[justify]Халида Есенқұлқызы жас өмірін «байдың тұқымы» деген таңбамен тағдырдың алдынан тосқан тауқыметтерін басынан кешірсе де, мойымай қазақ әйелдерінің ішінен шыққан алғашқы медицина ғылымының докторы болды. Әкесі Есенқұл заманында бай, бақуатты әулеттен, білім-ғылым сүйгіштігімен атағы шыққан Маман байдан тараған ұрпақ. ХХ ғасырдың шенінде Маман балаларының барлығын тату, мейірімді, білімге құштар етіп тәрбиелеген. Өзге байлар сияқты жиған-тергенін өз құлқынына ғана пайдаланбай, кедей-кепшіктерге де пайдаларын тигізіп отырған. Кейін елдің ықыласы оқуға бұрыла бастаған кезде 1899 жылы Қарағашта үш кластық мектеп үйін салдырады. Алғашқыда мектепте ескіше дін-шариғат сүрелерін оқытатын болған. 1905 жылы Маманның балалары үш кластық мектепті, төрт кластық етіп кеңейтіп қайта салдырды. Оған қоса жаңадан пәндер де енгізіліп, мектепке жан-жақтан мамандар яғни, оқытушылар алдырылған. Маман мектебінің алғашқы оқушылары қатарында Ілияс Жансүгіров, Біләл Сүлеев секілді елге танымал, белгілі тұлғаларда оқыған. Халиданың әкесі Есенқұл «Айқап» журналына қазақша роман жазғандарға бәйге жариялайды. Бұған С. Торайғыровтың «Қамар сұлуы» мен Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романдары қатысып, бәйге алған. Маман байдың артында «Мамания» мектебі қалды. «Ол атақты байдың қызы» деген «таңба» Халида Есенқұлқызының өміріне көп қиыншылықтар туғызды. Халида Есенқұлқызы Маманова 1918 жылы наурыз айының жиырма төртінші жұлдызында Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, ол кезде № 10 ауыл деп аталған кейіннен Қарағаш қыстауында ірі қара малшысы Есенқұл Мамановтың отбасында дүниеге келген. Әкесі Есенқұл 58-ші баппен сотталып, үш жылға Қазақстаннан тыс жерге жер аударылған. 1928 жылы мал-мүлкін кәмпескелегеннен кейін әкесі бала-шағасымен Чкалов қаласына келіп қара жұмысқа тұрып, анасы тігін фабрикасында жұмысшы болады. Алты баланың үлкені Халида он жасқа келгенде әкесі туберкулез ауыруынан көз жұмады. Артынан екі кіші інілері де шетінейді. Қалған отбасы мүшелері 1932 жылы Алматыға әзер оралып, Халида Есенқұлқызы ата жолымен білім қуып, әуелі қысқа курстар, техникум, кейін медицина институтына оқуға түседі. Бірақ Халида Есенқұлқызының тегін білген соң байдың қызы деп оқудан және комсомолдар қатарынан шығарады. Сынақтарға тайсалмай алдыға талпынып, қиындықтардан өтіп, оқуын қайта жалғастырады. Халида Есенқұлқызы 1941 жылы Қазақ медицина институтын «емдеуші дәрігер» мамандығы бойынша аяқтап, Ғылым академиясының Физиология институтының аспиранты болып оқуын жалғастырмақ болғанда, екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетіп, 1942 жылдың ақпанында соғысқа аттанады. Медицина институтын бітірген әр түлекке берілуі тиіс кіші лейтенант шенін Халида Мамановаға бермей, соғыс даласында медбике болып жұмыс істеуге де сенімсіз элемент деп, рұқсат етілмейді. Халида Есенқұлқызы Сталинге: «Халық жауы болсам, айыпкерлер (штрафной) батальонына жіберіңіз. Тірі қалсам, менен және туыстарымнан бүкіл айыпты алып тастаңыз»,- дегенге саятын хат жазады. Хаттың Сталинге жеткен-жетпегені белгісіз. Бірақ саяси және қоғамға жасаған ауыр қылмыстары үшін жазасын алдыңғы шепте өтеп жатқан адамдармен бірге соғысқа түседі. Осылайша, Халида айыпкерлер батальоны штрафбатта болып Берлинге дейін тірі жетеді. Ол штрафбаттағы азабы туралы ешкімге тіс жарып айтпаған екен. Әскери қызметі 821 батальонда жалғасып, Маманова амбулатория бастығы болып тағайындалады. Бұл батальон Сталинград түбіндегі кескілескен шайқасқа басынан аяғына дейін қатысқан. Қасындағы мейірімді жандардың арқасында өлімнен аман қалған Халида Есенқұлқызына сержант атағы беріліп, медицина бөліміне ауыстырылды. Сұрапыл майданда от пен оқтың астында жүріп Украина, Белоруссия, Прибалтика елдерін азат етуге қатысқан. Соғысты Австрияда капитан атағын алғаннан кейін аяқтайды. 1945 жылы 26 желтоқсанда 2 дәрежелі жарақат алып, елге қайтады. Майданда дәрігер қызметін атқарып, талай жауынгерлерді ажалдан аман алып қалды. Ұлы Отан соғысы кезінде «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», медальдарымен және «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. Елге аман-есен оралып, 1946 жылы өз мамандығы бойынша қызмет атқарып, ғылыми жұмысымен айналыса бастайды. 1949 жылы қызметімен қатар, марксизм-ленинизм институтын бітіріп шыққан. 1950 жылы кәсіподақ комитетінде және ҚазКСР жер органдарында сақтандыру дәрігері қызметін атқарды. Өмірі бір арнаға түсіп, тынышталды ма деп жүрген шағында 1950-1952 жылдары басталған байлардың тұқымын екінші мәрте қудалау басталып, денсаулығы сыр беріп өз еркімен кетуіне мәжбүр болып, біраз уақыт жұмыссыз қалды. 1954-1959 жылдары кандидаттық жұмысын қорғауына бай ата-тегі тағыда жолына кесе көлденең болады. Осы қиын сәттерінде Қарағанды медициналық институтында жұмыс істеп жүргенде оған атақты ғалым, пато-физиолог, профессор О.С. Глозман жетекшілік етіп, қолдау көрсетуімен кандидаттық жұмысын жазды. 1959 жылы Ақтөбе медициналық институтының ректоры Дайыровтың шақыруымен қызметке тұрып, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Ақтөбеде көптеген достар тауып, әріптестерінің арасында беделді болды. Мәскеуден Жеңіс күніне орай, Кеңес Одағының маршалы Гречкодан құттықтау қағаздары келіп тұрды. Бай тұқымын қудалау аяқталғаннан соң да Халида Есенқұлқызының алға басқан аяғынан шалып, етегінен тартушылар көбейіп, ғылымдағы және қызметтегі жетістіктерін көре алмаушылар маза бермеді. Осындай келеңсіз кедергілерге қарамай, институт қабырғасында алғаш рет қазақ ұлт-аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Халида Есенқұлқызын қайтсе де қызметінен қууды ойлағандар, осы әрекетін «өрескел» деп тауып, обком партиясына шақыртып, ұлтшыл деген атақ тағып, партия билетін тапсыруды талап етеді. Партбюрода қызмет істеп жүрген шәкірттері «егер де ұстазымызды ұлт-аспаптар оркестрін құрғандығы үшін партбилетінен айыратын болсаңыздар, онда мәселені «Құрманғазы ансамблінен» бастайық деп», төтесінен қойған ашық сөздерінің арқасында араға түскен шәкірттерінің көмегімен аман қалады. Ұлы Отан соғысының ардагері, ақыл тоқтатқан, көпті көрген адамға жала жабу қисынға келмейтін іс еді. Еуропаға, Жапонияға, Латын Америкасына басқа елдерге демалуға жоғары жақтан рұқсат сұраса да, өтінішіне ешкім құлақ аспайды. Әрең дегенде 1977 жылы Болгарияға демалуға жолдама алған сапары Халида Есенқұлқызының соңғы сапары болды. Болгариядан елге өлі денесі қайтты. Бұл өлімнің нақты себебі жұмбақ күйінде қалды. Кейіннен Халида Есенқұлқызының үйіндегі барлық қолжазбалар да жойылған. Мәскеуде докторлық диссертациясын қорғап, біраз уақытта профессор атағына ие болған. Медицина институтында жүріп төрт адамның жұмысына ғылыми жетекшілік еткен. Тәрбиелеген шәкірттерінің көбі - белгілі медицина ғалымдары. Маманова Халида Есенқұлқызының 32 ғылыми жұмысы қалыпты. Өмірінің ашылмаған тұстары өте көп болса да, күш-жігерінің арқасында биіктерден көрінуге тырысқан. Ғылымға, ұлтқа, елге мол еңбегін сіңірген қайсар жан болған. 2018 жылдың 7 қыркүйегінде «Ерлік жолымен» зерттеу орталығы» ҚҚ, Халида Маманова атындағы қайырымдылық қоры, ҚР ОМҒТҚА және ҚР ОМА бірлесе отырып, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің мәжіліс-залында есімі көп уақытқа дейін мәлім болмаған қазақ қыздарының ішінен шыққан тағы да бір қайсар жан туралы, яғни Маманова Халида Есенқұлқызының 100 жылдығына орай «Тұғыры биік тұлға» атты ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жеке тектік қорынан алынған деректер және Орталық мемлекеттік архивінде мемлекеттік сақтауда жатқан «Мамания» мектебі туралы көлемді көрме жасалып, дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Х. Маманованың өмір жолы мен ғылыми қызметі туралы деректі фильмінің қойылымынан бастап, архив қызметкерлерінің зерттеуімен ержүрек, батыл тұлғаның өмір жолдарына шолулар жасалып, мәліметтер берілді. Мамановтар әулетінен туған-туыстары және Халида Есенқұлқызының шәкірттері естеліктерімен бөлісті.[/justify] [right]Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің жоғары білікті архивист маманы Ануарханова Лаура Ануарханқызы[/right]

Халида Есенқұлқызы жас өмірін «байдың тұқымы» деген таңбамен тағдырдың алдынан тосқан тауқыметтерін басынан кешірсе де, мойымай қазақ әйелдерінің ішінен шыққан алғашқы медицина ғылымының докторы болды.
Әкесі Есенқұл заманында бай, бақуатты әулеттен, білім-ғылым сүйгіштігімен атағы шыққан Маман байдан тараған ұрпақ. ХХ ғасырдың шенінде Маман балаларының барлығын тату, мейірімді, білімге құштар етіп тәрбиелеген. Өзге байлар сияқты жиған-тергенін өз құлқынына ғана пайдаланбай, кедей-кепшіктерге де пайдаларын тигізіп отырған. Кейін елдің ықыласы оқуға бұрыла бастаған кезде 1899 жылы Қарағашта үш кластық мектеп үйін салдырады. Алғашқыда мектепте ескіше дін-шариғат сүрелерін оқытатын болған. 1905 жылы Маманның балалары үш кластық мектепті, төрт кластық етіп кеңейтіп қайта салдырды. Оған қоса жаңадан пәндер де енгізіліп, мектепке жан-жақтан мамандар яғни, оқытушылар алдырылған. Маман мектебінің алғашқы оқушылары қатарында Ілияс Жансүгіров, Біләл Сүлеев секілді елге танымал, белгілі тұлғаларда оқыған.
Халиданың әкесі Есенқұл «Айқап» журналына қазақша роман жазғандарға бәйге жариялайды. Бұған С. Торайғыровтың «Қамар сұлуы» мен Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романдары қатысып, бәйге алған.
Маман байдың артында «Мамания» мектебі қалды. «Ол атақты байдың қызы» деген «таңба» Халида Есенқұлқызының өміріне көп қиыншылықтар туғызды.
Халида Есенқұлқызы Маманова 1918 жылы наурыз айының жиырма төртінші жұлдызында Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, ол кезде № 10 ауыл деп аталған кейіннен Қарағаш қыстауында ірі қара малшысы Есенқұл Мамановтың отбасында дүниеге келген. Әкесі Есенқұл 58-ші баппен сотталып, үш жылға Қазақстаннан тыс жерге жер аударылған. 1928 жылы мал-мүлкін кәмпескелегеннен кейін әкесі бала-шағасымен Чкалов қаласына келіп қара жұмысқа тұрып, анасы тігін фабрикасында жұмысшы болады. Алты баланың үлкені Халида он жасқа келгенде әкесі туберкулез ауыруынан көз жұмады. Артынан екі кіші інілері де шетінейді. Қалған отбасы мүшелері 1932 жылы Алматыға әзер оралып, Халида Есенқұлқызы ата жолымен білім қуып, әуелі қысқа курстар, техникум, кейін медицина институтына оқуға түседі. Бірақ Халида Есенқұлқызының тегін білген соң байдың қызы деп оқудан және комсомолдар қатарынан шығарады. Сынақтарға тайсалмай алдыға талпынып, қиындықтардан өтіп, оқуын қайта жалғастырады.
Халида Есенқұлқызы 1941 жылы Қазақ медицина институтын «емдеуші дәрігер» мамандығы бойынша аяқтап, Ғылым академиясының Физиология институтының аспиранты болып оқуын жалғастырмақ болғанда, екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетіп, 1942 жылдың ақпанында соғысқа аттанады.
Медицина институтын бітірген әр түлекке берілуі тиіс кіші лейтенант шенін Халида Мамановаға бермей, соғыс даласында медбике болып жұмыс істеуге де сенімсіз элемент деп, рұқсат етілмейді.
Халида Есенқұлқызы Сталинге: «Халық жауы болсам, айыпкерлер (штрафной) батальонына жіберіңіз. Тірі қалсам, менен және туыстарымнан бүкіл айыпты алып тастаңыз»,- дегенге саятын хат жазады. Хаттың Сталинге жеткен-жетпегені белгісіз. Бірақ саяси және қоғамға жасаған ауыр қылмыстары үшін жазасын алдыңғы шепте өтеп жатқан адамдармен бірге соғысқа түседі. Осылайша, Халида айыпкерлер батальоны штрафбатта болып Берлинге дейін тірі жетеді. Ол штрафбаттағы азабы туралы ешкімге тіс жарып айтпаған екен. Әскери қызметі 821 батальонда жалғасып, Маманова амбулатория бастығы болып тағайындалады. Бұл батальон Сталинград түбіндегі кескілескен шайқасқа басынан аяғына дейін қатысқан. Қасындағы мейірімді жандардың арқасында өлімнен аман қалған Халида Есенқұлқызына сержант атағы беріліп, медицина бөліміне ауыстырылды.
Сұрапыл майданда от пен оқтың астында жүріп Украина, Белоруссия, Прибалтика елдерін азат етуге қатысқан. Соғысты Австрияда капитан атағын алғаннан кейін аяқтайды. 1945 жылы 26 желтоқсанда 2 дәрежелі жарақат алып, елге қайтады. Майданда дәрігер қызметін атқарып, талай жауынгерлерді ажалдан аман алып қалды. Ұлы Отан соғысы кезінде «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», медальдарымен және «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.
Елге аман-есен оралып, 1946 жылы өз мамандығы бойынша қызмет атқарып, ғылыми жұмысымен айналыса бастайды. 1949 жылы қызметімен қатар, марксизм-ленинизм институтын бітіріп шыққан. 1950 жылы кәсіподақ комитетінде және ҚазКСР жер органдарында сақтандыру дәрігері қызметін атқарды. Өмірі бір арнаға түсіп, тынышталды ма деп жүрген шағында 1950-1952 жылдары басталған байлардың тұқымын екінші мәрте қудалау басталып, денсаулығы сыр беріп өз еркімен кетуіне мәжбүр болып, біраз уақыт жұмыссыз қалды. 1954-1959 жылдары кандидаттық жұмысын қорғауына бай ата-тегі тағыда жолына кесе көлденең болады. Осы қиын сәттерінде Қарағанды медициналық институтында жұмыс істеп жүргенде оған атақты ғалым, пато-физиолог, профессор О.С. Глозман жетекшілік етіп, қолдау көрсетуімен кандидаттық жұмысын жазды.
1959 жылы Ақтөбе медициналық институтының ректоры Дайыровтың шақыруымен қызметке тұрып, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Ақтөбеде көптеген достар тауып, әріптестерінің арасында беделді болды. Мәскеуден Жеңіс күніне орай, Кеңес Одағының маршалы Гречкодан құттықтау қағаздары келіп тұрды. Бай тұқымын қудалау аяқталғаннан соң да Халида Есенқұлқызының алға басқан аяғынан шалып, етегінен тартушылар көбейіп, ғылымдағы және қызметтегі жетістіктерін көре алмаушылар маза бермеді. Осындай келеңсіз кедергілерге қарамай, институт қабырғасында алғаш рет қазақ ұлт-аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Халида Есенқұлқызын қайтсе де қызметінен қууды ойлағандар, осы әрекетін «өрескел» деп тауып, обком партиясына шақыртып, ұлтшыл деген атақ тағып, партия билетін тапсыруды талап етеді.
Партбюрода қызмет істеп жүрген шәкірттері «егер де ұстазымызды ұлт-аспаптар оркестрін құрғандығы үшін партбилетінен айыратын болсаңыздар, онда мәселені «Құрманғазы ансамблінен» бастайық деп», төтесінен қойған ашық сөздерінің арқасында араға түскен шәкірттерінің көмегімен аман қалады. Ұлы Отан соғысының ардагері, ақыл тоқтатқан, көпті көрген адамға жала жабу қисынға келмейтін іс еді.
Еуропаға, Жапонияға, Латын Америкасына басқа елдерге демалуға жоғары жақтан рұқсат сұраса да, өтінішіне ешкім құлақ аспайды. Әрең дегенде 1977 жылы Болгарияға демалуға жолдама алған сапары Халида Есенқұлқызының соңғы сапары болды. Болгариядан елге өлі денесі қайтты. Бұл өлімнің нақты себебі жұмбақ күйінде қалды. Кейіннен Халида Есенқұлқызының үйіндегі барлық қолжазбалар да жойылған.
Мәскеуде докторлық диссертациясын қорғап, біраз уақытта профессор атағына ие болған. Медицина институтында жүріп төрт адамның жұмысына ғылыми жетекшілік еткен. Тәрбиелеген шәкірттерінің көбі - белгілі медицина ғалымдары. Маманова Халида Есенқұлқызының 32 ғылыми жұмысы қалыпты. Өмірінің ашылмаған тұстары өте көп болса да, күш-жігерінің арқасында биіктерден көрінуге тырысқан. Ғылымға, ұлтқа, елге мол еңбегін сіңірген қайсар жан болған.
2018 жылдың 7 қыркүйегінде «Ерлік жолымен» зерттеу орталығы» ҚҚ, Халида Маманова атындағы қайырымдылық қоры, ҚР ОМҒТҚА және ҚР ОМА бірлесе отырып, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің мәжіліс-залында есімі көп уақытқа дейін мәлім болмаған қазақ қыздарының ішінен шыққан тағы да бір қайсар жан туралы, яғни Маманова Халида Есенқұлқызының 100 жылдығына орай «Тұғыры биік тұлға» атты ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жеке тектік қорынан алынған деректер және Орталық мемлекеттік архивінде мемлекеттік сақтауда жатқан «Мамания» мектебі туралы көлемді көрме жасалып, дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара Х. Маманованың өмір жолы мен ғылыми қызметі туралы деректі фильмінің қойылымынан бастап, архив қызметкерлерінің зерттеуімен ержүрек, батыл тұлғаның өмір жолдарына шолулар жасалып, мәліметтер берілді. Мамановтар әулетінен туған-туыстары және Халида Есенқұлқызының шәкірттері естеліктерімен бөлісті.


Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік
ғылыми-техникалық құжаттама архиві
Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің
жоғары білікті архивист маманы
Ануарханова Лаура Ануарханқызы

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz