Новости:
19 қыркүйек 2025 жыл
2025 жылғы 19 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Архив және болашық ұрпақ» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.
Жыл сайын өткізілетін шара архивтердің маңыздылығын түсіндіру, архив қорларындағы бірегей құжаттармен танысуға мүмкіндік беруді, тарихи мұраны сақтау ісінде азаматтардың рөлін арттыруды мақсат етеді. Бұл шараның өскелең ұрпақты отаншылдыққа, ұлттық тарихқа деген құрметке тәрбиелеуде және архив ісінің құндылығын түсіндіруде маңызы зор.
Шараға ОМҒТҚА және архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың қызметкерлері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Ашық есік күні аясында келушілер архив қорларындағы сирек әрі құнды құжаттармен, архив қызметінің қыр-сырымен жақынырақ танысты.
Қонақтарға республикамызда халық шаруашылығының, ғылым мен техниканың аса құнды және соңғы жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттаманың орталықтандырылған есепке алынуын, сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ететін бейінді архивтің қызметі, құжаттар мен қорлар мазмұны бойынша ақпарат берілді және архив ғимаратына танымдық экскурсия жүргізілді.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


31 қазан 2025 жыл
2025 жылғы 31 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшылық құрамы және қызметкерлері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыровтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізген «Когнитивтік лингвистикадағы теңеу концептісі: ұлттық дүниетаным және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz