Новости:
03 қазан 2025 жыл
2025 жылдың 2 қазан күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде қор құрушылардың бірі Мұхамеджан Тынышбаевтың немересі Асқар Дәулетұлы (Шейх-Али) Тынышбаев және жиен немересі Нұршакен Жүнісқызы қонақта болды. 2024 жылы ОМҒТҚА-де қазақтың көрнекті саяси қайраткері, Алаш қоғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, шежіреші, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхамеджан Тынышбаевтың жеке тектік қоры қабылданып, жаңа ашылған мәжіліс залына қайраткердің есімі берілген.
Архившілер қонақтарға халық шаруашылығының, ғылым мен техниканың аса құнды және соңғы жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттамаларды орталықтандырылған есепке алуды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық құжаттама архивінің тарихымен таныстырды.
Асқар Дәулетұлы атасының қорымен танысып, бұрыннан білетін тарихи құжаттарды тағы бір зерделеп, архивте сақталған құнды мұраның жүйелі түрде жинақталғанына ризашылығын білдірді.
Америка Құрама Штаттарынан келген қонаққа архивте танымдық экскурсия ұйымдастырылып, архив жинақтарын сыйға табыстады.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 маусым 2026 жыл
2026 жылғы 5 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, профессор, Инженерлік академияның толық мүшесі Қуанғали Қуатбаевтың жеке қоры құжаттарына негізінделіп «Қуанғали Қуатбаев: архив құжаттарындағы ғылыми мұра» атты дөңгелек үстел және құжаттық көрме ұйымдастырылды.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық факультеті 6В02202-Тарих және Тарих-дінтану-6В01602 білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


05 маусым 2026 жыл
2026 жылдың 25 мамыры-6 маусымы аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 6В03204-Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша 1 курс студенттері өндірістік тәжірибеден өтті.


04 маусым 2026 жыл
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылы осы күні еліміздің жаңа Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны алғаш рет ресми түрде бекітілді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz