[justify]1941 жылдың 21 маусымында Кеңес Үкіметінде жаздың мамыражай жайма шуақ уақытында жұрт тәтті ұйқыда жатқанда, Фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады. Дүниежүзін басып алмақшы болған ниетпен Адольф Гитлер бассыздық танытып, халыққа қорлық, зорлық – зомбылық көрсете бастады. Осындай қанды майданға менің де анамның әкесінің әкесі және туған бауыры, аталарым осы Ұлы Отан соғысының алғашқы әскерлері болған. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті совхозының тумалары. Ағайынды Күмпейісов Қоңырбай Әбілмәжінұлы 1908 жылы туған және інісі Күмпейісов Қасымхан Әбілмәжінұлы 1914 жылы дүниеге келген. 1941 жылы соғыс бастала салысымен қазақ жерінен қолына қару ұстауға жарағандардың барлығы Ұлы Отан соғысына аттанды. Аталарымызды бірден әскер қатарына шақыртып, жаяу әскерлер қатарына жібереді. Атам Күмпейісов Қоңырбай жаяу әскер қатарына алынып, күннің ыстығына күйіп, суығына тоңып, тілерсегінен су кешіп қанды майданның қызуында жүріп Мәскеуге дейін қыстың қаһарлы суығында борандатып, жаздың аптап ыстығына төзіп, көктем мен күз айларында сіркіреген селде жауындатып, бауырымен мұз жастанып, жер бауырлап қару, шинель, рюкзак асынып, шылғауларын (портянка) орап, керзі етіктерін сүйретіп Мәскеу түбіндегі ұрыстан аман – есен шығып, Волоколамск түбіне дейін жетеді. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген. Тізесінен саз, тобығынан қан кешкен атам көз алды қарауытып, екі құлағын екі сұқ саусағымен басып ажалдың не екенін анық сезініп те көріпті. Міне қазір өлемін деп есінен тана құлаған атам, ішім өртеніп кетті қолымды қан жауып, маңайым зуылдаған зеңбіректердің дауысына тұнып не болғанын ұқпай кеттім, сүйтіп Берлиннің түбіне жақындағанда бір қол, бір аяғынан ауыр жараланып елге оралдым, деп әңгімесін айтатын. Кейін «Мәскеуді азат еткені үшін» - төс белгісімен марапатталды. Кіші атам Күмпейісов Қасымханды әскери борышын өтеуге жолдайды. Сол жерден қанды қырғынның дәл ортасына Кеңес – Фин – Жапон соғысына апарады. Көптеген елдерді жаяу басып өтіп, неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты. Лаулаған өрттің ортасында жүріп жаяулатып, қан кешіп, Кенигсбергтің түбіне дейін жетеді. Соғыс өрті басылып, ел шеті тынышталған шақтарда соғыстан кейінгі қираған орындарды қалпына келтіру жұмыстарына араласып, елге 1948 жылы оралды. І – ші дәрежелі «Даңқ» - ордені және «Кенигсберг қаласын азат еткені үшін» төс белгісі иегері атанды. Соғыстан аман оралғаннан кейін екеуі қазіргі Зайсан ауданы, Шілікті ауылында қой шаруашылығында үзбей еңбек атқарды. Аталарымды Кеңес Үкіметі кезінде мектеп оқушылары жиі – жиі кездесулерге шақырып, сұрақтың астына алып, майдандағы ерліктеріне тәнті болған. Аталарым жаумен жан беріспей шайқасқа түскендерін, қандай қиындықтарға кездескендерін, төзімділіктерін жан тебіренте әңгімелеп берген екен. Екеуі кейіннен Ұлы Жеңістің айтулы даталарына арналған төс белгілеріне ие болды. Туған жердің төсінде еліміз үшін еңбек етіп, бейбіт өмірдің дәмін татты. Үлкен атам 1986 жылдың 10 сәуірінде дүниеден өтті. Ол кезде мен 10 жаста едім. Кіші атам 1995 жылы 20 желтоқсанда немерелерін көріп дүние салды. Сонымен қатар апамның туған ағасы 1922 ж. дүниеге келген Омаров Тұрысбек Омарұлы Украина майданына жасақталған бригаданың құрамында болып пулемет тізгінін қолға алады. Отан соғысында туған отты сөздердің бірі «Пулемет қонысын талғайды, автомат адамын таңдайды» деп, соғыста жүріп, көптеген қиыншылықтардан мойымай пулемет оғын жауға қарата боратып, талай фашистерді жер жастандырады. «Өжет адам, өлімді жеңеді» дегендей 1942 жылы қан майданда сұрапыл соғыстың ортасында минаның жарықшағы көзіне тиіп, қос жанарынан айырылып, зағип болып елге оралған. І – ші топтағы мүгедек атанды. І – ші дәрежелі – «Даңқ» ордені және «Ерлігі үшін » төс белгісінің иегері атанды. «Мен Отанды қорғау үшін Қазақстан деген елден келдім. Сен үшін кеудемнен шыбын жаным шыққанша күресемін. Өлсем, адамзатты қандықол фашист қарақшыларынан қорғап өлермін!», – деп кеуделерін оққа тосып «Отан үшін алға!»,- деп атой салып жан – жақтан жауған оқтан да сескенбеді. Бауыржан атамыз «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындықтың белгісі!», - деп шегелеп айтқан. Жауыздардың шегірткедей қаптаған танкілерінен біздің боздақтар сескенбеді. Жер-ананы, көк аспанды жалын шарпыған заманда халқына қалқан бола білді. Жүректеріне қайсарлық орнаған батырлардың ойында, арманында бір-ақ нәрсе болды. Ол: «Алға! Алға! Жеңіс!» . «Күзетте қалғып көзің ілінсе, жаудың қарамағына өзің ілінесің», - деп түн баласы ұйықтамай, кезекпен күзетті алмастырып тұрған. Иә, сонау қырықыншы жылдары сұрапыл соғыста көзсіз ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың, ата-әжелеріміздің арқасында қол жеткізген «Ұлы Жеңіске 73 жыл» толады. Ел басына қиын – қыстау іс түскенде ер-азаматтарымыз туған жердің топырағын жат жұртқа бермеу үшін күресе білді. Жеңіс үшін күрес тек соғыс шептерінде ғана емес, сондай-ақ, қалалар мен ауылдарда да болып жатты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ тыл еңбеккерлері елде қалған шиттей балалар мен қариялар қол қусырып қарап отыра алмады. Буыны бекіген баладан еңкейген кәріге дейін небір ауыр жұмыстарды атқарды. Ауылдың барлық тірлігі мойындарына түскен халық таң алабозынан күн батқанға дейін мойымай еңбек етті. Әрине, балалар балалық шақтың бал дәмін де татпады. Қабырғалары қайысып, аналарымен бірге үлкен адамдардай жұмыс атқарды. Апам және анамның әжесі мен атасы осы тылдағы жұмыстардың ауыр азабына шыдаған адамдар. Анамның атасы Қалиянов Дүйсен ата жастай Барнаул қаласында танк зауытында жұмыс істеген екен. Дүрілдеген станоктардың басында тұрып, темір жонып танкке қажетті құралдарды даярлап берген. Әйел – Ана, бала - шаға демей таң атар – атпастан алакеуімінен тұрып, орақпен егін орып оны баулап, өгіз арбаға тиеп, егінді соғып алып, қол диірменіне салып ұн тартып, майданды нанмен қамтамасыз етті. Қолдарында бар малдарды бағып ет, сүт, май, ірімшік, құрттарын жасап майданға жіберіп отырды. Әжелеріміз жүн түтіп, жіп иіріп, қысқыға жылы биялай, шұлық тоқып майданға аттандырды. Апам Тұзақбаева Қайнышбек 1926 жылы дүниеге келген 15 жасында еңбек майданында мал және егін шаруашылығымен айналысып буыны бекіді. Көктем шыға өгіз соқамен жер жыртып, жыртылған жерге етектеріне тұқым толтырып алып қолмен сеуіп шыққан. Егін көтеріле белуарларынан саз кешіп суды бойлай әрбір арықтың бойымен жүгіріп қолмен суғарған. Арасында мал төлдетіп, жем-шөбін даярлап, жүнін қырқып, сиыр, қой, ешкілерді сауып май зауытына өткізген. Апам «Тылда көрсеткен еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды. Анамның әжесі Рақымжанова Биғайша 1916 ж. дүниеге келген. Әже қазіргі Зайсан ауданы Шілікті ауылында Май зауытында тынбай еңбек етті. Ауылда қалған әйел, бала-шаға үйлеріндегі бар малдарының сүтін осы зауытқа өткізді. Өйткені майданға сүт тағамдарын міндетті түрде жіберу керек болды. Майдандағы азаматтардың тоқ жүруіне, әл жинауына кішкентай да болсын қосқан үлесіміз деп есептеді. «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!» - деген мақсатта қызмет етті. Соғыс өрті тұтанған жылдарда күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеген. «Ерлік түбі - береке»,- деп, сол бірліктің арқасында 15 мемлекеттің, әр түрлі ұлттың бауырмалдығы мен татулығы, бір үйдің баласындай болған сүттей ұйыған берекелігінің арқасында 5 жылға созылған сұрапыл соғыстың тізгінін тоқтатып, бүкіл дүние жүзін жаяу шарлап, қару асынған жас қыздар мен жігіттердің арқасында бейбіт өмірге қол жеткіздік. Неміс басқыншыларының аяусыз ойрандаған жерлерін көздерімен көрген аталарымыз еліміздің тыныштығын сақтау үшін аямай жанын қиған. Қаһарман жауынгерлер, барлық ірі шайқастарға қатысып, халықтарды фашистерден азат етті. Тыл ардагерлері өзінің ерен еңбегімен Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Қан майданда жүріп жауынгерлік ерлік танытқан аталарымның, жастай қабырғалары қайысып тылда еңбек майданында өз үлестерін қосқан ата, әжелерімнің ерліктерін ести отырып патриоттық рухымызды шыңдап еліміздің ертеңі, Отанымыздың болашақ қорғаны болатын жас жеткіншектер көп болады,- деп сенім білдіремін. Майдангер қарттарымыздың қатары сиреп барады. Өкінішке орай атаусыз, жұмбақ күйінде қалғандары қаншама десеңші. Біз сол сұрапыл соғыс жылдары туралы тарихты оқыдық, теледидардағы киноларды көрдік. Атам Қоңырбайдың оң жақ қолында үш жерден тыртық болғаны есімде. Ата қолыңызға не болған? - деген сұрағыма, атам: «Балам ол сұм соғыстың зардабы, өшпес ізі ғой», - деп жауап беруші еді. Қазіргі уақытта Зайсан ауданы тарихта белгілі алтын адам шыққан тарихи елді мекеннің бірі Шілікті ауылында тұратын әкем Күмпейісов Әнуархан Қоңырбайұлы мен анам Күмпейісова Айдүрия Тәубағалиқызының айтуы бойынша жазылып алынған көп естеліктер біздің балаларымызға тарихи мағлұмат іспеттес. Біз ғой бақытты ұрпақпыз! Намыстан жаралған, рухы биік аталарымыз бен әкелеріміздің көзін көріп, үлгі тұтып өстік. Есімізде әрбір 9 мамырда аталып өтілетін, жастарға айбын сыйлайтын мерекелік шерулер. Ардагерлермен кездесулер өткізіп, сол қан майдандағы жауынгерлердің қаны мен боялған алқызыл галстуктерді мойындарына байлаудың өзі біз үшін үлкен мәртебе еді ғой. Бізге мақтаныш пен әңгімелеп, қазіргі таңда қатары сиреп бара жатқан қарт ардагерлерді құрметтеуді үйретеді. Мен ата, апаларымды көргеніме қуанамын. Апам Қайнышбек тыл ардагері. Мен ол кісінің қолында өстім. Осы өмірге дейін жетіп, немере, шөберелерін көрген апам да бақытты адам деп ойлаймын. 2012 жылдың 1-ші мамырында дүниеден озды. Бала-шағаларының ортасында 86 жыл өмір сүрді. Сол сұрапыл уақыттағы ата-әжелеріміз яғни жас қыздар мен жігіттердің Отан алдындағы патриоттық сезімдері мен қаһарман қайраткерлігі, ержүрек өжеттілігі, қайсар төзімділігі, рухани тазалығы, елін, жерін сүюдегі шексіз махаббаты бізге ұмытылмастай үлгі боларлық асыл қасиеттер. Біздің жарқын да бейбіт болашақта өмір сүруіміз үшін қан майданды бастан кешірген. Өздеріңізге әрдайым тағызым етеміз! [/justify] [center][b]Ерліктеріңіз мәңгілік ел есінде қалады![/b][/center] [left]ОМҒТҚА жоғарғы білікті архивист маман Ануарханова Лаура Ануарханқызы[/left]

1941 жылдың 21 маусымында Кеңес Үкіметінде жаздың мамыражай жайма шуақ уақытында жұрт тәтті ұйқыда жатқанда, Фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады.
Дүниежүзін басып алмақшы болған ниетпен Адольф Гитлер бассыздық танытып, халыққа қорлық, зорлық – зомбылық көрсете бастады. Осындай қанды майданға менің де анамның әкесінің әкесі және туған бауыры, аталарым осы Ұлы Отан соғысының алғашқы әскерлері болған. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті совхозының тумалары. Ағайынды Күмпейісов Қоңырбай Әбілмәжінұлы 1908 жылы туған және інісі Күмпейісов Қасымхан Әбілмәжінұлы 1914 жылы дүниеге келген.
1941 жылы соғыс бастала салысымен қазақ жерінен қолына қару ұстауға жарағандардың барлығы Ұлы Отан соғысына аттанды. Аталарымызды бірден әскер қатарына шақыртып, жаяу әскерлер қатарына жібереді. Атам Күмпейісов Қоңырбай жаяу әскер қатарына алынып, күннің ыстығына күйіп, суығына тоңып, тілерсегінен су кешіп қанды майданның қызуында жүріп Мәскеуге дейін қыстың қаһарлы суығында борандатып, жаздың аптап ыстығына төзіп, көктем мен күз айларында сіркіреген селде жауындатып, бауырымен мұз жастанып, жер бауырлап қару, шинель, рюкзак асынып, шылғауларын (портянка) орап, керзі етіктерін сүйретіп Мәскеу түбіндегі ұрыстан аман – есен шығып, Волоколамск түбіне дейін жетеді. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген. Тізесінен саз, тобығынан қан кешкен атам көз алды қарауытып, екі құлағын екі сұқ саусағымен басып ажалдың не екенін анық сезініп те көріпті. Міне қазір өлемін деп есінен тана құлаған атам, ішім өртеніп кетті қолымды қан жауып, маңайым зуылдаған зеңбіректердің дауысына тұнып не болғанын ұқпай кеттім, сүйтіп Берлиннің түбіне жақындағанда бір қол, бір аяғынан ауыр жараланып елге оралдым, деп әңгімесін айтатын. Кейін «Мәскеуді азат еткені үшін» - төс белгісімен марапатталды.
Кіші атам Күмпейісов Қасымханды әскери борышын өтеуге жолдайды. Сол жерден қанды қырғынның дәл ортасына Кеңес – Фин – Жапон соғысына апарады. Көптеген елдерді жаяу басып өтіп, неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты. Лаулаған өрттің ортасында жүріп жаяулатып, қан кешіп, Кенигсбергтің түбіне дейін жетеді. Соғыс өрті басылып, ел шеті тынышталған шақтарда соғыстан кейінгі қираған орындарды қалпына келтіру жұмыстарына араласып, елге 1948 жылы оралды. І – ші дәрежелі «Даңқ» - ордені және «Кенигсберг қаласын азат еткені үшін» төс белгісі иегері атанды. Соғыстан аман оралғаннан кейін екеуі қазіргі Зайсан ауданы, Шілікті ауылында қой шаруашылығында үзбей еңбек атқарды.
Аталарымды Кеңес Үкіметі кезінде мектеп оқушылары жиі – жиі кездесулерге шақырып, сұрақтың астына алып, майдандағы ерліктеріне тәнті болған. Аталарым жаумен жан беріспей шайқасқа түскендерін, қандай қиындықтарға кездескендерін, төзімділіктерін жан тебіренте әңгімелеп берген екен.
Екеуі кейіннен Ұлы Жеңістің айтулы даталарына арналған төс белгілеріне ие болды. Туған жердің төсінде еліміз үшін еңбек етіп, бейбіт өмірдің дәмін татты. Үлкен атам 1986 жылдың 10 сәуірінде дүниеден өтті. Ол кезде мен 10 жаста едім. Кіші атам 1995 жылы 20 желтоқсанда немерелерін көріп дүние салды.
Сонымен қатар апамның туған ағасы 1922 ж. дүниеге келген Омаров Тұрысбек Омарұлы Украина майданына жасақталған бригаданың құрамында болып пулемет тізгінін қолға алады. Отан соғысында туған отты сөздердің бірі «Пулемет қонысын талғайды, автомат адамын таңдайды» деп, соғыста жүріп, көптеген қиыншылықтардан мойымай пулемет оғын жауға қарата боратып, талай фашистерді жер жастандырады. «Өжет адам, өлімді жеңеді» дегендей 1942 жылы қан майданда сұрапыл соғыстың ортасында минаның жарықшағы көзіне тиіп, қос жанарынан айырылып, зағип болып елге оралған. І – ші топтағы мүгедек атанды. І – ші дәрежелі – «Даңқ» ордені және «Ерлігі үшін » төс белгісінің иегері атанды.
«Мен Отанды қорғау үшін Қазақстан деген елден келдім. Сен үшін кеудемнен шыбын жаным шыққанша күресемін. Өлсем, адамзатты қандықол фашист қарақшыларынан қорғап өлермін!», – деп кеуделерін оққа тосып «Отан үшін алға!»,- деп атой салып жан – жақтан жауған оқтан да сескенбеді. Бауыржан атамыз «Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу- сатқындықтың белгісі!», - деп шегелеп айтқан. Жауыздардың шегірткедей қаптаған танкілерінен біздің боздақтар сескенбеді. Жер-ананы, көк аспанды жалын шарпыған заманда халқына қалқан бола білді. Жүректеріне қайсарлық орнаған батырлардың ойында, арманында бір-ақ нәрсе болды. Ол: «Алға! Алға! Жеңіс!» .
«Күзетте қалғып көзің ілінсе, жаудың қарамағына өзің ілінесің», - деп түн баласы ұйықтамай, кезекпен күзетті алмастырып тұрған. Иә, сонау қырықыншы жылдары сұрапыл соғыста көзсіз ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың, ата-әжелеріміздің арқасында қол жеткізген «Ұлы Жеңіске 73 жыл» толады.
Ел басына қиын – қыстау іс түскенде ер-азаматтарымыз туған жердің топырағын жат жұртқа бермеу үшін күресе білді. Жеңіс үшін күрес тек соғыс шептерінде ғана емес, сондай-ақ, қалалар мен ауылдарда да болып жатты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ тыл еңбеккерлері елде қалған шиттей балалар мен қариялар қол қусырып қарап отыра алмады. Буыны бекіген баладан еңкейген кәріге дейін небір ауыр жұмыстарды атқарды. Ауылдың барлық тірлігі мойындарына түскен халық таң алабозынан күн батқанға дейін мойымай еңбек етті. Әрине, балалар балалық шақтың бал дәмін де татпады. Қабырғалары қайысып, аналарымен бірге үлкен адамдардай жұмыс атқарды. Апам және анамның әжесі мен атасы осы тылдағы жұмыстардың ауыр азабына шыдаған адамдар. Анамның атасы Қалиянов Дүйсен ата жастай Барнаул қаласында танк зауытында жұмыс істеген екен. Дүрілдеген станоктардың басында тұрып, темір жонып танкке қажетті құралдарды даярлап берген.
Әйел – Ана, бала - шаға демей таң атар – атпастан алакеуімінен тұрып, орақпен егін орып оны баулап, өгіз арбаға тиеп, егінді соғып алып, қол диірменіне салып ұн тартып, майданды нанмен қамтамасыз етті. Қолдарында бар малдарды бағып ет, сүт, май, ірімшік, құрттарын жасап майданға жіберіп отырды. Әжелеріміз жүн түтіп, жіп иіріп, қысқыға жылы биялай, шұлық тоқып майданға аттандырды. Апам Тұзақбаева Қайнышбек 1926 жылы дүниеге келген 15 жасында еңбек майданында мал және егін шаруашылығымен айналысып буыны бекіді. Көктем шыға өгіз соқамен жер жыртып, жыртылған жерге етектеріне тұқым толтырып алып қолмен сеуіп шыққан. Егін көтеріле белуарларынан саз кешіп суды бойлай әрбір арықтың бойымен жүгіріп қолмен суғарған. Арасында мал төлдетіп, жем-шөбін даярлап, жүнін қырқып, сиыр, қой, ешкілерді сауып май зауытына өткізген. Апам «Тылда көрсеткен еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Анамның әжесі Рақымжанова Биғайша 1916 ж. дүниеге келген. Әже қазіргі Зайсан ауданы Шілікті ауылында Май зауытында тынбай еңбек етті. Ауылда қалған әйел, бала-шаға үйлеріндегі бар малдарының сүтін осы зауытқа өткізді. Өйткені майданға сүт тағамдарын міндетті түрде жіберу керек болды. Майдандағы азаматтардың тоқ жүруіне, әл жинауына кішкентай да болсын қосқан үлесіміз деп есептеді. «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін!» - деген мақсатта қызмет етті.
Соғыс өрті тұтанған жылдарда күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеген. «Ерлік түбі - береке»,- деп, сол бірліктің арқасында 15 мемлекеттің, әр түрлі ұлттың бауырмалдығы мен татулығы, бір үйдің баласындай болған сүттей ұйыған берекелігінің арқасында 5 жылға созылған сұрапыл соғыстың тізгінін тоқтатып, бүкіл дүние жүзін жаяу шарлап, қару асынған жас қыздар мен жігіттердің арқасында бейбіт өмірге қол жеткіздік.
Неміс басқыншыларының аяусыз ойрандаған жерлерін көздерімен көрген аталарымыз еліміздің тыныштығын сақтау үшін аямай жанын қиған.
Қаһарман жауынгерлер, барлық ірі шайқастарға қатысып, халықтарды фашистерден азат етті. Тыл ардагерлері өзінің ерен еңбегімен Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты.
Қан майданда жүріп жауынгерлік ерлік танытқан аталарымның, жастай қабырғалары қайысып тылда еңбек майданында өз үлестерін қосқан ата, әжелерімнің ерліктерін ести отырып патриоттық рухымызды шыңдап еліміздің ертеңі, Отанымыздың болашақ қорғаны болатын жас жеткіншектер көп болады,- деп сенім білдіремін. Майдангер қарттарымыздың қатары сиреп барады. Өкінішке орай атаусыз, жұмбақ күйінде қалғандары қаншама десеңші.
Біз сол сұрапыл соғыс жылдары туралы тарихты оқыдық, теледидардағы киноларды көрдік.
Атам Қоңырбайдың оң жақ қолында үш жерден тыртық болғаны есімде. Ата қолыңызға не болған? - деген сұрағыма, атам: «Балам ол сұм соғыстың зардабы, өшпес ізі ғой», - деп жауап беруші еді.
Қазіргі уақытта Зайсан ауданы тарихта белгілі алтын адам шыққан тарихи елді мекеннің бірі Шілікті ауылында тұратын әкем Күмпейісов Әнуархан Қоңырбайұлы мен анам Күмпейісова Айдүрия Тәубағалиқызының айтуы бойынша жазылып алынған көп естеліктер біздің балаларымызға тарихи мағлұмат іспеттес. Біз ғой бақытты ұрпақпыз! Намыстан жаралған, рухы биік аталарымыз бен әкелеріміздің көзін көріп, үлгі тұтып өстік. Есімізде әрбір 9 мамырда аталып өтілетін, жастарға айбын сыйлайтын мерекелік шерулер. Ардагерлермен кездесулер өткізіп, сол қан майдандағы жауынгерлердің қаны мен боялған алқызыл галстуктерді мойындарына байлаудың өзі біз үшін үлкен мәртебе еді ғой. Бізге мақтаныш пен әңгімелеп, қазіргі таңда қатары сиреп бара жатқан қарт ардагерлерді құрметтеуді үйретеді. Мен ата, апаларымды көргеніме қуанамын. Апам Қайнышбек тыл ардагері. Мен ол кісінің қолында өстім. Осы өмірге дейін жетіп, немере, шөберелерін көрген апам да бақытты адам деп ойлаймын. 2012 жылдың 1-ші мамырында дүниеден озды. Бала-шағаларының ортасында 86 жыл өмір сүрді. Сол сұрапыл уақыттағы ата-әжелеріміз яғни жас қыздар мен жігіттердің Отан алдындағы патриоттық сезімдері мен қаһарман қайраткерлігі, ержүрек өжеттілігі, қайсар төзімділігі, рухани тазалығы, елін, жерін сүюдегі шексіз махаббаты бізге ұмытылмастай үлгі боларлық асыл қасиеттер. Біздің жарқын да бейбіт болашақта өмір сүруіміз үшін қан майданды бастан кешірген. Өздеріңізге әрдайым тағызым етеміз!
Ерліктеріңіз мәңгілік ел есінде қалады!



ОМҒТҚА жоғарғы білікті архивист маман
Ануарханова Лаура Ануарханқызы

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz