2015 ж. 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына қол қойылған күні ҚР Президенті мұрағатында өткізілген «Архивисты и архивы Казахстана. ХХ–ХХI вв. Сборник документов и материалов» кітабының таныстырылымына ОМҒТҚМ қызметкерлері қатысты.
1953 ж. 14 желтоқсанында Қостанай облысының Қарабалық ауданының Батмановка ауылында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының табиғи ғылымдары академиясының академигі Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы туылған.
2015 жылдың 7 желтоқсанында «Ғылымның тарихи-ағартушылық бағыты» жобасы аясында ОМҒТҚМ қызметкерлері Алматы қ. № 156 орта мектептің 9 сынып оқушыларына таныстырылым экскурсиясын жүргізді.
Ағымдағы жылдың қазанында-қарашасында «Білім және мәдениет» республикалық телеарнасында үш деректі фильм көрсетілді («Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша), дайындау барысында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты құжаттары кеңінен қолданылды.
2025 жылдың 26 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырған «Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» көрмеге қатысты.
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.