рус
|
ќаз
Вход
Логин 
Пароль 
Авторизация пользователя
ЦЕНТРАЛЬНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ НАУЧНО - ТЕХНИЧЕСКОЙ ДОКУМЕНТАЦИИ
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ басшылары

Қазақастан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жылдың 7 ақпандағы № 50 қаулысымен құрылып осы жылдың 13 ақпанындағы № 17-К Бас архив басқармасының бұйрығымен Олейникова Павлина Васильевна (1974-1984 жж.) алғашқы директор болып қабылданды. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің түлегі басшылығымен архивтің құрылымы қалыптастырылып, ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу әдістемесі әзірленді.
Архивтің қалыптасуы және одан әрі жұмыс істеу процесі қиын болды. Ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс істеу жаңалығы даярланған кадрлар жоқ болғандықтан бірқатар күрделі мәселелерді шешуді талап етті.
Сондықтан да, ұйымдастыру кезеңінде кадр құрамын іріктеу мен орналастыруға, олардың теориялық және өндірістік біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінді.
Павлина Васильевна Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Бас архив басқармасында 1948 ж. бастап істеген еңбек өтілімен, өзіне-өзі талап қоя отырып, өз қызметкерлеріне де сондай талап қойды.
Архив қызметкерлері үшін жұмыстың бірінші кезеңі ғылыми-зерттеу қызметінде қалыптасқан жобалау, технологиялық институттар, конструкторлық бюро, сондай-ақ, күрделі құрылыс саласында ғылыми-техникалық құжаттың құрамы мен мазмұнын зерделеу болды.
Архив мамандарының жұмысында екінші кезең ҚазКСР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві жинақтау көздері мекемелерін анықтау болды. Тізімге оларда сақталатын ұйымдар мен мекемелер және ұйымдардың ғылыми-техникалық құжаттама тізбесі кіруі және құжаттары мемлекеттік сақтауға берілуге тиіс.
Олейникованың естелігінен: «Жұмыстың алғашқы жұбының көлемі мен қиындығы бізге белгісіз болды. Сонда да біз жұмысқа кірісіп кеттік. Ғылыми-техникалық құжаттама жұмысынан біраз тәжірибе жинақтадық. Жұмыс тығыз жақындағанда ұйымдарға келіп, құжаттарды зерттеуге кірістік. Біз, қалай көп жұмыс істеу керек екендігін сезіндік.
Қала және институттардың кітапханаларында тиісті әдебиеттермен танысқан соң, негізгі мекемелерде, яғни Алматы қаласында орналасқан институттарда, филиалдарда және кәсіпорындарда іздестіру құжаттамасын жүргізіп, біз құжаттарды зерттеуге кірістік. Құжаттар жергілікті жерде техникалық архивтерде зерттелді, бізге институттардың білікті мамандары көмек көрсетті. Мәселені шешу, құжаттардың құндылығын сараптау және мемлекеттік сақтауға іріктеуді іздестіру осы санаттағы мекемелерде баяғыда пісіп жетілген. Сондықтан институттардың басшылары мен мамандары бізден көмекшілерді көрді және бізге қажетті көмек көрсетті.»

Жұмыстың үшінші кезеңі, архивті ғылыми-техникалық құжаттамамен толықтыру. Бірақ, мәселе ғылыми-техникалық жұмыс бойынша регламенттеуші құжаттар әлі әзірленбеген еді және осы құжаттармен жұмыс жасаудың қажетті тәжірибесі, негіздері мен әдістері болған жоқ.
1974 ж. наурыз айында сараптау-тексеру комиссиясы құрылды және оның құрамы бекітілді. Осы жылы жас архивтің ағымдағы жұмысында қажет болған алғашқы әдістемелік құралдар: «Методическое пособие для инспекторов по обследованию ведомственных архивов», «Пособие по составлению описи для коллекции документов», «Тепловые сети городов Казахстана и республик Средней Азии», сонымен қатар, «Схема систематизации проектно-изыскательской документации», «Казгипроводхоз» институтының нысандар тізбесі» және т.б. құрастырылды.
1974 жылы архив қызметкерлері ғылыми-техникалық құжаттама жасайтын мекемелерге, ұйымдарға және серіктестіктерге бақылау жасап, ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық және тәжірибелік көмек көрсетті. 62 мекемеде осы мекемелерді негізгі есепке алу тізіміне енгізу туралы мәселені шешу үшін ғылыми-техникалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны зерделенді: сонымен қатар бұл мекемелерде іс жүргізуді қою, мемлекеттік стандарттарды енгізу мәселелері қаралды.
Архив өсіп, ғылыми-техникалық құжаттармен толықтырылды, архив қызметкерлерінің саны да артты. Біз ғылыми-техникалық құжаттама архиві деген атты ақтадық.
1974–1984 жылдар аралығында Олейникова Павлина Васильевнаның басқаруымен алғаш ашылған ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жұмысы осылайша бастау алған.
Николай Петрович Кропивницкий 1984-1986 жылдар аралығында Олейникованың бастаған жұмыс жүйесімен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшысы болып біршама жұмыстар атқаруға өз үлесін қосты.
Одан кейін 1986-1995 жылдар аралығында ОМҒТҚА директоры Даулбаева Галина Акаевна болды.
Галина Акаевна 1957 ж. оқуын бітіре салысымен Мәскеу тарих және архив институтында (Московский историко-архивный институт) 1962 жылы оқуын тәмамдап ҚазКСР Бас архив басқармасына жолданды.
1962-1975 жж. ҚазКСР Орталық мемлекеттік архивінде аға ғылыми қызметкері болып еңбек етті.
«Кеңестік кезеңдердегі (1920-1936 жж.) ҚазАКСР мемлекеттік мекемелерінің анықтамалығын» құрастырды. ҚазКСР ОМА құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы, 1975 ж. ҚазКСР Бас архив басқармасының ұйымдастыру бөліміне ауыстырылды. 1982 ж. желтоқсан айында ОМҒТҚ архивінің директорының орынбасары, 1986 ж. бірінші наурызында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры болып тағайындалып, 1995 жылға дейін белсенді жұмысын атқарды. Еңбегі еленіп КСРО және ҚазКСР Бас архив басқармасының мақтау қағаздарымен және «Еңбек ері» медалімен марапатталған.
Г.А. Даулбаевадан кейін 1995-1997 жылдар аралығында ОМҒТҚ архивін Адельгужин Ахтям Ахметович басқарды.
1984 жылы Башқұр мемлекеттік университетінің тарих факультетін, 1989 жылы Мәскеу қаласындағы КСРО ғылым академиясы КСРО тарихы институтының аспирантурасын бітірген.
1990 жылдан бастап архив саласында еңбек етіп келеді. 1990-1997 жылдар аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде бас архивист қызметінде, Құжаттарды жинақтау бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Кейін директордың орынбасары және директорлық қызметте болды.
Архив саласында өзін білікті маман екенін көрсетіп, құжаттаманы басқару, ұйымдардың ведомствалық архивтерінде құжаттарды сақтау, құжаттау бойынша заңға тәуелді нормативтік актілерін дайындады. Мемлекеттік ұйымның қызметінде құрылатын ұйымдарға іс жүргізу және архив ісі бойынша екі мемлекеттік стандартты көрсете отырып, типтік құжаттар тізбесін әзірледі. Көптеген жарияланған мақалалары бар. Іс жүргізу және архвтік іс бойынша белсенді дәріс жүргізді.
2001 ж. қызметтегі табыстарына қол жеткізгені үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Астананың 10 жылдығына» және ведомстволық құрмет грамотасымен марапатталған.
1997–2003 жылдарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Габдушев Сағындық Нургалиевич болып алғашқы басшылардың жүйелі жұмысын жалғастырды.
2003 жылы Валиева Рахима Казыхановна ОМҒТҚА директоры болып тағайындалды. Рахима Казыхановна басқаруымен архив ғылыми-техникалық, жобалау құжаттамамен толықтырылды. 2003-2006 жылдар аралығында келесі қорлар мемлекеттік сақтауға қабылданды: техника-ғылымдарының кандидаты Нәби Ысқақ Айтқалиұлының жеке тектік қоры, ҚР Мәдениет министрлігінің Республикалық халық шығармашылығы және мәдени-ағарту жұмысы ғылыми-әдістемелік орталығы, ҚР Мәдениет министрлігінің мәдениет ескерткіштерін консервациялау және қалпына келтіру жобалау-конструкторлық институты және т.б.
2006-2010 жылдар аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивін Белоносов Олег Рюрикович басқарды.
1978 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын аяқтап инженер-механик мамандығын меңгерді. Негізгі оқуымен қатар, Алматы патенттану институтынан, патенттанушы біліктілігін алған.
1986-1990 жылдар аралығында Қазақ ауылшаруашылық институтының Конструкциялық материалдар технологиясы және материалтану кафедрасында күндізгі аспирантурасында оқыды. Аспирантураны бітіре салысымен заң бойынша инженер – зерттеуші біліктілігі берілді.
Аспирантурада оқу кезінде әртүрлі ғылыми-практикалық жинақтарда және журналдарда 13 мақала жариялап, өнертабысқа КСРО-ның 4 авторлық куәлігі алды. Қазақ ауылшаруашылық институты кафедрасының ассистенті, одан кейін аға оқытушысы болып еңбек етті. Кейін жеке бизнес жүйесінде де жұмыс істеді.
Архив саласына 2002 жылы келіп Алматы қаласының Архивтер мен құжаттама басқармасының Түрксіб аудандық архивінің директоры лауазымында 2006 жылға дейін қызмет етті.
2006 жылы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры болып қабылданып осы қызметте 2010 жылға дейін атқарды.
Қазіргі таңда Алматы қаласы Орталық мемелекеттік архивінде: бөлім басшысы, баспасөз-хатшысы және бас сарапшы лауазымдарын атқаруда.
Сәрсенова Гүлайхан Саматқызы 2009 жылы ОМҒТҚА директордың орынбасары болып тағайындалып 2010 жылы осы архивтің директоры болды.
1977 жылы Алматы шет тілдер педагогикалық институтының француз тілі мамандығын бітірген. 1981 жылы, Мәскеу тарихи-архив институтында архивтендіру бойынша біліктілігін жоғарылатты (үздік).
1979 жылдан бастап архив саласында қызмет етті: ҚР Орталық мемлекеттік архивінде, Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінде, Алматы облысының архивтер және құжаттама басқармасында.
2009 жылы ҚР Ақпарат және архив комитеті Мәдениет және ақпарат министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде директордың орынбасары және 2010 ж. 23 шілдеден бастап директор лауазымын атқарды.
Архив саласында өзін білікті маман екенін көрсете білді. Іс жүргізу және архив ісі бойынша белсенді дәрістер жүргізді. Семинар, тренингтер жүргізуден тәжірибесі мол.
Алматы облысының мекемелері мен ұйымдарының іс жүргізу қызметінің мамандары үшін, «ҚР Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану» тақырыбы бойынша Алматы облысының архивтер мен құжаттамаларды басқаруда іс жүргізу бойынша курстар» жүргізді.
ҚазКСР Орталық мемлекеттік архиві жанындағы іс жүргізу бойынша курстар, тақырыбы: «Ұйымдардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу» дәрісін оқыды (Республикалық маңызы бар мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу қызметтерінің мамандары үшін).
Құжаттау, құжаттаманы басқару, ұйымдардың ведомстволық архивтерінде құжаттарды сақтау жөніндегі нормативтік құжаттар әзірлеген.
Көптеген редакциялық алқаларға қатысып жинақтарды даярлаған:
1) «Парки и скверы города Алматы (1868-1916 жж.)» Сборник документов и материалов. Алматы. «Өнер» баспасы. 2005 жыл;
2) «Великий подвиг Ваш история хранит» материалдар мен құжаттар жинағы. Алматы «Өнер» Баспасы 2005 жыл;
3) Қорлар бойынша жол көрсеткіш «Талдықорған мемлекеттік архиві. Алматы облысы мемлекеттік архивінің филиалдары (1917-1991жж.)» (2 том). Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі. 2007;
4) Қорлар бойынша жол көрсеткіш «Алматы облысының мемлекеттік архиві, оның филиалдары Талдықорған мемлекеттік архиві (1992-2006) жж.» (3 том). Алматы, «Үш Қиян» баспа үйі, 2007;
5) «Ауылым - алтын бесігім» құжаттар мен материалдар жинағы. (1911-2007 жж.) - Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі. 2008;
6) «Белорус мәдени орталығы» РҚБ «Освободители. Вызваліцели. Азат етушілер» естеліктер, очерктер, мақалалар, құжаттар, өлеңдер» «Раритет» баспа компаниясы. 2009;
7) «Академик А.Ш. Татыгулов». Сборник документов и материалов. Алматы. 2010;
8) «Жеке қор құжаттары бойынша аңдатпалық жолсілтер». Алматы. 2012. Print Express баспасы;
9) «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қорлар бойынша жолсілтері». Алматы. 2012. Print Express баспасы;
10) «Истоки жизни. Документы из личного фонда П.И. Мариковского». Алматы. 2012. Print Express баспасы;
11) «Сын Казахстана и Эллады. Спиридон Георгиевич Космериди». Сборник документов и материалов. Алматы. 2014. Print Express баспасы;
12) «Из истории научных медицинских учреждений. Казахстан: 1941-1945 гг.» Сборник документов и материалов. Алматы. 2015. Print Express баспасы;
13) «Опередивший время» Сборник документов и материалов о враче, ученом, организаторе онкологической службы Казахстана Сакене Нугмановиче Нугманове. Алматы. 2015. Print Express баспасы және т.б.
Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, ұйымдардың ғылыми-техникалық және өндірістік қызметінде пайда болатын типтік құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысқан.
Көптеген жарияланған мақалалары бар.
Көп жылдық архив ісіне қосқан үлесін ескере отырып «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік, «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
2017-2018 жылдар аралығында Тойбаев Тасқын Нұрбайұлы ОМҒТҚА басқарған.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде көптеген іс-шаралар өткізді, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Архив қызметкерлері «Латын әліпбиіне өту – уақыт талабы» көрмесін даярлап, ғалымдармен кездесулер ұйымдастырды. Көптеген ұйымдармен тығыз жұмыс атқарылған негізінде архив қызметкерлері семинар, конференция, жиналыстарға архив ауқымын көбейткен.

2018 ж. мамыр айынан бастап осы күнге дейін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры қызметін Жұматаева Баян Амантайқызы атқаруда.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 2010 жылы Мәскеу қаласындағы бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтында (ВНИИДАД) қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын оқыған.
Алғашқы еңбек жолын 1987 ж. ҚР Орталық мемлекеттік архивінде хатшы-машинист мамандығымен бастаған. Кейін осы архивтің 2 санатты архивист, 1993 жылға дейінгі еңбек уақыттарында 1 санатты архивист болды. Ұйымдастыру жұмысы және персоналды басқару бөлімінің бастығы, заңды тұлғалардың архивтермен жұмыс бөлімінің бастығы, біліктілікті арттыру курстарының директоры болды. 2010 жылдан бастап Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві директордың орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін осы архивтің директоры болып жұмыс атқарып жатыр.
Архив саласында 31 жыл еңбек сіңіріп келеді.
Жинақтау көздері-ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жағдайына бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты кәсіби ұйымдастырады.
Іс жүргізу және архив ісі бойынша өндірістік оқу орындарын ұйымдастыру және өткізумен айналысады.
Көптеген жинақтарды даярлауына қатысқан:
1) «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қорлар бойынша жолсілтері». Алматы. 2012. Print Express баспасы;
2) «Истоки жизни. Документы из личного фонда П.И. Мариковского». Алматы. 2012. Print Express баспасы;
3) «Сын Казахстана и Эллады. Спиридон Георгиевич Космериди». Сборник документов и материалов. Алматы. 2014. Print Express баспасы;
4) «Из истории научных медицинских учреждений. Казахстан: 1941-1945 гг.» Сборник документов и материалов. Алматы. 2015. Print Express баспасы;
5) «Опередивший время» Сборник документов и материалов о враче, ученом, организаторе онкологической службы Казахстана Сакене Нугмановиче Нугманове. Алматы. 2015. Print Express баспасы;
6) «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми -техникалық құжаттама архивінің қызметі» (оқу құралы) авторы. Алматы. «Қазақ университеті» баспасы. 2018.
7) «Из истории проектирования объектов культуры г. Алматы. (1930–1980-е гг.)» атты құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Print Express және т.б.
Б. Жұматаеваның ұйымдастыруымен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдаулары мен мақаларында белгіленген өзекті мәселелер мен мақсаттар бойынша белсенді іс-шаралар өткізілуде.
Архив ісін жандандырып, архивке қосқан мол үлесін ескеріп «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен және көптеген Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталған.
Біздің архивтің жетістіктеріне үлес қосқан басшылардың еңбегін елеусіз қалдыру мүмкін емес. Алдағы уақытта да Республика көлеміне тарихи таңбаларымен танымал болатын архив құжаттарының сапалы сақталып, зерттеушілер мен оқырмандарға көрсетер қызметтері көңілден шығарлықтай танымал болатынына және басшылық пен қызметкерлер тарапынан сіңіретін еңбектері зор болатынына сенімдіміз.



Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік
ғылыми-техникалық құжаттама архиві
Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің
жоғары білікті архивист маманы
Ануарханова Лаура Ануарханқызы



Новости

Показать все
03 декабря 2019 года
29 ноября 2019 г. по приглашению историко-культурного центра «Атамекен», расположенного в с. Чемолган Карасайского района Алматинской области, сотрудники РГУ «Центральный государственный архив научно-технической документации» приняли участие в праздничном мероприятии в канун 1 декабря – Дня Первого Президента Республики Казахстан.


29 ноября 2019 года
28 ноября 2019 г., в канун празднования Дня первого Президента Республики Казахстан в Архивном городке (г. Алматы, пр-т Абая, 39) была высажена туя, преподнесенная архивистам в качестве дара.


28 ноября 2019 года
28 ноября 2019 года в Центральном государственном архиве научно-технической документации Министерства культуры и спорта Республики Казахстан состоялось собрание коллектива, посвященное государственному празднику – Дню первого Президента Республики Казахстан, который будет отмечаться 1 декабря.


18 ноября 2019 года
18 ноября 2019 г. состоялось очередное заседание дирекции Центрального государственного архива научно-технической документации


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group