[justify]«Әке» деген сезімді кім ұмытар... Әр отбасында әкенің орны ерекше екені баршаға мәлім. Әке – отбасының асыраушысы ғана емес, отбасының тірегі, ұйытқысы, қамқоршысы. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкенің әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Осындай әкелердің бірі менің әкем – Жұмаділ Есдәулетов. Отбасымыздың мейір-шапағат көзі – менің әкем еді. Ол кісіні ғұмыр бойы ұстаз болып зейнеткерлікке шықты, ұзақ жыл Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақтерек орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды, келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге бар күш-жігерін салды, сондықтан болар, бүкіл аудан тұрғындары құрмет тұтты. Тіпті облыс, республика жұртшылығына кеңінен танымал болған, соңына өшпестей із қалдырған ұлағатты ұстаз. Әкемнің замандастары: Жұмабай Жадрин, Рахым Дәуітов, Елікбай Сариев, Жұмаділ Шаяхметов, Ізтілеу Жотабаев, Жолсейіт Есбаев секілді өмірден оқыған, тоқығандары телегей-теңіз парасатты, зиялы ағаларымызбен сырласып, салмақты да салиқалы пікірлер, тұжырымдар айтқанын естіп өскенімді іштей мақтан етемін. Әкем Алматыға қоныс аударғаннан кейін ақын Қадыр Мырза-Әлімен, Әзілхан Нұршайықовпен жиі кездесіп пікірлесті. Ал, Тұманбай Молдағалиевпен, Исраил Сапарбаевпен, Жанат Ахмадимен, Марат Тоқашбаев, Нағашыбек Қапалбекұлы сынды қаламгерлермен араласып сырласты. Ал анам болса, осындай жаны жайсаң жандарға дастарқанын кең жайып тік тұрып күтіп алатын. Әкемнің әкесі – атам Есдәулет Кәндеков Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халық ақыны, жыр алыбы Жамбылдың сүйікті шәкірттерінің бірі, Кенен атамыздың замандасы. 1916 жылы көтеріліске қатысқаны үшін 20 жылға каторгаға айдалған батыр, батыл азамат, эпосшы, жыршы. Сонымен қатар ол жетісулық Кенен, Үмбетәлі, Жақсыбай, Қалқа, Сыр бойының ақындары Рахмет Мәзқожаұлы мен Әбділда Жүргенбайұлымен айтысқа түскен. Кенен атамызбен айтысқанда былай дейді:[/justify] [center]-Есдәулет, Кенен болдық егіз ақын, Сіздер де өлең толған теңіз ақын. Халыққа өмір сырын ұқтырмасақ, Айқайлап, құр бекерге неміз ақын?[/center] [justify]Атам өзінің болашақ жары Ақжолтаймен (әжеммен) айтыста танысып, талай тойларда қыз бен жігіт айтысының үздік үлгісі бола білген. Атамның жыр-дастандарының жинағы бірнеше рет жарық көрді. Биыл, 2020 жылдың басында «Али батыр» атты кітабы баспадан шықты. Шу қаласында, Қордайда, Ақтерек, Ұзынағаш ауылдарында Есдәулет ақынның атымен аталатын көшелер де бар. [/justify] [center]Әкем менің асқар тауым, тірегім, Бәрінен де сен қымбатсың, білемін. Қанат қағып кетсем алыс қияға, Сен деп соғар кеудемдегі жүрегім.[/center] [justify]Әкем Жұмаділ – қазақ, орыс, француз тілдерін жетік меңгерген, кісілік дәрежесі жоғары ұстаздардың бірі-бірегейі, ұстаздардың ұстазы өресі биік еді. «Әке – асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол – менің сүйікті әкешім. Қарапайым ұстаз бола тұра өмірде өз орнын ойып тұрып алған әкемнің еңбектері, өлеңдері мен естеліктері, ғибрат сөздері ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, немере- шөберелерінің көкейінде қала бермек. 2004 жылы «Өмір өрнегі» атты кітабы жарық көрді. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Әкем жаратылысында өте байсалды, терең білімді, сыпайы жан еді. Оның бойындағы тектілігі, әке жолын жалғастырып атамның рухани мұрасын қастерлегені, парасат-пайымы, адамгершілік қасиеттері өмір бойына бізге үлгі-өнеге. Әкеммен жұптасып жарты ғасыр ғұмыр кешкен, ұлдарын ұяға қондырып, қыздырын қияға ұшырған анам Жұмағалиева Меруерт қолына қалам алып «Мәңгілік сағыныш» және «Мағыналы ғұмыр» атты естелік кітаптарын жазды. Адамдар армандайтын, көзге көрінбейтін, қолға ұстатпайтын «бақыт» деген ғажайып құс осы болар. Анам ақын атасы мен отағасының шығармашылығына адалдығын танытып, олардың соңына қалдырған тарихи бай мұраларын бүгінгі оқырманға жеткізуде жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Жақсы адамдар өмірге тектен текке келіп, тектен текке кетпейді. Артында тәрбиелеп өсірген ұлағатты ұрпағы, кейінгілерге үлгі-өнеге болардай еңбегі қалады. Есімі жұрттың есінде сақталып, естеліктер айтылып та, жазылып та жатады. Бүгінде әкемнің қасиетті қара шаңырағында балалары, немере-шөберелері өсіп-өніп өнегелі үлкен әулетке айналған. «Өлгендерді өлді деуге болмайды, егер олардың аруағын тірілер риясыз құрметтесе», – депті Андре Моруа. Әрдайым азаматтықтың биік тұғырынан көрінетін әкемнің жарқын бейнесі, адал жүрегі, тәңір сыйлаған асыл қасиеттері жадымыздан ұмытылмақ емес. [/justify] [right] [b]Есдәулет немересі Гүлнар Жұмаділқызы 10.04.2020 ж.[/b][/right]

«Әке» деген сезімді кім ұмытар... Әр отбасында әкенің орны ерекше екені баршаға мәлім. Әке – отбасының асыраушысы ғана емес, отбасының тірегі, ұйытқысы, қамқоршысы. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкенің әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Осындай әкелердің бірі менің әкем – Жұмаділ Есдәулетов. Отбасымыздың мейір-шапағат көзі – менің әкем еді. Ол кісіні ғұмыр бойы ұстаз болып зейнеткерлікке шықты, ұзақ жыл Алматы облысы Жамбыл ауданының Ақтерек орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды, келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге бар күш-жігерін салды, сондықтан болар, бүкіл аудан тұрғындары құрмет тұтты. Тіпті облыс, республика жұртшылығына кеңінен танымал болған, соңына өшпестей із қалдырған ұлағатты ұстаз. Әкемнің замандастары: Жұмабай Жадрин, Рахым Дәуітов, Елікбай Сариев, Жұмаділ Шаяхметов, Ізтілеу Жотабаев, Жолсейіт Есбаев секілді өмірден оқыған, тоқығандары телегей-теңіз парасатты, зиялы ағаларымызбен сырласып, салмақты да салиқалы пікірлер, тұжырымдар айтқанын естіп өскенімді іштей мақтан етемін. Әкем Алматыға қоныс аударғаннан кейін ақын Қадыр Мырза-Әлімен, Әзілхан Нұршайықовпен жиі кездесіп пікірлесті. Ал, Тұманбай Молдағалиевпен, Исраил Сапарбаевпен, Жанат Ахмадимен, Марат Тоқашбаев, Нағашыбек Қапалбекұлы сынды қаламгерлермен араласып сырласты. Ал анам болса, осындай жаны жайсаң жандарға дастарқанын кең жайып тік тұрып күтіп алатын.
Әкемнің әкесі – атам Есдәулет Кәндеков Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халық ақыны, жыр алыбы Жамбылдың сүйікті шәкірттерінің бірі, Кенен атамыздың замандасы. 1916 жылы көтеріліске қатысқаны үшін 20 жылға каторгаға айдалған батыр, батыл азамат, эпосшы, жыршы. Сонымен қатар ол жетісулық Кенен, Үмбетәлі, Жақсыбай, Қалқа, Сыр бойының ақындары Рахмет Мәзқожаұлы мен Әбділда Жүргенбайұлымен айтысқа түскен. Кенен атамызбен айтысқанда былай дейді:
-Есдәулет, Кенен болдық егіз ақын,
Сіздер де өлең толған теңіз ақын.
Халыққа өмір сырын ұқтырмасақ,
Айқайлап, құр бекерге неміз ақын?
Атам өзінің болашақ жары Ақжолтаймен (әжеммен) айтыста танысып, талай тойларда қыз бен жігіт айтысының үздік үлгісі бола білген. Атамның жыр-дастандарының жинағы бірнеше рет жарық көрді. Биыл, 2020 жылдың басында «Али батыр» атты кітабы баспадан шықты. Шу қаласында, Қордайда, Ақтерек, Ұзынағаш ауылдарында Есдәулет ақынның атымен аталатын көшелер де бар.
Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың, білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар кеудемдегі жүрегім.
Әкем Жұмаділ – қазақ, орыс, француз тілдерін жетік меңгерген, кісілік дәрежесі жоғары ұстаздардың бірі-бірегейі, ұстаздардың ұстазы өресі биік еді.
«Әке – асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол – менің сүйікті әкешім. Қарапайым ұстаз бола тұра өмірде өз орнын ойып тұрып алған әкемнің еңбектері, өлеңдері мен естеліктері, ғибрат сөздері ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, немере- шөберелерінің көкейінде қала бермек. 2004 жылы «Өмір өрнегі» атты кітабы жарық көрді.
«Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Әкем жаратылысында өте байсалды, терең білімді, сыпайы жан еді. Оның бойындағы тектілігі, әке жолын жалғастырып атамның рухани мұрасын қастерлегені, парасат-пайымы, адамгершілік қасиеттері өмір бойына бізге үлгі-өнеге.
Әкеммен жұптасып жарты ғасыр ғұмыр кешкен, ұлдарын ұяға қондырып, қыздырын қияға ұшырған анам Жұмағалиева Меруерт қолына қалам алып «Мәңгілік сағыныш» және «Мағыналы ғұмыр» атты естелік кітаптарын жазды. Адамдар армандайтын, көзге көрінбейтін, қолға ұстатпайтын «бақыт» деген ғажайып құс осы болар. Анам ақын атасы мен отағасының шығармашылығына адалдығын танытып, олардың соңына қалдырған тарихи бай мұраларын бүгінгі оқырманға жеткізуде жасаған еңбегі ұшан-теңіз.
Жақсы адамдар өмірге тектен текке келіп, тектен текке кетпейді. Артында тәрбиелеп өсірген ұлағатты ұрпағы, кейінгілерге үлгі-өнеге болардай еңбегі қалады. Есімі жұрттың есінде сақталып, естеліктер айтылып та, жазылып та жатады. Бүгінде әкемнің қасиетті қара шаңырағында балалары, немере-шөберелері өсіп-өніп өнегелі үлкен әулетке айналған.
«Өлгендерді өлді деуге болмайды, егер олардың аруағын тірілер риясыз құрметтесе», – депті Андре Моруа.
Әрдайым азаматтықтың биік тұғырынан көрінетін әкемнің жарқын бейнесі, адал жүрегі, тәңір сыйлаған асыл қасиеттері жадымыздан ұмытылмақ емес.

Есдәулет немересі Гүлнар Жұмаділқызы

10.04.2020 ж.

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz