Новости:

03 маусым 2016 жыл

1 маусым – балаларды қорғау Күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Алматы қаласының оқушыларына ашық есік Күнін өткізді. Балалар мемлекеттік архив қызметімен танысып, немен айналысатынын, қандай құжаттарды сақтайтынын білді.


27 мамыр 2016 жыл

Үстіміздегі жылдың 25 мамырында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері «Өткенге тағзым-келер ұрпаққа аманат» атты Ашаршылық және саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты және «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы.


1955 жылдың 20 мамырында техника ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ білім академиясының академигі, І. Алтынсарин белгісімен марапатталған, «2007 жылдың үздік оқытушысы» грантының иегері Ысқақ Айтқұлұлы Нәби туылған.


20 мамыр 2016 жыл

18 мамырда ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының «Мұражай түні-2016» іс-шараларына қатысты. Архивистер мұражай қорларына соғыс жылдарының отбасылық жәдігерлерін тапсырды.


17 мамыр 2016 жыл

2016 жылдың 13 мамырында «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-сі сараптау-тексеру, әдістемелік комиссиясының кезекті мәжілісін өткізді.


Всего 807 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz