Новости:

13 желтоқсан 2019 жыл

2019 ж. 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Ұлттық күні - Тәуелсіздік күні қарсаңында - «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ ұжымдық жиналыс өтті.


12 желтоқсан 2019 жыл

2019 жылдың 11 желтоқсанында ОМҒТҚА қызметкерлері Ж. А. Қаламбаева мен Л. А. Ануарханова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алтын Орда империясының 750 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы мәлімдемесіне орай ҚР Мемлекеттік Орталық музейі өмірді сақтандыру ірі компаниясы «Nоmаd Life» АҚ қолдауымен «Алтын Орда – қазақ мемлекеттілігінің бесігі» атты көрмесінің ашылуына қатысты.


10 желтоқсан 2019 жыл

2019 ж. 9 желтоқсанында ОМҒТҚА қызметкерлері К. Насырова, Н. Тұрсынбек қазақ халқының Үш бәйтерегі, сталиндік зобалаңның құрбандары, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың ақиық ақыны, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ақын, жазушы, дарынды драматург Сәкен Сейфуллин мен ауызша әңгіменің хас шебері, сатрик-жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Құрбан болған тұлғалар» атты көрмесінің ашылуына қатысты.


04 желтоқсан 2019 жыл

2019 ж. 3-ші желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің кәсіподақ мекемесінің жиналысы өтті.


03 желтоқсан 2019 жыл

2019 ж. 29 қараша күні «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ ұжымы 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Алматы облысы Қарасай ауданы, Шамалған ауылында орналасқан Ұлт Көшбасшысының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына арнайы шақырумен барып мерекелік іс-шараға қатысты.


Всего 808 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz