Новости:

17 тамыз 2018 жыл

2018 жылдың 17 тамызында «ОМҒТҚА» ҰАҚ толықтыру және ведомствалық архивтер бөлімі келесі ұйымдардың ведомствалық бағыныстылығының өзгеруіне байланысты, ведомствалық архив қызметкерлеріне әдістемелік кеңес берді.


07 тамыз 2018 жыл

2018 ж. 6 тамызында ОМҒТҚА директорының м.а. Б.А.Жұматаева және жоғары білікті архивис А.К. Еркенова кездесу өткізді.


30 шілде 2018 жыл

2018 жылдың 26 шілдесінде Алматы облысының мемлекеттік архиві Астана қаласының 20- жылдық мерей тойына өткізген «Астана- кемелденген жас қала» атты іс- шараға Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қатысты.


25 шілде 2018 жыл

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне мемлекеттік сақтауға ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Атшабаров Бахия Атшабарұлының және медицина ғылымының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері – Маманова Халида Есенғұлқызының жеке тектік құжаттары тапсырылды.


23 шілде 2018 жыл

2018 жылдың 20 шілдесінде ОМҒТҚА қызметкерлері Ж. Қаламбаева, Л. Ануарханова, Е. Скрипко Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған экономика ғылымдарының докторы, профессоры, ҚазКСР ғылымына еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ресей ғылым академиясы мен Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының мүшесі, Украинаның Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, Мемлекетаралық аграрлық экономика бойынша ғылыми-проблемалық кеңестің бірінші төрағасы, ОМҒТҚА қорқұрушысы Ғани Әлімұлы Қалиевтың мерейтойына арналған іс-шараларға қатысты. Архивистер мерейтой иесіне естелік сыйлықтар беріп құттықтау адресін табыстады.


Всего 806 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz