмасты.
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.