[justify]Ғылым жолына түсіп, зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғалым атанған азаматтардың бірі Абланов Әбіш Жүкенұлы – металлургия саласы бойынша техника ғылымдарының кандидаты. Қазақ КСР Ғылым Академиясы металлургия және кен байыту институтында ұзақ жылдар қызмет еткен. Қазақстан металлургия кәсіпорындарымен байланыстың нығаюына, маман кадрларды дайындауда қажырлы еңбегімен көріне білді. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абланов Әбіш Жүкенұлының жеке қоры сақталған. ОМҒТҚ архивіне Абланов Әбіш Жүкенұлының жеке құжаттары алғаш 1997 жылы Абланова Ермек Хасеновнаның өтінішімен тапсырылды. Ғылыми қызметіне қатысты құжаттары, өмірбаянына қатысты құжаттар және қорда сақталған құжаттарында сыйжазба ретіндегі басқа авторлардың журнал беттеріне шыққан мақалалары, Ә.Ж. Абланов туралы отандық баспасөзде жарияланған мақалалар, жанұялық және қызметтегі фото суреттері және ғалымның «Отражательная плавка медных руд», «Свинец дорога через века», «Қорғасын және висмут металлургиясы» сынды кітаптары сақталған. Қорда сақталған құжаттарда 1937 ж., 1942 ж., 1950 ж., 1975 жылдары өз қолымен жазған жеке өмірдерегінде 1917 жылы 5 мамырда Жетісу губерниясы Мақаншы қаласында дүниеге келгендігі жазылған (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылы). Әкесінің қазасынан кейін анасымен Семей қаласына қоныс аударып Әбіш 8 жасынан бастап 12 жасына дейін бастауыш мектепте оқыған. Отбасы жағдайына байланысты екі жыл оқи алмай араға төрт жыл салып, 1931 жылы 16 жасында Семей қаласы Қазақ педагогика институтының бір жылдық дайындық тобында 1 курс оқыды. Туған ағасы отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына қабылданатындықтан Әбіш Жүкенұлы оқуын тоқтатып зертханада жұмыс істеді. Кейіннен Алматы қаласына Қазақ металлургия тау-кен институтының екі жылдық дайындық курсын оқып институтқа емтихансыз қабылданды. 1942 жылдың наурыз айынан 1943 жылдың қаңтар айына дейін Новосібір қаласындағы № 520 әскери зауытта балқытушы, цехтың смена бастығы болып қызмет етті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еліміздің мысқа деген сұранысынан Қоңыраттағы пайдасыз кен ішіндегі жыныс рудаларын гидрометаллургиялық және кіші кен орындарындағы мыс рудаларын технологиялық өңдеуден өткізуге қатысты. Орталық мемлекеттік-техникалық құжаттама архивінде Әбіш Жүкенұлының Еңбек майданынан латын әліпбиінде жазған хатының көшірмесі сақталған. (Апа! Мәкен! Мен өзім көргенше осы кәртішкемді көріп сабыр етіңдер. Істің ақырын күтіңдер, әзірге ісім жаман емес. Әбіш 14/ІІІ – 42 ж.) Кейін Қаныш Сәтбаевтың шақыртуымен аспирантураға қабылданды. Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылғаннан кейін, кен және металлургия институтында кіші ғылыми қызметкері болып қызмет атқарып, институттың ғылыми Кеңесінде «Орталық Қазақстанның концентраттар мен мыс рудаларын жасап шығару ерекшеліктері» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын жақсы қорғап, институттың ғылыми хатшысы болып тағайындалды. Бір жыл өте Ә.Абыланов Қазақ ССР Ғылым Академиясы Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтының ұжымдық өнеркәсіп өнімдері мен концентраттарын жаңа әдістермен өңдеп шығаруды құрумен, оқып-үйрену жұмыстарын орындаушы ретінде зертханаға меңгеруші етіп ауыстырылды. Әбіш Жүкенұлының Алтайдағы металлургиялық кәсіпорындарға техникалық көмектер көрсету жөнінде қорғасын жиындыларын электр арқылы балқыту, конвертерде полиметалдық штейндерді сұйық отын беру арқылы өңдеу жұмыстары Лениногор қорғасын зауытында, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында және Ертіс мыс қорыту зауытында қолданысқа енгізілді. Партияның шақыртуымен Әбіш Жүкенұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының колхоздарының бірінің төрағасы болып сайланды. Ол артта қалған колхоздың алғаш рет ауылшаруашылық өнімдерін тапсырудан мемлекет алдындағы жоспарын орындап, жан салып істеген жұмысының жетістігін көрсете білді. 1957 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы Президиумының шешімімен Абыланов Әбіш Жүкенұлын металлургия және кен байыту институтына ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары етіп тағайындады. Осы жұмыста үздіксіз 14 жыл қызмет атқарды. Ақ түсті металдар концентратын өңдеу технологиясын жетілдіруде, полиметалдық шикізатты өңдеудегі гидрометаллургиялық үлгілерді зерттеуде үлкен үлес қосты. Институт жұмысының қарқынды дамуына, маман кадрларды дайындауда, металлургия саласында студенттерге терең білімі мен зор тәжірибесін үйретуде күш-жігерін сала еңбек етті. Алматы қаласы аудандық Кеңесінің депутаты болды. Ғалым жетпіс ғылыми еңбек, үш монография жазған. Ғылым мен металлургия саласының дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар мадақтарға ие болды. Олар: «Тың жерлерді игергені үшін », «Еңбектегі ерлігі үшін», «В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне» төсбелгілерімен және «Қажырлы еңбегі үшін» мақтау қағазымен марапатталды. Ә.Ж. Аблановтың қызы Раушан Әбішқызы Дабагян 1947 жылы 24 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институтында оқыған. Әкесінің ізімен ғылым жолын таңдап – педагогика ғылымының кандидаты атанды. Дабагян Р.Ә. әкесінің 90 жылдық мерейтойына арнап Ә.Ж. Аблановтың құжаттарын жинап көрме ұйымдастырып, конференция өткізді. 2007 жылы Раушан Әбішқызы Дабагян әкесі Әбіш Жүкенұлы Аблановтың бірқатар құжаттары мен қоса «Мыс металлургиясы» атты кітабын ОМҒТҚ архивіне табыстады. Металлургия және кен байыту институты 1 маусым 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылғаннан кейін ашылған. 1976 жылы институттың 30 жылдық торқалы тойына арналған (Исследователь – вестник молодого ученого) Зерттеуші - жас ғалым хабаршысы атты мерекелік кітапша басылып шығарылды. Кітапшада техника ғылымдарының кандидаты Әбіш Жүкенұлының металлургия және кен байыту институтында бастаған еңбек жолдары мен институттың жетістіктері туралы шағын баяндамасы жазылған. Қорытындысында жас ғалымдарға берген ақыл-кеңесі: жоғары ғылыми дәрежеге жету үшін бойыңдағы дарыннан басқа еңбекке қабілеттілігің жоғары, жинақы және тәртіп болуы керек. Біліміңді өз салаң бойынша ғана жетілдірмей қосымша әдеби кітап, идеологиялық және теоретикалық деңгейдегі әдебиеттерді оқу керек. Ғылыми зерттеулердің барлығы жалғыз адамның күшімен бітпейді. Жұмысты көпшілік болып ұжымдасып, жолдастарыңызбен бірлесіп істеуге дағдыланған жөн. Таңдаған мамандықтарыңыз бойынша сол салада тұрақты еңбек етіңіздер. Терең білім мен жұмысқа төселу өз орнымен біртіндеп қалыптасады. Ғылым жолындағы тазалықыты сақтап адал болыңыздар, - деп жүрекке жетер сөзін айтқан.[/justify] [right] ОМҒТҚА жоғары деңгейлі білікті маман архивисі Ануарханова Лаура Ануарханқызы[/right] [center]Абланов Әбіш Жүкенұлының ОМҒТҚ архиві қорында сақталған құжаттарының көшірмесі және фото суреттері:[/center] [justify]Майданнан жолдаған хаты 1942 жыл[/justify] [img=left w=400]uploads/gallery_ntddoc/13122017_1.jpg[/img] [center]1937 жылы өз қолымен жазған өмірдерегі[/center] [img=left w=400]uploads/gallery_ntddoc/13122017_2.jpg[/img] [center]Қызметте. Өскемен қаласы 1949 жыл[/center] [img=left w=400]uploads/gallery_ntddoc/13122017_3.jpg[/img] [center]1 мамыр мерекелік шеруі. 1954 жыл. Өскемен қаласы[/center] [img=left w=400]uploads/gallery_ntddoc/13122017_4.jpg[/img]

Ғылым жолына түсіп, зерттеу жұмыстарымен айналысып, ғалым атанған азаматтардың бірі Абланов Әбіш Жүкенұлы – металлургия саласы бойынша техника ғылымдарының кандидаты. Қазақ КСР Ғылым Академиясы металлургия және кен байыту институтында ұзақ жылдар қызмет еткен. Қазақстан металлургия кәсіпорындарымен байланыстың нығаюына, маман кадрларды дайындауда қажырлы еңбегімен көріне білді.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Абланов Әбіш Жүкенұлының жеке қоры сақталған. ОМҒТҚ архивіне Абланов Әбіш Жүкенұлының жеке құжаттары алғаш 1997 жылы Абланова Ермек Хасеновнаның өтінішімен тапсырылды.
Ғылыми қызметіне қатысты құжаттары, өмірбаянына қатысты құжаттар және қорда сақталған құжаттарында сыйжазба ретіндегі басқа авторлардың журнал беттеріне шыққан мақалалары, Ә.Ж. Абланов туралы отандық баспасөзде жарияланған мақалалар, жанұялық және қызметтегі фото суреттері және ғалымның «Отражательная плавка медных руд», «Свинец дорога через века», «Қорғасын және висмут металлургиясы» сынды кітаптары сақталған.
Қорда сақталған құжаттарда 1937 ж., 1942 ж., 1950 ж., 1975 жылдары өз қолымен жазған жеке өмірдерегінде 1917 жылы 5 мамырда Жетісу губерниясы Мақаншы қаласында дүниеге келгендігі жазылған (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылы). Әкесінің қазасынан кейін анасымен Семей қаласына қоныс аударып Әбіш 8 жасынан бастап 12 жасына дейін бастауыш мектепте оқыған. Отбасы жағдайына байланысты екі жыл оқи алмай араға төрт жыл салып, 1931 жылы 16 жасында Семей қаласы Қазақ педагогика институтының бір жылдық дайындық тобында 1 курс оқыды. Туған ағасы отан алдындағы борышын өтеуге әскер қатарына қабылданатындықтан Әбіш Жүкенұлы оқуын тоқтатып зертханада жұмыс істеді. Кейіннен Алматы қаласына Қазақ металлургия тау-кен институтының екі жылдық дайындық курсын оқып институтқа емтихансыз қабылданды. 1942 жылдың наурыз айынан 1943 жылдың қаңтар айына дейін Новосібір қаласындағы № 520 әскери зауытта балқытушы, цехтың смена бастығы болып қызмет етті. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еліміздің мысқа деген сұранысынан Қоңыраттағы пайдасыз кен ішіндегі жыныс рудаларын гидрометаллургиялық және кіші кен орындарындағы мыс рудаларын технологиялық өңдеуден өткізуге қатысты.
Орталық мемлекеттік-техникалық құжаттама архивінде Әбіш Жүкенұлының Еңбек майданынан латын әліпбиінде жазған хатының көшірмесі сақталған. (Апа! Мәкен! Мен өзім көргенше осы кәртішкемді көріп сабыр етіңдер. Істің ақырын күтіңдер, әзірге ісім жаман емес. Әбіш 14/ІІІ – 42 ж.) Кейін Қаныш Сәтбаевтың шақыртуымен аспирантураға қабылданды.
Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылғаннан кейін, кен және металлургия институтында кіші ғылыми қызметкері болып қызмет атқарып, институттың ғылыми Кеңесінде «Орталық Қазақстанның концентраттар мен мыс рудаларын жасап шығару ерекшеліктері» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын жақсы қорғап, институттың ғылыми хатшысы болып тағайындалды. Бір жыл өте Ә.Абыланов Қазақ ССР Ғылым Академиясы Алтай тау-кен металлургия ғылыми-зерттеу институтының ұжымдық өнеркәсіп өнімдері мен концентраттарын жаңа әдістермен өңдеп шығаруды құрумен, оқып-үйрену жұмыстарын орындаушы ретінде зертханаға меңгеруші етіп ауыстырылды.
Әбіш Жүкенұлының Алтайдағы металлургиялық кәсіпорындарға техникалық көмектер көрсету жөнінде қорғасын жиындыларын электр арқылы балқыту, конвертерде полиметалдық штейндерді сұйық отын беру арқылы өңдеу жұмыстары Лениногор қорғасын зауытында, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында және Ертіс мыс қорыту зауытында қолданысқа енгізілді.
Партияның шақыртуымен Әбіш Жүкенұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының колхоздарының бірінің төрағасы болып сайланды. Ол артта қалған колхоздың алғаш рет ауылшаруашылық өнімдерін тапсырудан мемлекет алдындағы жоспарын орындап, жан салып істеген жұмысының жетістігін көрсете білді.
1957 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы Президиумының шешімімен Абыланов Әбіш Жүкенұлын металлургия және кен байыту институтына ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары етіп тағайындады. Осы жұмыста үздіксіз 14 жыл қызмет атқарды. Ақ түсті металдар концентратын өңдеу технологиясын жетілдіруде, полиметалдық шикізатты өңдеудегі гидрометаллургиялық үлгілерді зерттеуде үлкен үлес қосты. Институт жұмысының қарқынды дамуына, маман кадрларды дайындауда, металлургия саласында студенттерге терең білімі мен зор тәжірибесін үйретуде күш-жігерін сала еңбек етті. Алматы қаласы аудандық Кеңесінің депутаты болды.
Ғалым жетпіс ғылыми еңбек, үш монография жазған. Ғылым мен металлургия саласының дамуына үлес қосқаны үшін бірқатар мадақтарға ие болды. Олар: «Тың жерлерді игергені үшін », «Еңбектегі ерлігі үшін», «В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне» төсбелгілерімен және «Қажырлы еңбегі үшін» мақтау қағазымен марапатталды.
Ә.Ж. Аблановтың қызы Раушан Әбішқызы Дабагян 1947 жылы 24 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институтында оқыған. Әкесінің ізімен ғылым жолын таңдап – педагогика ғылымының кандидаты атанды. Дабагян Р.Ә. әкесінің 90 жылдық мерейтойына арнап Ә.Ж. Аблановтың құжаттарын жинап көрме ұйымдастырып, конференция өткізді.
2007 жылы Раушан Әбішқызы Дабагян әкесі Әбіш Жүкенұлы Аблановтың бірқатар құжаттары мен қоса «Мыс металлургиясы» атты кітабын ОМҒТҚ архивіне табыстады.
Металлургия және кен байыту институты 1 маусым 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылғаннан кейін ашылған. 1976 жылы институттың 30 жылдық торқалы тойына арналған (Исследователь – вестник молодого ученого) Зерттеуші - жас ғалым хабаршысы атты мерекелік кітапша басылып шығарылды. Кітапшада техника ғылымдарының кандидаты Әбіш Жүкенұлының металлургия және кен байыту институтында бастаған еңбек жолдары мен институттың жетістіктері туралы шағын баяндамасы жазылған.
Қорытындысында жас ғалымдарға берген ақыл-кеңесі: жоғары ғылыми дәрежеге жету үшін бойыңдағы дарыннан басқа еңбекке қабілеттілігің жоғары, жинақы және тәртіп болуы керек. Біліміңді өз салаң бойынша ғана жетілдірмей қосымша әдеби кітап, идеологиялық және теоретикалық деңгейдегі әдебиеттерді оқу керек.
Ғылыми зерттеулердің барлығы жалғыз адамның күшімен бітпейді. Жұмысты көпшілік болып ұжымдасып, жолдастарыңызбен бірлесіп істеуге дағдыланған жөн. Таңдаған мамандықтарыңыз бойынша сол салада тұрақты еңбек етіңіздер. Терең білім мен жұмысқа төселу өз орнымен біртіндеп қалыптасады. Ғылым жолындағы тазалықыты сақтап адал болыңыздар, - деп жүрекке жетер сөзін айтқан.
ОМҒТҚА жоғары деңгейлі білікті маман архивисі
Ануарханова Лаура Ануарханқызы

Абланов Әбіш Жүкенұлының ОМҒТҚ архиві қорында сақталған құжаттарының көшірмесі және фото суреттері:

Майданнан жолдаған хаты 1942 жыл




























1937 жылы өз қолымен жазған өмірдерегі
































Қызметте. Өскемен қаласы 1949 жыл

















1 мамыр мерекелік шеруі. 1954 жыл. Өскемен қаласы

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz