Новости:

20 қыркүйек 2021 жыл

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттама басқару комитетінің 2021 жылға арналған «Құжаттардың бірыңғай электронды архиві» ақпараттық жүйесінің (ҚБЭА АЖ) пайдаланушыларын оқытудың жоспар-кестесіне сәйкес Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметкерлері: М.М. Бейсембаева, Т.С. Джанайдарова, Ж.А. Каламбаева Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйек айының 20-23 аралығында оқыту жұмыстарына оффлайн-форматта қатысып жатыр.


14 қыркүйек 2021 жыл

2021 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ ұйымдастырған «Қазақстан - Халықаралық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» атты Дөңгелек үстел өткізілді.


01 қыркүйек 2021 жыл

2021 жылдың 1 қыркүйегінде ҚР ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауын республикалық теледидардан көріп тыңдады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін белгіледі.


26 тамыз 2021 жыл

2021 жылдың 26 тамызында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ қызметкерлері өте маңызды тарихи құжатқа - Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы 29 тамыздағы № 409 «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлығына қол қойылғанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстанның әлемдік экологияға қосқан тарихи үлесі» атты Дөңгелек үстелге онлайн түрде қатысты.


19 тамыз 2021 жыл

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің сараптамалық, тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті


Всего 808 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz