Новости:

20 мамыр 2016 жыл

18 мамырда ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайының «Мұражай түні-2016» іс-шараларына қатысты. Архивистер мұражай қорларына соғыс жылдарының отбасылық жәдігерлерін тапсырды.


17 мамыр 2016 жыл

2016 жылдың 13 мамырында «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-сі сараптау-тексеру, әдістемелік комиссиясының кезекті мәжілісін өткізді.


13 мамыр 2016 жыл

Орталық мемлекетік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Ж.Ә. Қаламбаеваның отбасылық альбомында кеңестік мектепте 1916 ж. естелік оқиғалар туралы өткен іс-шаралар фотосуреттері сақталған.


04 мамыр 2016 жыл

2016 жылдың 4 мамырында ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивының конференц-залында өткен белгілі суретші, авангардшы, Кузьма Петров-Водкин және Мстислав Добужинскилердің шәкірті, мыңнан астам картиналар, гравюрлер, суреттер және театрдағы декорация эскиздерінің авторы Сергей Иванович Калмыковтың (1891–1967 жж.) «Необычайные абзацы» атты кітабының тұсаукесеріне қатысты.


29 сәуір 2016 жыл

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Архив қалашығына іргелес аумақты жинап, қалалық сенбілікке қатысты.


Всего 919 на 184 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 23 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві бірлесіп өткізген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасында архивтану және құжаттану пәндері бойынша ХVII Республикалық пәндік олимпиада жұмысына қатысты.


22 сәуір 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Ұлы Отан соғысының жаңа беттері (соңғы жылдары табылған құжаттар негізінде)» халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Қазақстан: Бәрі де Жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» құжаттық көрме жұмысына қатысты.


22 сәуір 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есепке алу және ҒАА құру бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивисі А.Абрахманова «Ғылыми-техникалық құжаттама каталогының карточкаларын ОМҒТҚА электрондық деректер базасына енгізу» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


18 сәуір 2025 жыл
2025 жылдың 18 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Отан соғысы ардагерлері – ғалымдардың ерлігі архив құжаттарында» конференциясын және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларының, архив қызметкерлерінің соғысқа қатысқан ата-бабаларының құжаттары мен материалдары негізінде құжаттық көрме өткізді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz