Новости:

14 мамыр 2018 жыл

Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында (1998 жылғы 22 желтоқсан) ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының 2018 жылы 26 сәуірдегі жалпы отырысында «Архив ісі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады.


11 мамыр 2018 жыл

2018 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикалық Мемлекеттік Орталық музейінде өткен Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, 70-тен астам көрмеге қатысқан, қағаз және кенепке акварельмен өзіндік төл техникасының авторы Анна Маргацкаяның сурет көрмесі болып өтті. Көрмеге ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінен қызметкерлері: Л. Ануарханова, А. Жунусова, К. Насыровалар суретшінің тың өнерін тамашалап, Анна Маргацкаямен жақын танысып, естелікке суретке түсіп қайтты.


03 мамыр 2018 жыл

2018 ж. 3 мамырында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің акт залында «ОМҒТҚА мәнгілік полкі» атты көрмесінің таныстырылымы өткізілді. Көрмеде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлерінің отбасылық архивінен алынған құжаттар және ОМҒТҚА жеке тектік қорларында сақталған майданнан келген хаттар, соғыс жылдары түсірілген фотосуреттер мен соғыс жылдары туралы жазылған естеліктер назарға ұсынылды.


28 сәуір 2018 жыл

2018 жылдың 26 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде Польша Республикасының Бас Консулдығының ұйымдастыруымен болып жатқан Польша күндері аясында, Польша егемендігінің жүз жылдық мерейтойына орай «Андерс әскері – Үміт Жолы» атты көрмесінің салтанатты ашылуына ОМҒТҚА қызметкерлері Г. Абилкасимова және А. Еркенова қатысты.


28 сәуір 2018 жыл

2018 ж. 28 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің сараптамалық тексеру және методикалық комиссиясының кезекті мәжілісі өткізілді.


Всего 807 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz