Новости:

04 мамыр 2021 жылы

2021 жылдың 4 мамырында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде кезекті дирекция мәжілісі өтті. Отырыста келесі сұрақ қаралды: «Білім және ғылым саласындағы мекемелерде архив ісінің ұйымдастырылу жағдайы».


29 сәуір 2021 жылы

2021 ж. 29 сәуірінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Архив қалашығының аумағын тазалау бойынша сенбілікке қатысты.


29 сәуір 2021 жылы

2021 ж. 28 сәуірінде ҚР Президентінің Архивінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында ХІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.


28 сәуір 2021 жылы

2021 жылдың 27 сәуірінде ОМҒТҚА ұжымының жалпы жиналысы өтті, аталған жиналыста архив директоры Б. А. Жұматаева қызметкерлерді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғ. Майлибаевтың төрағалығымен өткен онлайн-кеңес туралы хабардар етті. Онлайн-кеңесте тұрғындарды коронавирусқа қарсы егу және Алматы қаласының мәдени мекемелерінің жұмыс тәртібі мәселелері талқыланды.


27 сәуір 2021 жылы

2021 ж. 27 сәуірде Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғ. Майлыбаевтың төрағалығымен онлайн-мәжіліс өтті. Мәжілісте тұрғындарды вакцинациялау және Алматы қаласының мәдениет мекемелерінің жұмыс тәртібі мәселелері талқыланды.


Всего 806 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz