Новости:

09 шілде 2019 жыл

2019 ж. шілде айының 1 мен 5 аралығында «Архив-2025» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының тарихы туралы жинақтың дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне Шымкент қаласының мемлекеттік архивінің 2 маманы: директордың орынбасары Алтынкүл Кеңесқызы Сейтаева мен бас қор сақтаушысы Мира Бескемпірқызы Мырзабаева келді.


26 маусым 2019 жыл

2019 ж. 25 маусымында ОМҒТҚА ұжымның жалпы жиналысында Арыс қ. әскери қоймаларындағы оқ-дәрілердің жарылысынан зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек ретінде архив қызметкерлерінің бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылданды.


25 маусым 2019 жыл

2019 ж. 25 маусымында ОМҒТҚА қызметкерлері Алматы қ. Архив қалашығының конференц-залында өткен «Бірыңғай құжаттардың электрондық архиві» жобасының жаңартылған нұсқасының талқылауына қатысты.


21 маусым 2019 жыл

2019 жылдың 20 маусымында Нұр-Cұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтті.


20 маусым 2019 жыл

2019 жылдың 9–15 маусымы аралығында Алматы қаласында ҚР Призиденті архиві, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен ТМД елдері жас архившілеріның ІІІ жазғы мектебі өтті.


Всего 807 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz