[justify]Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві еліміздіңғылымын өркендету мақсатында еңбегін сіңірген экономика ғылымдарының докторы Қалиев Ғани Әлімұлының ғылыми қызметіне байланысты, ғалым туралы, 56 жылдық сырға толған құжаттарын өмірбаяны мен жұмыстарын 1999 жылы мемлекеттік сақтауға алды. 1962 жылдан бастап 2000 жылдараралығын қамтитын құжаттарына № 136қор нөмірі беріліп, Ғани Әлімұлының 240 сақтау бірлігін құрайтын жеке тектік қоры архив қоймасында сақталуда. Қорда ғылыми еңбектері, қызметтік, депутаттық қызметіне байланысты және өмірбаян құжаттары, жеке құжаттары, фотоқұжаттары, Ғани мырза туралы жазылған мақалалар сонымен қатар қорқұрушының жинақтаған құжаттары бар. Ғалым өз еңбегінің жемісі мен жеңісінмақалалар мен баяндамалар арқылы баспасөз беттеріне жариялап, ғылыми кітаптар жазып отырған. Ғани Әлімұлы өзшығармашылықтарымен қатар ауылшаруашылық ғылымына көптеген тың жаңалықтар әкелген. Өзінің ғылыми қызметіне арналған 6кітап жазған, ауыл шаруашылығы өндірісін кооперациялау және қой проблемалары, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру бойынша 10-ғажуық әдістемелік ұсынымдар шығарды, Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу жағдайында кооперативтер ұйымдастыру, ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу жолында көп еңбек сіңірді. Халықаралық симпозиумдарда ғылыми және экономикалық байланыстар мен агроөнеркәсіпті дамыту жүйесіндегі проблемалар туралы материалдарымен таныстырып, баяндама жасады. ҚазКСР-ніңеңбек сіңірген ғылым қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ВАСХНИЛД-ің толық мүшесі, академик, Қазақстанның ғалымдары арасында ұйымдастырушылығымен, дарындылығыменерекшеленді. Қалиев Ғани Әлімұлы 19 шілде 1938 ж. Жамбыл облысы, Шуауданы, Белбасар ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Архивте сақталған қызықтыдеректердің бірінде Ғани Әлімұлы Оңтүстік Қазақстанды Қоқан хандығынан азат етуші орыс әскерінің құрамында болған қолбасшы Құдайберген Байетовтің ұрпағы екені айтылған. Қырғыз мемлекеттік университетінің экономика факультетін 1962 ж.бітіріп, еңбек жолын Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе совхозында аға экономист болып бастады. М.В. Ломоносоватындағы Мәскеу мемлекеттік университетініңаспирантурасын 1964-1967 жж. бітірген. ММУ-деоқып жүріп ғалым Л.М. Зальцманның жетекшілігімен ғылыми жұмыспен айналыса бастады. Диссертациясын мерізімінен бұрын қорғап экономика ғылымының кандидаты дәрежесін алды. 1980 жылы Ленинград қаласында докторлық диссертациясын қорғады. 1986 жылы профессор атағы берілді. Халық шаруашылығы институтының ғылыми дәрежелер беру туралы дипломдарыменмарапатталған. «Астана»медалімен (1998 ж., «Парасат» ордені(2002 ж.), «Тың жерлерді игергені үшін» (1957 ж.), «Тыңға 50 жыл» (2004 ж.) медальдарымен марапатталған. Қазақтың қой өсіруғылыми-зерттеу технологиялық институтының директоры лауазымына тағайындалды. Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтын он бір жыл басқарды. Тоқсаныншы жылдардың басында тұңғыш рет Республикада Қазақстанның ауылшаруашылық академиясын ұйымдастырып, ҚР Президентінің 14 желтоқсан 1990 жылғы Өкімімен Қалиев Ғани Әлімұлы Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының Президенті болыптағайындалды. 1990 жылыҚалиев Ғани Әлімұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Белгілі ғалым жұмысының көпжылдарын сүйікті институтына арнады. 1990 – 1993 жылдары Қазақ КСР Жоғарыкеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі аграрлық және азық-түлік комитетінің мүшесі, 1991-1992 жж. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы экономикалық экспорт комитетінің мүшесі болған. 1991-1996 жж. «КазАгро» Қазақстан фермерлері ҰлттықФедерациясының Президенті, Ғылым және жоғары білім Министрлігінің коллегия мүшесі, Жоғарғы аттестациялық комиссия Президиумының мүшесі, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындау Президиумының комиссия мүшесі, 1999 ж. – Саяси «Отан» партиясының мүшесі болған. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды. Талдықорған мен Шығыс Қазақстан облыстары шаруашылық аймақтарыныңәр түрлі аграрлық сектор аспектілерін қамтыған бірнеше проблемаларды ұсынған мақалалардың авторы болып табылады. Қазақстан аграрлық секторын дамытудың саяси-экономикалық өзекті проблемалары бойынша жетекші газеттер басылымдарында 20-дан астам мақалалары жарық көрген. Көптеген Халықаралық конференциялар мен семинарлар жұмысында Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Германия, Қытай Халық Республикасы, Мексика және т.б. елдерге қатынасты. 13 ғылым докторларын және 31 ғылым кандидаттарын дайындады. Аграрлық секторды орналастыру дамыту теориялық – әдістемелік негіздерін ауыл шаруашылығы өндірісінде, агроөнеркәсіптік интеграция, шаруа қожалықтарын жетілдіруде, Қазақстанның экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. Ғани Әлімұлы өз мақалаларында қойшаруашылығын алдына қойған. Ауылшаруашылығын арттырудың тиімді жолының негізгі өзекті міндеттерінің бағыттары, оны қарқындату - деді. Қазақстанның аграрлық реформаларындағы ауыл рөлін ұлттық экономикалық базасы ретінде белгіледі. «Ауыл шаруашылығы - бұл ерекшесала, ол екі мақсатты ұстанады: тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау және топырақтың құнарлылығын қажеттілігімен қалпына келтіру, жерге ұқыпты қарау және экологияны сақтау». Ғани Әлімұлы - Ғылымның жайы,Экономиканы дағдарыстан шығару үшін біз екі құдыретті күшке – адам мен оның ынтасына, сосын ғылымға арқа сүйеуіміз керек деп, нарықтың шеңберіне кіргенде «Тәуекел демей, не дейміз!»,-деген екен. («Егемен Қазақстан» газеті 24.02.1993 ж.) Қазіргі таңда Орталықмемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қалиев Ғани Әлімұлының [b]ғылымиқызметіне қатысты құжаттары:[/b] ғылыми еңбектерінің тізімі, кітаптары:«Концепция кооперирования сельскохозяйственного производства», «Экономическая эффективность мясосольного овцеводства», «Овцеводство: проблемы ускоренного развития», «Пособие по составлению оргхозпланов овцесовозов», тағы басқа әдістемелік ұсыныстар, мақалалар, баяндамалар,хабарламалар, бағдарламалар, есептер, ғылыми жұмыстар, жоспарлар.Ғ.Ә. Қалиевтің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен және Қазақстан Республикасы министрлерімен, алыс шетел мемлекеттерімен ынтымақтастық аясында алысқан хаттары. Германия,Дания, ТМД, Жаңа Зеландия, Ресей, Белорусия, Қырғызстан, Украинада өткен симпозиумдар, мәслихаттар, мәжілістер мен сессиялардағы баяндамаларының алмасулары мәтіндері. Сайлау алды бағдарлама, ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі және Қазақстан Республикасы сессияларында сөйлеген сөздерінің мәтіндері мен тезистері, мақтау қағаздары. Ғ.Ә. Қалиевтің сөйлегенмәтіні бар КСРО шаруалары Құрылтай съезінің құжаттары, Шаруалардың социалдемократиялық «Ауыл» партиясының Жарлығы мен бағдарламасы. [b]Өмірбаянына қатысты құжаттар:[/b] Қырғыз Мемлекеттік Университетінің экономикафакультетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіргені туралы дипломдарының көшірмесі, Халық шаруашылығы институтының жоспарлау кафедрасының ұстазға деген мінездемелері, білімі туралы және ғылыми дәрежелер беру туралы дипломдардың көшірмелері, еңбек кітапшасы, Қазақ ғылыми-зерттеу технологиялық институтының директоры, Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының президенті, экономика және ұйымдар Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры лауазымына тағайындау және ауыстырулар туралы бұйрықтардың көшірмелері. [b]Ғ.Ә. Қалиев туралы құжаттар: [/b]өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттертізімі, ауыл шаруашылығы ғылымы қайраткерлерінің библиографиясы, ғылыми және қоғамдық қызметі туралы қысқаша очерк, газет және журнал жарияланымдары. Ғ.Ә. Қалиевтің фотосуреттері. Ғ.Ә. Қалиевтің қорындажинақталған құжаттар: Ғ.Ә. Қалиевтің редакциясымен басылып шыққан ғылыми еңбектері архивтің жеке тектік қорында сақталуда. «Қадіріңді хан емес, халық білсін» деп ауыл тағдырынтолғанған, ауылдың мұң-мұқтажын, биік мәртебесін қозғаған жанның әлі де болса жастарға берер сабағы көп, үлгісі мен өнегесі мол айтар тағылымы жетерлік.[/justify] [left]Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві жоғары білікті архивист маман Ануарханова Лаура Ануарханқызы[/left]

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві еліміздіңғылымын өркендету мақсатында еңбегін сіңірген экономика ғылымдарының докторы Қалиев Ғани Әлімұлының ғылыми қызметіне байланысты, ғалым туралы, 56 жылдық сырға толған құжаттарын өмірбаяны мен жұмыстарын 1999 жылы мемлекеттік сақтауға алды.
1962 жылдан бастап 2000 жылдараралығын қамтитын құжаттарына № 136қор нөмірі беріліп, Ғани Әлімұлының 240 сақтау бірлігін құрайтын жеке тектік қоры архив қоймасында сақталуда. Қорда ғылыми еңбектері, қызметтік, депутаттық қызметіне байланысты және өмірбаян құжаттары, жеке құжаттары, фотоқұжаттары,
Ғани мырза туралы жазылған мақалалар сонымен қатар қорқұрушының жинақтаған құжаттары бар.
Ғалым өз еңбегінің жемісі мен жеңісінмақалалар мен баяндамалар арқылы баспасөз беттеріне жариялап, ғылыми кітаптар жазып отырған.
Ғани Әлімұлы өзшығармашылықтарымен қатар ауылшаруашылық ғылымына көптеген тың жаңалықтар әкелген.
Өзінің ғылыми қызметіне арналған 6кітап жазған, ауыл шаруашылығы өндірісін кооперациялау және қой проблемалары, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру бойынша  10-ғажуық әдістемелік ұсынымдар шығарды, Қазақстанның нарықтық экономикаға көшу жағдайында кооперативтер ұйымдастыру, ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік реттеу жолында көп еңбек сіңірді. Халықаралық симпозиумдарда ғылыми және
экономикалық байланыстар мен агроөнеркәсіпті дамыту жүйесіндегі проблемалар туралы материалдарымен таныстырып, баяндама жасады.
ҚазКСР-ніңеңбек сіңірген ғылым қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ВАСХНИЛД-ің толық мүшесі, академик,  Қазақстанның ғалымдары арасында ұйымдастырушылығымен, дарындылығыменерекшеленді.
Қалиев Ғани Әлімұлы 19 шілде 1938 ж. Жамбыл облысы, Шуауданы, Белбасар ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген.
Архивте сақталған қызықтыдеректердің бірінде Ғани Әлімұлы Оңтүстік Қазақстанды Қоқан хандығынан азат
етуші орыс әскерінің құрамында болған қолбасшы Құдайберген Байетовтің ұрпағы екені айтылған.
Қырғыз мемлекеттік университетінің экономика факультетін 1962 ж.бітіріп, еңбек жолын Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе совхозында аға экономист болып бастады.  М.В. Ломоносоватындағы  Мәскеу мемлекеттік университетініңаспирантурасын 1964-1967 жж. бітірген. ММУ-деоқып жүріп ғалым Л.М. Зальцманның жетекшілігімен ғылыми жұмыспен айналыса бастады. Диссертациясын мерізімінен бұрын қорғап экономика ғылымының кандидаты дәрежесін алды. 1980 жылы Ленинград қаласында докторлық диссертациясын қорғады. 1986 жылы профессор атағы берілді. Халық шаруашылығы институтының  ғылыми дәрежелер беру туралы дипломдарыменмарапатталған.
«Астана»медалімен (1998 ж.,  «Парасат» ордені(2002 ж.), «Тың жерлерді игергені үшін» (1957 ж.), «Тыңға 50 жыл» (2004 ж.) медальдарымен марапатталған.
Қазақтың қой өсіруғылыми-зерттеу технологиялық институтының директоры лауазымына тағайындалды. Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтын он бір жыл басқарды. Тоқсаныншы жылдардың басында тұңғыш рет Республикада Қазақстанның ауылшаруашылық академиясын ұйымдастырып, ҚР Президентінің 14 желтоқсан 1990 жылғы Өкімімен Қалиев Ғани Әлімұлы Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының   Президенті болыптағайындалды.
1990 жылыҚалиев Ғани Әлімұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Белгілі ғалым жұмысының көпжылдарын сүйікті институтына арнады.
1990 – 1993 жылдары Қазақ КСР Жоғарыкеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі аграрлық және азық-түлік комитетінің мүшесі, 1991-1992 жж. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы экономикалық экспорт комитетінің мүшесі болған. 1991-1996 жж.  «КазАгро» Қазақстан фермерлері ҰлттықФедерациясының Президенті, Ғылым және жоғары білім Министрлігінің коллегия мүшесі, Жоғарғы аттестациялық комиссия Президиумының мүшесі, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындау Президиумының комиссия мүшесі, 1999 ж. – Саяси «Отан» партиясының мүшесі болған. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.
Талдықорған мен Шығыс Қазақстан облыстары шаруашылық аймақтарыныңәр түрлі аграрлық сектор аспектілерін қамтыған бірнеше проблемаларды ұсынған мақалалардың авторы болып табылады.
Қазақстан аграрлық секторын дамытудың саяси-экономикалық өзекті проблемалары бойынша жетекші газеттер басылымдарында 20-дан астам мақалалары жарық көрген. Көптеген Халықаралық конференциялар мен семинарлар жұмысында Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Германия, Қытай Халық Республикасы, Мексика және т.б. елдерге қатынасты. 13 ғылым докторларын және 31 ғылым кандидаттарын дайындады.
Аграрлық секторды орналастыру дамыту теориялық – әдістемелік негіздерін ауыл шаруашылығы өндірісінде, агроөнеркәсіптік интеграция, шаруа қожалықтарын жетілдіруде, Қазақстанның экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Ғани Әлімұлы өз мақалаларында қойшаруашылығын алдына қойған. Ауылшаруашылығын арттырудың тиімді жолының негізгі өзекті міндеттерінің бағыттары, оны қарқындату - деді. Қазақстанның аграрлық
реформаларындағы ауыл рөлін ұлттық экономикалық базасы ретінде белгіледі.
«Ауыл шаруашылығы - бұл ерекшесала, ол екі мақсатты ұстанады: тамақ өнімдерін өндіру мен сақтау және топырақтың құнарлылығын қажеттілігімен қалпына келтіру, жерге ұқыпты қарау және экологияны
сақтау».
Ғани Әлімұлы - Ғылымның жайы,Экономиканы дағдарыстан шығару үшін біз екі құдыретті күшке – адам мен оның ынтасына, сосын ғылымға арқа сүйеуіміз керек деп, нарықтың шеңберіне кіргенде «Тәуекел демей, не дейміз!»,-деген екен. («Егемен Қазақстан» газеті 24.02.1993 ж.)
Қазіргі таңда Орталықмемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қалиев Ғани Әлімұлының  ғылымиқызметіне қатысты құжаттары: ғылыми еңбектерінің тізімі, кітаптары:«Концепция кооперирования сельскохозяйственного производства», «Экономическая эффективность мясосольного овцеводства», «Овцеводство: проблемы ускоренного развития», «Пособие по составлению оргхозпланов овцесовозов», тағы басқа әдістемелік  ұсыныстар, мақалалар, баяндамалар,хабарламалар, бағдарламалар, есептер, ғылыми жұмыстар, жоспарлар.Ғ.Ә. Қалиевтің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен және Қазақстан Республикасы министрлерімен, алыс шетел мемлекеттерімен ынтымақтастық аясында алысқан хаттары.          Германия,Дания, ТМД, Жаңа Зеландия, Ресей, Белорусия, Қырғызстан, Украинада өткен симпозиумдар, мәслихаттар, мәжілістер мен сессиялардағы баяндамаларының алмасулары мәтіндері.
Сайлау алды бағдарлама, ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі және Қазақстан Республикасы сессияларында сөйлеген
сөздерінің мәтіндері мен тезистері, мақтау қағаздары.
Ғ.Ә. Қалиевтің сөйлегенмәтіні бар КСРО шаруалары Құрылтай съезінің құжаттары, Шаруалардың социалдемократиялық «Ауыл» партиясының Жарлығы мен бағдарламасы.
Өмірбаянына қатысты құжаттар: Қырғыз Мемлекеттік Университетінің экономикафакультетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіргені туралы дипломдарының көшірмесі, Халық шаруашылығы институтының жоспарлау кафедрасының ұстазға деген мінездемелері, білімі туралы және ғылыми дәрежелер беру туралы дипломдардың көшірмелері, еңбек кітапшасы, Қазақ ғылыми-зерттеу технологиялық институтының директоры, Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының президенті, экономика және ұйымдар Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры лауазымына тағайындау және ауыстырулар туралы бұйрықтардың көшірмелері.
Ғ.Ә. Қалиев туралы құжаттар: өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттертізімі, ауыл шаруашылығы ғылымы қайраткерлерінің библиографиясы, ғылыми және қоғамдық қызметі туралы қысқаша очерк, газет және журнал жарияланымдары.
Ғ.Ә. Қалиевтің фотосуреттері.
Ғ.Ә. Қалиевтің қорындажинақталған құжаттар: Ғ.Ә. Қалиевтің редакциясымен басылып шыққан ғылыми
еңбектері архивтің жеке тектік қорында сақталуда.
«Қадіріңді хан емес, халық білсін» деп ауыл тағдырынтолғанған, ауылдың мұң-мұқтажын, биік мәртебесін қозғаған жанның әлі де болса жастарға берер сабағы көп, үлгісі мен өнегесі мол айтар тағылымы жетерлік.

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві
жоғары білікті архивист маман Ануарханова Лаура Ануарханқызы

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz