Новости:

30 мамыр 2019 жыл

2019 жылдың 27 мамырында ОМҒТҚА қызметкерлері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті тарих факультетінің 3 курс студенттері үшін «Жеке қорлар тарихтың көрінісі» тақырыбында оқу семинар-оқу және «ОМҒТҚА қор қоймаларында құжаттардың сақтау ережелері» атты тақырыттық экскурсия өткізді.


27 мамыр 2019 жыл

2019 ж. 24 мамырында Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Даңқ Залында Қазахстан Республикасындағы Жастар жылы аясында Дүниежүзілік қалқанша безі бойынша денсаулық Күніне арналған резиденттер мен интерндердің қатысуымен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.


24 мамыр 2019 жыл

2019 ж. 23 мамыр Архив қалашығының конференц залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов «Қазақфильм» киностудиясы дайындаған «Жизнь специального назначения» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды.


21 мамыр 2019 жыл

2019 ж. 17 мамырында ОМҒТҚА қызметкерлері ҚР Мемлекеттік орталық музейі өткізген «МУЗЕЙ ТҮНІ 2019» іс-шарасына қатысты. Музей түнінің ұраны – «Жастар. Бастамалар. Жетістіктер», қазіргі жастардың бастамалары мен жаңашыл идеяларын қолдауға бағытталған.


20 мамыр 2019 жыл

2019 ж. 16 мамырында ОМҒТҚА қызметкері Ж. Қаламбаева ҚР Мемлекеттік орталық музейінде өткен суретші-график, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Фатима Таразидің «Тұран» атты жеке көркем туындылар көрмесінің ашылуына қатысты.


Всего 808 на 162 страницах по 5 каждой странице

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz