[justify]Сигарев Михаил Иванович 1938 ж. 10 маусымда Ресей Федерациясы Тула облысы, Каменский ауданы, Пушкарский ауылында дүниеге келген. Сигарев Михайл Иванович – экономика ғылымдарының докторы профессор, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулері және жұмыстары үшін Білім және ғылым министрлігінің 2002 ж. 9 желтоқсандағы бұйрығымен А.И. Бараев атындағы сыйақы берілген. М.И. Сигаревтің елдегі аграрлық секторды дамыту мәселелері туралы: өзін-өзі қаржыландыру және ақтауы үшін ауылшаруашылық мекемелерін құру, қаржылық-несие, салық, сақтандыру бағасын қоса алғанда, экономикалық механизмдер шаруашылығын жетілдіру, 220 ғылыми жұмысы жарияланды. М.И. Сигарев К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясының агроном-экономист мамандығын алып шыққан. Білікті маманға қарымды еңбегінің нәтижесінде экономика ғылымының кандидаты атағы берілгеннен кейін, біраз жылдың ішінде Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында, сектор меңгерушісінен бастап, зертхана, шаруашылық есеп бөлімінен ғылымды нығайту директорының меңгерушісіне дейін көтерілген. Ғалым 1996 жылы экономика ғылымының докторы дәрежесін «Проблемы развития рыночного механизма хозяйствования в аграрном секторе экономики Казахстана» тақырыбымен қорғаған. Жылдар өте ғылыми және ғылыми-педагогикалық жоғары деңгейлі кадрлар тәрбиелеген еңбегінің нәтижесінде М.И. Сигаревке Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық академиясының академигі және профессор атағы берілді. Ғалым ғылыми-зерттеу жұмысымен қоса Қазақ экономика және консалтинг университетінде «Қаржы және несие» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. М.И. Сигарев өзінің барлық жинақтаған құнды құжаттарын оның ішінде өмірбаяндық сипатын, ғылыми жұмыстарын, шығармашылық жұмыстарын, 2005 жылы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне мемлекеттік сақтауға тапсырды. 1992 жылы 1962-2005 жж. № 1 тізімдеме жасалып, 73 іс іріктеліп алынды. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде М.И. Сигаревтің шығармашылық және ғылыми жұмыстары, өмірбаянына қатысты 97 құжат сақталған. Ғылыми қызметіне қатысты кітаптары, Қазақстанның бюджет жүйесі, қаржыландыру және инвестицияларды несиелеу бойынша оқулық құралдары, ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі бойынша әдістемелік әзірлемелер, ұсыныстар және ережелер, мерзімді басылымдағы мақалалар, ғылыми еңбектерінің тізімі, өмірбаяны, фотосуреттері тағы да көптеген құжаттары бар. [/justify] [right]Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жоғары білікті архивист маманы Ануарханова Лаура Ануарханқызы[/right]

Сигарев Михаил Иванович 1938 ж. 10 маусымда Ресей Федерациясы Тула облысы, Каменский ауданы, Пушкарский ауылында дүниеге келген.
Сигарев Михайл Иванович – экономика ғылымдарының докторы профессор, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулері және жұмыстары үшін Білім және ғылым министрлігінің 2002 ж. 9 желтоқсандағы бұйрығымен А.И. Бараев атындағы сыйақы берілген.
М.И. Сигаревтің елдегі аграрлық секторды дамыту мәселелері туралы: өзін-өзі қаржыландыру және ақтауы үшін ауылшаруашылық мекемелерін құру, қаржылық-несие, салық, сақтандыру бағасын қоса алғанда, экономикалық механизмдер шаруашылығын жетілдіру, 220 ғылыми жұмысы жарияланды.
М.И. Сигарев К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясының агроном-экономист мамандығын алып шыққан.
Білікті маманға қарымды еңбегінің нәтижесінде экономика ғылымының кандидаты атағы берілгеннен кейін, біраз жылдың ішінде Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында, сектор меңгерушісінен бастап, зертхана, шаруашылық есеп бөлімінен ғылымды нығайту директорының меңгерушісіне дейін көтерілген.
Ғалым 1996 жылы экономика ғылымының докторы дәрежесін «Проблемы развития рыночного механизма хозяйствования в аграрном секторе экономики Казахстана» тақырыбымен қорғаған. Жылдар өте ғылыми және ғылыми-педагогикалық жоғары деңгейлі кадрлар тәрбиелеген еңбегінің нәтижесінде М.И. Сигаревке Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық академиясының академигі және профессор атағы берілді.
Ғалым ғылыми-зерттеу жұмысымен қоса Қазақ экономика және консалтинг университетінде «Қаржы және несие» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
М.И. Сигарев өзінің барлық жинақтаған құнды құжаттарын оның ішінде өмірбаяндық сипатын, ғылыми жұмыстарын, шығармашылық жұмыстарын, 2005 жылы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне мемлекеттік сақтауға тапсырды.
1992 жылы 1962-2005 жж. № 1 тізімдеме жасалып, 73 іс іріктеліп алынды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде М.И. Сигаревтің шығармашылық және ғылыми жұмыстары, өмірбаянына қатысты 97 құжат сақталған.
Ғылыми қызметіне қатысты кітаптары, Қазақстанның бюджет жүйесі, қаржыландыру және инвестицияларды несиелеу бойынша оқулық құралдары, ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесі бойынша әдістемелік әзірлемелер, ұсыныстар және ережелер, мерзімді басылымдағы мақалалар, ғылыми еңбектерінің тізімі, өмірбаяны, фотосуреттері тағы да көптеген құжаттары бар.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік
ғылыми-техникалық құжаттама архиві
Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің
жоғары білікті архивист маманы
Ануарханова Лаура Ануарханқызы

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


17 қантар 2025 жыл
2025 жылдың 17 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Бозтаев Нұрлан Кешірімұлымен - жеке тектік қор құрушы» дөңгелек үстелі және «Жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтердің» II томының тұсаукесері өткізілді.


16 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы қаласындағы Достық үйінде «Мәдениет саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау бойынша кеңейтілген жиынның» секциялық отырысын өткізді.


08 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 8 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын дирекцияның бірінші отырысы өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz