Новости:
29 тамыз 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде «Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді өзінің кіріспе сөзімен архив директоры Жұматаева Баян Амантайқызы ашты. Іс-шара қонақтармен танысудан басталды. Өз сөзінде директор Қазақстандағы антиядролық қозғалыстың тарихына, сондай-ақ Семей ядролық полигонының жабылуының тарихи маңызына тоқталды.

Шараға архив қызметкерлерімен бірге келесі қонақтар қатысты: Бозтаев Нұрлан Кешірімұлы — «Полигон – 29 тамыз» халықаралық қоғамдық-қайырымдылық қорының бұрынғы атқарушы директоры, қазір қор кеңесінің төрағасы; Томпиев Марал Қазкенұлы — жазушы; Закиева Жанар Кешірімқызы — экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері; Жатқанбаева Табиғат Кешірімқызы — ағылшын тілі пәнінің оқытушысы; Сұлтанова Зухра Садыққызы — тарих пәнінің мұғалімі; Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлы — журналист; Айгүл Е. — «Семей полигоны» психологиялық құрамының өкілі; Жакупова Күләш Жабықбаевна — «Семей полигон Алматы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Қатысушылар жергілікті жерлер мен елді мекендердің ұзақ уақыт радиоактивті зақымдануына, халық арасында онкологиялық аурулар мен генетикалық ауытқулардың өсуіне, сондай-ақ экологиялық проблемаларға әкелген ядролық полигонындағы көптеген ядролық сынақтар, антиядролық қозғалыстың рөлі мен оның қазіргі қоғам үшін маңыздылығы жөнінде айтып өтті.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
15 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 сәуір 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша ғылым саласы қызметкерлерін, ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 10-сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесіп, 12-сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Тұлғалар мұрасындағы ғылыми-техникалық құжаттар: сипатталуы, сақталуы және пайдаланылуы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 9 сәуірде жұмыс сапары аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрайымы Айзада Амангелдіқызы Құрманова Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде болды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz