[justify]Биыл Ұлы Отан Соғысының Ұлы Жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толады. Сұрапыл соғыстың бетін қайтарып, елімізді, жерімізді қандықол фашистерден азат еткен майдангер ардагерлеріміздің де саны саусақпен санарлық болып азайып қалды. «Ер есімі, ел есінде». Бұл тарихи оқиғаны мектептегі тарих пəнінен жадымыздан өшірмей, ұрпақтарымызға оқыту арқылы қиын-қыстау кезеңдердегі ата-апаларымыздың майдан шебіндегі жəне тылдағы ерліктерін жеткізе білуіміз керек. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіндегі жеке тектік қордағы жинақталған істегі тұлғалардың Ұлы Отан Соғысы жылдары жасаған көзсіз батылдықпен көрсеткен ерліктері мен қатар тыл майданындағы тынымсыз еңбектерінен өлім мен өмір арасындағы айқастарының жемісін көреміз. Мажитов Шәкен Мәжитұлы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ҰОС ардагері, «1941 – 1945 жж. Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», Поляк Халық Республикасының «Одер, Нисса, Балтық үшін», «Майдан алаңындағы ерлігі үшін», «Азат ету және бостандық үшін», «Варшава үшін», «Берлин шайқасына қатысқаны үшін» және басқа медальдарымен марапатталған. Мажитов Шәкен Мәжитұлы әскери мансабын 19 жасында, соғыс жылдарында Омбыға эвакуацияланған Ленинград әскери командалық училищесінде жеделдетілген курстардан өткеннен кейін бастады. Медициналық қызметтің кіші лейтенанты атағымен ол өзі жүретін артиллериялық СУ 76 батальонына майданға жіберілді. 1944 жылдың мамырында Ровно қаласында осы дивизия поляк армиясына қосылды. Мажитов Шәкен - Қарағанды ​​облысының Қарқаралы ауданының тумасы Тадеуш Костюшко атындағы Поляк бірінші Әскери Армиясының құрамында Ровно шайқасына қатысты. Шәкеннің алдыңғы қатардағы досы поляк офицері Казимир Костюковский болды. Зуылдаған снарядтардың дауысы астында сарбаздардың достығы туды. Окоптарда аз ғана үзіліс уақыттарында Казимир Шәкенді поляк тілінде сөйлеуге, Адам Мицкевичтің өлеңдерін оқуға үйретті, ал Шәкен өз кезегінде жолдасына қазақ тілінде ән айтып, Абай өлеңдерін оқыды. Он тоғыз жасар жастардың - поляк пен қазақтың - екі ұлы ақындарының адам туралы жақсы, сүйіспеншілік, адамгершілік жайындағы тамаша сөздерімен бөлісті. Германияда, Ораниенбургті басып алған кезде, фашистер соңғы азап та қатыгез қарсылық көрсетті. Кішкентай бұталар өсіп тұрған биіктіктен олар ерекше күшті отты ашты. Олар алты бөшкелі минометтен соққы жасады. Бұл шайқаста Казимирден көз жазып қалды. Мажитов Шəкен Мəжитұлы Берлинге дейін жетіп, Рейхстагтың қабырғасына өз қолтаңбасын қалдырған ержүрек жауынгердің бірі. Шәкен Мәжитұлы 1947 жылы әскерден босатылды және ол өзі армандаған заң институтын оқып бітірді. Соғыс аяқталғаннан кейін 35 жыл өткен соң, 1980 жылы Ш. Мажитовті КСРО-дағы Польша Халық республикасының әскери атташесі іздестірді және «Даңқ алаңында құрметті», «Жеңіс пен еркіндік үшін», «Варшава үшін», «Одер, Нисса, Балтика үшін», «Берлин үшін шайқастарға қатысқаны үшін», «Грунвальд белгісі» және «Т.Костюшконің белгісі» Поляк Әскерінің ордендері мен медальдарын Казвоенкоматқа жіберді. Шәкен Мәжитұлы Мажитов бірден Польша Халық Республикасының жеті бірдей әскери марапаттарына ие болды. Егер ұлы ғылымның бастауы Отанның сенімді және батыл қорғаушысы болса, ол терең ойға ие, сонымен бірге кеудесінде риясыз жүрек соғып жатса, мұндай елде азаматтар болашаққа сенімді бола алады. Ерекше криминалист Шәкен Мәжитұлы Мажитов даңқты батыр және жай ғана асыл адам ретінде Қазақстан тарихында жарқын із қалдырды. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіндегі 153 сақтау бірлігінен тұратын Шәкен Мәжитұлы Мажитовтың № 130 жеке қорындағы құжаттар зерттеушілердің ғылыми жұмыстарында, радио мен телеарналарға, мақала мен көрмелерді дайындауға қолданылып тұрады.[/justify] [right][b]Лаура Ануарханқызы[/b][/right]

Биыл Ұлы Отан Соғысының Ұлы Жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толады. Сұрапыл соғыстың бетін қайтарып, елімізді, жерімізді қандықол фашистерден азат еткен майдангер ардагерлеріміздің де саны саусақпен санарлық болып азайып қалды. «Ер есімі, ел есінде». Бұл тарихи оқиғаны мектептегі тарих пəнінен жадымыздан өшірмей, ұрпақтарымызға оқыту арқылы қиын-қыстау кезеңдердегі ата-апаларымыздың майдан шебіндегі жəне тылдағы ерліктерін жеткізе білуіміз керек.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіндегі жеке тектік қордағы жинақталған істегі тұлғалардың Ұлы Отан Соғысы жылдары жасаған көзсіз батылдықпен көрсеткен ерліктері мен қатар тыл майданындағы тынымсыз еңбектерінен өлім мен өмір арасындағы айқастарының жемісін көреміз.
Мажитов Шәкен Мәжитұлы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, ҰОС ардагері, «1941 – 1945 жж. Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», Поляк Халық Республикасының «Одер, Нисса, Балтық үшін», «Майдан алаңындағы ерлігі үшін», «Азат ету және бостандық үшін», «Варшава үшін», «Берлин шайқасына қатысқаны үшін» және басқа медальдарымен марапатталған.
Мажитов Шәкен Мәжитұлы әскери мансабын 19 жасында, соғыс жылдарында Омбыға эвакуацияланған Ленинград әскери командалық училищесінде жеделдетілген курстардан өткеннен кейін бастады. Медициналық қызметтің кіші лейтенанты атағымен ол өзі жүретін артиллериялық СУ 76 батальонына майданға жіберілді. 1944 жылдың мамырында Ровно қаласында осы дивизия поляк армиясына қосылды. Мажитов Шәкен - Қарағанды ​​облысының Қарқаралы ауданының тумасы Тадеуш Костюшко атындағы Поляк бірінші Әскери Армиясының құрамында Ровно шайқасына қатысты. Шәкеннің алдыңғы қатардағы досы поляк офицері Казимир Костюковский болды. Зуылдаған снарядтардың дауысы астында сарбаздардың достығы туды. Окоптарда аз ғана үзіліс уақыттарында Казимир Шәкенді поляк тілінде сөйлеуге, Адам Мицкевичтің өлеңдерін оқуға үйретті, ал Шәкен өз кезегінде жолдасына қазақ тілінде ән айтып, Абай өлеңдерін оқыды. Он тоғыз жасар жастардың - поляк пен қазақтың - екі ұлы ақындарының адам туралы жақсы, сүйіспеншілік, адамгершілік жайындағы тамаша сөздерімен бөлісті.
Германияда, Ораниенбургті басып алған кезде, фашистер соңғы азап та қатыгез қарсылық көрсетті. Кішкентай бұталар өсіп тұрған биіктіктен олар ерекше күшті отты ашты. Олар алты бөшкелі минометтен соққы жасады. Бұл шайқаста Казимирден көз жазып қалды.
Мажитов Шəкен Мəжитұлы Берлинге дейін жетіп, Рейхстагтың қабырғасына өз қолтаңбасын қалдырған ержүрек жауынгердің бірі. Шәкен Мәжитұлы 1947 жылы әскерден босатылды және ол өзі армандаған заң институтын оқып бітірді.
Соғыс аяқталғаннан кейін 35 жыл өткен соң, 1980 жылы Ш. Мажитовті КСРО-дағы Польша Халық республикасының әскери атташесі іздестірді және «Даңқ алаңында құрметті», «Жеңіс пен еркіндік үшін», «Варшава үшін», «Одер, Нисса, Балтика үшін», «Берлин үшін шайқастарға қатысқаны үшін», «Грунвальд белгісі» және «Т.Костюшконің белгісі» Поляк Әскерінің ордендері мен медальдарын Казвоенкоматқа жіберді. Шәкен Мәжитұлы Мажитов бірден Польша Халық Республикасының жеті бірдей әскери марапаттарына ие болды.
Егер ұлы ғылымның бастауы Отанның сенімді және батыл қорғаушысы болса, ол терең ойға ие, сонымен бірге кеудесінде риясыз жүрек соғып жатса, мұндай елде азаматтар болашаққа сенімді бола алады. Ерекше криминалист Шәкен Мәжитұлы Мажитов даңқты батыр және жай ғана асыл адам ретінде Қазақстан тарихында жарқын із қалдырды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіндегі 153 сақтау бірлігінен тұратын Шәкен Мәжитұлы Мажитовтың № 130 жеке қорындағы құжаттар зерттеушілердің ғылыми жұмыстарында, радио мен телеарналарға, мақала мен көрмелерді дайындауға қолданылып тұрады.

Лаура Ануарханқызы

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz