рус
|
ќаз
Вход
Логин 
Пароль 
Авторизация пользователя
ЦЕНТРАЛЬНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ НАУЧНО - ТЕХНИЧЕСКОЙ ДОКУМЕНТАЦИИ
 
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві – еліміз ғылымы мен техникасы тарихының бірегей сақтаушысы

Н. Тұрсынбек
Орталық мемлекеттік ғылыми-
техникалық құжаттама архивінің
жоғары санатты архивисі
Әлеуметтану ғылымдарының магистрі



Архив – тарихитың қайнар бұлағы, құнды деректік құжаттар сақталатын алтын қойма. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру аясында архивтердің халықтың материалды, рухани өмірін айшықтайтын құнды құжаттарды сақтаушылары және елдің тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі ретінде рөлі мен маңызы ерекше болып қана қоймай, тарихи сананы қалыптастыру, өткенді ғылыми тұрғыдан танып білуді қамтамасыз ету, патриоттық, рухани тәрбие беру құралы ретінде де маңызы өте зор.
Еліміздің кешегі мен бүгінгі тарихының сақтаушылары болып табылатын Қазақстан архивтері өзінің қоймалар қойнауында көлемі мен мазмұны бойынша бірегей, аса бай ақпараттық әлеуетке ие қорларды сақтап отыр. Солардың бірі де бірегейі Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жылғы 7 ақпандағы № 50 қаулысымен республиканың халық шаруашылығы, ғылым мен техника саласындағы аса құнды және жаңа жетістіктерін көрсететін ғылыми-техникалық құжаттамаларды мемлекеттік сақтау, есепке алу және пайдалануды қамтамасыз етуді орталықтандыру мақсатында құрылды.
Архив өз қызметін 1974 жылдың 1 наурызынан бастады.
 Бүгінде 45 жылдық мерейлі мерекесін тойлап отырған Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивы ХVIII ғасырдың соңынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның  ғылымы мен техникасының қалыптасу және даму тарихы бойынша құжаттарды сақтайтын аса ірі мекеме болып отыр.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде еліміз аумағында орналасқан республикалық және бұрынғы одақтық бағыныштылықтағы ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық технологиялық салалардағы 121 ұйым мен мекеменің қызметі нәтижесінде қалыптасқан ғылыми-технгикалық және басшылық құжаттамалар мемлекеттік сақтауға алынған. Бүгінгі күні бұл мекемеге 181 қордан тұратын 204329 сақтау бірлігіндегі құжаттар мемлекеттік сақтауға алынған.
Архив қорларының құрамы мамандандырылған архивтың ерекшеліктерін көрсететін ғылыми-зерттеу құжаттамасы, конструкторлық құжаттама, технологиялық құжаттама, жобалау-сметалық құжаттама, патенттік құжаттама, басшылық құжаттама сынды жинақтаушы ғылыми-техникалық құжаттар тобынан тұрады. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивы құжаттарының маңызды бөлігін Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Сібір электр энергетикасы нысанадарының, азаматтық-тұрғын үй, өнеркәсіп және машина жасау,  мелиорация, су және орман шаруашылығы саласы құрылыстарының жобалау құжаттамалары құрайды. Атап айтқанда, «Казгорстройпроект», «Алматыгипрогор», «Казмеханобр», «Казжолпроект», «ВНИПИэнергопром», «ГипроНИИхиммаш» т.б. ірі-ірі жобалау институттарының құжаттары бар. Көптеген қорлар сейсмикалық аса қауіпті аймақтарда қала құрылысы бойынша құжаттардан тұрады. Алматы қаласының тұрғын үй және азаматтық құрылыстарының жобалары бойынша, соғыстан кейінгі кезеңнен бүгінге дейінгі қазақстандық архитектура мектебінің барлық даму тарихын көруге болады. Бұлар ел мәдениеті мен өркениетін айғақтауда маңызды рөл атқарады.
Архивте сақталған құрылыс материалдарын, металл құрылымдарын, ауыл шаруашылық машиналары мен механизмдерін, жеңіл және тамақ өнеркәсібі бұйымдарын өндіру, аспап жасау өндірісін дамыту жолын көрсететін конструкторлық және технологиялық құжаттамалар ерекше көкейкесті материалдар болып саналады.
Экономиканың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, медицина мен білім берудің түрлі салаларындағы ғылыми зертеулерді көрсететін республикалық жетекші институттар мен ғылыми орталықтардың ғылыми-зерттеу құжаттамалары бүгінгі күнде зерттеушілер тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда.
Машина және оның механизмдері, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың инженерлік ғимараттары, сондай-ақ, ауыл және су щаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларындағы өнертапқыштық куәліктері, патенттік құжаттамалары өзіндік маңызға ие және әр алуан.
Басшылық құжаттамалар ғылыми-техникалық құжаттамаларды толықтыратын ақпараттар көзі болып табылады, және ол бұйрықтар мен  есептік-жоспарлау құжаттамалардан, негізгі қызмет жөніндегі жабдықтар, жаңа технологиялық процестерді енгізу, ғылыми зерттеулердің тақырыптары, ғылыми-техникалық ынтымақтастық т.б. туралы хат алмасулардан тұрады.
Құжаттардың ақпарат сақтау тәсілдері әртүрлі: машинада терілген мәтіндер, калька, сәулелі көшірмелер, ватман, фотоқұжаттар, ХVIII-XIX ғасырлардың ерте жобаларында – батист кездеседі.
Мекемелер мен кәсіпорындардың қызметі нәтижесінде құрылған құжаттармен қатар, архивке Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы көрнекті қызметкерлерінің, яғни, А. Абланов, С. Балмұханов, Р. Елешов, Т. Қоңыров, П. Мариковский, Г. Қалиев, М. Усанович, А. Татығұлов, С. Космериди, Б. Атшабаров және т.б. атақты ғалымдар мен республикаға еңбегі сіңген тұлғалардың өмірі мен қызметі тарихынан хабар беретін жеке тектік құжаттары да мемлекеттік сақтауға алынған.
Бүгінгі таңда 4668 сақтау бірлігінен тұратын 36 жеке тектік қор мемлекеттік сақтауда. Солардың бір парасын екінші дүние жүзілік соғыс кезінде қазақстанға департацияланған, грек ұлтынан шыққан ғылым саласының көрнекті тұлғаларының құжаттары құрайды. Елбасымыздың «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт. Қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет» деген ұсынысы аясында, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивы Қазақстан халқы ассамблеясының Алматы қаласындағы Хатшылығы мен Қазақстан грек этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен «Қазақстандық гректер тарихы» атты дөңгелек үстел мәжілісін ұйымдастырып, қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлілік пен бірлікті сақтап, болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру ісіне белсене ат салысты.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік есеп және ғылыми анықтамалық аппарат бөлімі, Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімі, Ұлттық архив қоры және ведомстволық архивтерді толықтыру бөлімі, Репрография және консервациялау бөлімі сынды құрлымдар жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарының есебі мен сақталу жағдайына бақылау, құжаттарды пайдалану, ұйымдар мен ведомстволық архивтер жұмысына әдістемелік және іс жүзінде білікті көмек көрсету және т.б. архив қызметінің барлық бағыттары бойынша белсенді түрде жұмыстар атқарылуда.
Архив қызметкерлері аса құнды құжаттар мен қорларды анықтау және есепке алу жұмыстарын жүргізе отырып, жеке тізімдемелер мен есеп карточкаларын құр, сондай-ақ құжаттарды микрофильмдерге және электронды нұсқаға көшіре отырып электронды ғылыми-анықтамалық аппарат негізінде құжаттардың сақтандыру қоры мен аса құнды құжаттардың көшірмелерінің пайдалану қорын құру істерін қарқынды қолға алуда.
Ғылыми-техникалық құжаттар арқылы қызықтырған мәселелерімен танысу үшін архивте зерттеушілерге қызмет көрсететін оқу залы жұмыс істеуде. Қүн сайын зерттеуші мамандар құжаттармен танысып, олардың ізденістері арқылы архивтік қорлар көпшілік назарына ұсынылуда. Соңғы жылдары ғимараттар мен ғимараттардың құрылысы және қайта қалпына келтірілуі туралы құжаттарға сұраныс көбейді. Жыл өткен сайын көне архив құжаттарына АҚШ, Франция, Австрия, Германия т.б. шетел зерттеушілерінің қызығушылығы артып келеді. Сонымен бірге, интернет арқылы архив ақпаратына қол жетімділік қамтамасыз етіліп, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві сайтында «ашық» архив іске қосылды.
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды өсуі мен дамуы жобалау ұйымдарының, конструкторлық бюролардың, ғылыми-зерттеу институттарының бірегей компьютерлік бағдарламалар арқылы жұмыстарды сандық орындаудың жаңа жұмыс әдістеріне көшуін есепке ала отырып, ғылыми-техникалық архив техниканы модернизациялау және тәжірибеге жаңа технологиялар енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп отыр.
Сонымен бірге, Ұлттық архив қоры құжаттарын пайдалану және жариялау бойынша белсенді жұмыстар атқарылып, қор құжаттары негізінде көптеген құжаттық жинақтар жарық көруде.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде жастардың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық бірегейлілікті қалыптастыру, ұлттық сананы көтеруде архив саласының атқаратын рөлі зор екені баршамызға аян. Өйткені, бүгінгі күні архивтер – халық жадының сақтаушысы ғана емес, тарихи сананы қалыптастырудың, патриоттық, рухани тәрбие берудің маңызды құралы. Бұл міндеттерді іске асыру үшін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орната отырып, студенттерге архив құжаттарын насихаттау, тарихи-деректі көрмелер ұйымдастыру, түрлі бірлескен жобаларды іске асыру арқылы оларды отан сүйгіштікке, тарихқа құрметпен қарауға, архив саласының маңызын жете түсінуге баулуда.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында алға қойылған «Архив – 2025» бағдарламасының қолға алынуы, архив саласының мемлекеттік деңгейде үлкен қолдауға ие болуы, барша архив мекемелері қызметкерлерінің мерейін асырып, архив саласының жарқын болашағына деген сенімдерін арттыра түсті.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері ел игілігіндегі құндылықтарды аса байыппен сақтап, асыл мұралардың болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізілуі және олардың ұтымды пайдаланылуы мен барынша толық зерттелуі үшін қалтқысыз қызмет атқаруда.


Новости

Показать все
03 декабря 2019 года
29 ноября 2019 г. по приглашению историко-культурного центра «Атамекен», расположенного в с. Чемолган Карасайского района Алматинской области, сотрудники РГУ «Центральный государственный архив научно-технической документации» приняли участие в праздничном мероприятии в канун 1 декабря – Дня Первого Президента Республики Казахстан.


29 ноября 2019 года
28 ноября 2019 г., в канун празднования Дня первого Президента Республики Казахстан в Архивном городке (г. Алматы, пр-т Абая, 39) была высажена туя, преподнесенная архивистам в качестве дара.


28 ноября 2019 года
28 ноября 2019 года в Центральном государственном архиве научно-технической документации Министерства культуры и спорта Республики Казахстан состоялось собрание коллектива, посвященное государственному празднику – Дню первого Президента Республики Казахстан, который будет отмечаться 1 декабря.


18 ноября 2019 года
18 ноября 2019 г. состоялось очередное заседание дирекции Центрального государственного архива научно-технической документации


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group