Новости:

19 маусым 2019 жыл

2019 ж. маусым айының 17 мен 21 аралығында ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева және осы архивтің қызметкері М.Б. Шегебаев Ереван қаласында (Армения Республикасы) өтіп жатқан «Лики памяти» атты IX Халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысуда.


14 маусым 2019 жыл

2019 жылдың 14 маусымында ОМҒТҚА қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарында оқып жүрген түрлі ұйымдардың өкілдері үшін «ОМҒТҚА қор қоймаларында құжаттарды сақтау ережелері» атты тақырыптық экскурсия өткізді.


12 маусым 2019 жыл

2019 жылдың 12 маусымында Архив қалашығының конференц-залында (Алматы қ.) ОМҒТҚА ұжымы Қазақстан Республикасының сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінің тікелей трансляциясын тыңдап көрді.


11 маусым 2019 жыл

2019 жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде ТМД елдері жас архившілердің ІІІ Жазғы мектебінің ресми ашылуы өтті.


10 маусым 2019 жыл

2019 ж. 10 маусымында ОМҒТҚА қызметкерлері әуесқой-боксшы 2000 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының және 1997 және 1999 жылдардағы әлем чемпионаттарының жүлдегері, КСРО-ның спорт шебері (1988 ж.), ҚР бокстан халықаралық дәрежедегі еңбек сіңірген спорт шебері (2000), Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ермахан Сағиұлы Ыбрайымовпен ивент өткізді.


Всего 807 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz