Новости:

10 сәуір 2018 жыл

2018 жылдың 9 сәуірінде ОМҒТҚА қызметкерлері Ж.А. Каламбаева, А.К Еркенова, Л.А. Ануарханова «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» Акционерлік қоғамының ғылым жөніндегі басқарушы директоры, Халықаралық Инженерлік және Ұлттық Инженерлік академиялардың корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, құрылысшы-инженер, КСРО Инженерлік академиясының академигі Сырымғали Ержановты Наурыз мерекесімен құттықтап


06 сәуір 2018 жыл

2018 жылдың 5 сәуірінде архив саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясының бірінші мәжілісін өткізу аясында ОМҒТҚА қызметкерлері архивтің қорлар негізінде құжаттар көрмесін дайындады.


29 наурыз 2018 жыл

2018 ж. 29 наурызында ОМҒТҚА кезекті сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысы өткізілді.


16 наурыз 2018 жыл

2018 ж. 15 қаңтарынан 24 наурызға дейінгі аралықта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, тарих, археология және этнология факультеті, «мұрағаттану, құжаттану және құжатпен қамтамасыз ету мамандығының», 4 курс студенттері Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде өндірістік тәжірибеден өтті. Өндірістік тәжірибе барысында студенттер теориялық білімдерін іс-жүзінде бекітіп, архив ісінің әр түрлі бағыттағы жұмыстарын меңгерді.


14 наурыз 2018 жыл

2018 жылдың 14 наурызында «ОМҒТҚА» РММ ҰАҚ толықтыру және ведомствалық архивтер бөлімі «Ғылыми-техникалық құжаттаманы мемлекеттік сақтауға тапсыру тәртібі» тақырыбы бойынша семинар өткізді. Семинарға «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» студенттері мен ОМҒТҚА қызметкерлері қатысты.


Всего 808 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz