Новости:

20 қыркүйек 2019 жыл

2019 ж. 19 қыркүйегінде ОМҒТҚА қызметкерлері Ж. Қаламбаева мен К. Скрипко Алматы қ. Ресей Федерациясының Бас консулдығында өткен «Бекен ата» қорының өкілдері ұйымдастырған «охотниками за петроглифами» атты кездесуге қатысты.


18 қыркүйек 2019 жыл

2019 ж. 18 қыркүйегінде ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Ж. Қаламбаева ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде өткен Мысыр Араб Республикасының Елшілігі, Мысырдың Алматыдағы мәдениет және білім жөніндегі орталығымен көпжылдық ынтымақтастық аясында «Мысыр қазыналары» атты көрменің ашылуына қатысты.


11 қыркүйек 2019 жыл

2019 ж. 10 қырқүйегінде Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Даңқ Залында талантты ғалым, дәрігер, Қазақстанның денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы Бақия Атшабарұлы Атшабаров туралы «Азаматтығы асқақ ғалым. Учёный. Гражданин. Патриот» атты құжаттар мен материалдар жинағының таныстырылымы өтті.


06 қыркүйек 2019 жыл

2019 жылдың 5 қыркүйегінде ҰАҚ толықтыру және ведомствалық архивтер бөлімінің қызметкерлері «Масғұт Айқымбаев атындағы карантиндік және зоонозды жұқпалар Қазақ ғылыми орталығында» ғылыми-техникалық өңдеуді жүргізу бойынша әдістемелік кеңес жұмыстарын жүргізді.


04 қыркүйек 2019 жыл

2019 ж. 3 қыркүйегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ директоры Б. А. Жұматаева архив қызметкерлерім ағымдағы жылдың 19-23 тамызында Сеулде (Корея Республикасы) Халықаралық семинар барысында алған өз әсерлері мен тәжірибесімен бөлісті.


Всего 808 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz