Новости:

25 шілде 2018 жыл

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне мемлекеттік сақтауға ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Атшабаров Бахия Атшабарұлының және медицина ғылымының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері – Маманова Халида Есенғұлқызының жеке тектік құжаттары тапсырылды.


23 шілде 2018 жыл

2018 жылдың 20 шілдесінде ОМҒТҚА қызметкерлері Ж. Қаламбаева, Л. Ануарханова, Е. Скрипко Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған экономика ғылымдарының докторы, профессоры, ҚазКСР ғылымына еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ресей ғылым академиясы мен Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының мүшесі, Украинаның Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, Мемлекетаралық аграрлық экономика бойынша ғылыми-проблемалық кеңестің бірінші төрағасы, ОМҒТҚА қорқұрушысы Ғани Әлімұлы Қалиевтың мерейтойына арналған іс-шараларға қатысты. Архивистер мерейтой иесіне естелік сыйлықтар беріп құттықтау адресін табыстады.


20 шілде 2018 жыл

2018 ж. 19 шілдесінде ОМҒТҚА директордың м.а. Б. Жұматаева мен бас сарапшы В. Печерских Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына кездесуге барды.


19 шілде 2018 жыл

2018 ж. 18 шілдесінде «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Азаматтық борыш» жобасы аясында ҚР Орталық мемлекеттік архив ғимаратының мәжіліс залында «Ауған соғысының естеліктері» атты өткізілген іс-шарасына ОМҒТҚА қызметкерлері қатысты.


09 шілде 2018 жыл

2018 жылдың 5 шілдесінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Д.Н. Акимжанова мен Н. Тұрсынбек «Синташта» бірегей мәдени-тарихи кешенінің зерттелуіне 45 жыл және қола дәуірінің дүние жүзіне әйгілі археологиялық ескерткіші Арқайымның табылуына 30 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің ұйымдастыруымен өткізілген «Арқайым – қалалар елі: кеңістік пен бейнелер» атты Халықаралық фотокөрмеге қатысты.


Всего 808 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz