Новости:

05 шілде 2022 жыл

Татарстан Республикасы Қазан қаласының мемлекеттік архивінің директоры Мусина Гульнара Рашитовнамен ОМҒТҚА архивистері А. А. Смағұлова, М. М. Бейсембаева және А. Т. Көпешов кездесу өткізді. Қазіргі таңда Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау және сатып алу бойынша өз жұмыстарын жүргізуде.


04 шілде 2022 жыл

ОМҒТҚА архивистері Т.С. Жанайдарова мен Б.Е. Смағұлов «Архив–2025» кешенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде Санкт-Петербург қаласының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Недбай Фаина Валерьевнамен кездесіп, Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау және сатып алу бойынша өз жұмыстарын жалғастыруда.


30 маусым 2022 жыл

2022 жылдың 28 маусымда ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б. Жұматаева мен архив қызметкерлері И. Әділбек пен А. Смагулова «Ғылым ордасына» барып, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қабылдинов Зиябек Ермұханұлымен кездесті.


30 маусым 2022 жыл

2022 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің конференция залында «Қазақстандағы ашаршылық. 1921–1923 жж.» жинағы жарық көрді.


27 маусым 2022 жыл

27 маусым 2022 ж Түркістан қаласы Ө. Жәнібеков атындағы № 27 ІТ мектебінің оқушылары Сламбек Нұрай, Нұрлыбек Назгүл, Аманжол Еңлік «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ қызметімен танысуға мүмкіндік алды. Архив жұмысына қызығушылық танытып, архив тарихына қызыққан жас өрендерге әр бөлімнің қызметкерлері өз жұмыстарымен таныстырып, экскурсия жүргізді.


Всего 808 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz