[justify] [img=left w=300]uploads/gallery_ntddoc/02062020_1.jpg[/img] Исламқұлов Мұхамедқұл 1906 жылы Шымкент губерниясының Арыс- Бадам болысында дүниеге келген. Ол кісінің әкесі Исламқұл деген кісі (Мұхамедқұл атамыздың әкесі) өзі болыс болған адам. Ата-бабаларының көздері ашық, оқу оқыған. Исламқұл атамыз 1900 жылы Петербургте Заң училищесін бітірген, зиялы кісі болған. Мұхамедқұл атамыз 1929 жылы Ташкентте Орта Азия мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтармен қатар оқыған. Оқуын бітіріп шыққан соң бірден мектепке жұмысқа орналасып, аудандық газеттерде жұмыс істеген. Жергілікті әкімшілікте жауапты қызметтерді атқарған. 1934 жылы Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде Оқу, мәдениет және әдебиет бөлімін басқарады. Біраз тәжірибе жинап, 1938 жылдан бастап Алматыға келіп «Социалистік Қазақстан» газетінің қызметкері болып істейді («Социалистік Қазақстан» газеті ол кездері «Егемендік Қазақстан» деп аталған). Сол жерде істеп жүрген кезде 1941 жылы соғыс басталады. Мұхамедқұл атамыздың майданға аттанғанын Қаби Міржанов деген кісі «Егемендік Қазақстан» газетінің 90-жылдығына орай шыққан кітабында былай деп еске алады: «Барша қызметкерлер, біріміз қалмай редакцияның кең бөлмесіне- кітапханаға жиналдық. Соғысты естіген кезде, әркімнің жүзінен оған дейінгі күндердегідей жайраңдаған қуаныш нышаны емес, ызғарлы ызбар еседі. Отан тағдырын ойлаған уайым сезіледі, бұл жиын жоспарлы жиналыс немесе күн сайынғы лездеме емес. Левитанның дауысы: «... началась война, немцы нарушили границы Советского Союза...», - деп айтып жатқан кезде адамдардың барлығы үрейлері ұшып, үнсіз қалды. Үнсіздікті мал шаруашылық секторының меңгерушісі Мұхамедқұл Исламқұлов бұзды. Ол Қызыл Әскердің запастағы командирі еді. «Осы түні мен сіздермен қоштасамын», - деді Мұхамедқұл. «Қазір үйге де соқпастан тура әскери бөлімге тартамын, барлық жігіттерге сәт сапар тілеймін, жеңіспен жолығайық, жолдастар!», - деп бәрімізбен қоштасты. Осылайша «Социалистік Қазақстан» ұжымынан бірінші болып майданға аттанған Исламқұлов еді. Мінезі бай, адамгершілігі мол, қолы ашық. Бұл жігіт енді ортамызға келмейді деп сонда ойладық па? Ол 1941 жылы 22 маусымда үйіне соқпастан Сталинский военкоматқа барып: «Мен өз еркіммен майданға барамын»,- деп арыз жазып үйіне келеді. Екі ұлының, Ойрат пен Қайраттың, әйелінің беттерінен сүйіп, қоштасып, қайтып военкоматқа барады. Бұл жерге қазақтың жігіттерін бірден соғысқа жібермей, алдымен Талғарға жинап, шынықтырулар жүргізіп, орысша әскери бұйрықтарды орындауды үйретеді. Б. Момышұлы кітаптарында былай деп мысал келтірген: «...олар «налево, направо» дегенді түсіну үшін бір иығына шөп екіншісіне қамыс байлап қойған. «Солға, оңға» деп айтпай, «шөпке, қамысқа» деп бұйрық берген...». [img=left w=300]uploads/gallery_ntddoc/02062020_2.jpg[/img] Мұхамедқұл Исламқұловтың жеке құжаттарынан алынған деректері: 1906 жылы Арыс-Бадам болысында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген. Ташкенттегі Орталық Азия мемлекеттік университетінің (САГУ) журналистика факультетін бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін Шымкент облысында оқытушы, тілші, облыстық газеттерінің қызметкері болып жұмыс істеді. 1941 жылы соғыс басталғанға дейін республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері болған. 1941 жылы Панфилов дивизиясының құрамында кіші лейтенант шенімен және взвод командирі лауазымында Мәскеуді қорғап шайқастарға қатысқан. Бауыржан Момышұлы полк командирі болып тағайындалғанда, лейтенант Исламқұлов Мұхаметқұлды батальон командирі етіп ауыстырды. М. Исламқұловтың басқаруындағы батальон майданның ең қауіпті жерлерінде, алдыңғы шепте болды. М. Исламқұловтың көрсеткен батылдығы мен ерлігі туралы Марапаттау парағында былай жазылған: «Крюково үшін 4 күн болған шайқаста Бірінші жаяу әскері дивизиясының 1-батальонының командирі Мұхаметқұл Исламқұлов ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Ол бір қадам да артқа шегінбей, жаудың жоғары күштерін аяусыз жеңді, ал кейінгі үш күндік шайқастарда фашистерді аяусыз талқандады. Маневрлік күштерді шебер басқарып, қарсы шабуылды ұйымдастырды және 19.12.1941 ж. үш есе жоғары жау толығымен жеңіліп, дивизионда бірінші болып Крюкованы басып алды. Немістер жеңіліске ұшырады. Жолдас М. Исламқұлов ерекше батылдық танытып, жауынгерлерді жігерлендіре отырып, өзі де ең қауіпті жерлерде алда жүрді». Крюково шайқастарындағы ерлігі үшін Батыс майданы штабының бұйрығымен Мұхаметқұл атамыз «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. М. Исламқұлов туралы Александр Бек «Волоколамское шоссе» кітабында былай деп атап өткен: «Исламқұлов батальонның асханасында тұрып, күтпеген жерден немістер шабуыл жасады. Бұл қорқынышты сәт болды. Сергек болған Исламқұлов 20 сарбазды бес-алты метр қашықтықта, биіктікте тұрып: «Атыңдар!» деп бұйырды. Артқа шегінген неміс зеңбіректерінің қарулары жартылай жойылып, жартылай орманға қашты». Панфилов дивизиясының гвардия капитаны А. Трефилов «Сен оны мақтан ете аласың» атты Старая Русса маңындағы шайқастарды сипаттайтын мақаласында Исламқұловтың ерлігін былай бейнелейді: «Исламқұловтың батальоны екі жүз бөліктен тұратын жаудың екінші ең мықты жағымен шайқасты. Ол өліммен күресіп, шабуылға қарсы тұрды.... Әр жерде Исламқұлов батылдық танытты. 1942 жылдың 3 ақпанында батальон командирі Старая Русса қасындағы Малее Горби ауылының маңында жаудың қорғанысын қиратқан кезде тағы да ең қауіпті шайқаста ерлік пен батырлықтың үлгісі болды. Бірақ фашисттердің күші басым еді. Батальон ауыл шетінде екі жүз метр жерде орналасқан. Содан кейін батальон командирі Исламқұловтың керемет дауысы шықты: Панфиловшылар! Отан үшін, Алға! 20 минуттан кейін бәрі аяқталып, ауыл фашистерден босатылды. ... Бірнеше күн өткеннен кейін, Исламқұловтың батальоны тағы да шайқасқа шықты. Бұл Ожедова қаласында болды. Исламқұлов, тағыда жауға тойтарыс берді. Осылайша ол ел есінде қалды. Батальон дауылмен Ожедово елді-мекенін басып алды. Бірақ Редя өзенінің жағасында батальон командирі ерлікпен қаза тапты». Еліміздің данкты батырымыз Бауыржан Момышұлы Мұхаметқұл Исламқұловты мақтан етіп, аса құрметпен көптеген шығармаларында еске алады. «Өлмес ерлік» әңгімесінде: «Лейтенант Исламқұлов бастаған 20 мергеннің ерліктерін еске түсіріңіз. Волоколамск ауданының аумағында фашистердің шабуылы Исламқұловтың батыл және шебер батальоны соққы берді», - делінген. «Мәскеу біздің артымызда» кітабында Исламқұловтың батальоны неміс танктерінің шабуылын тоқтатып қайтарғаны туралы айтып берген. Мұхаметқұл Исламқұлов қаза болғаннан кейін, сол кездегі полк командирі Бауыржан Момышұлы қарамағындағы жауынгерге былай бұйрық береді: «Исламқұловтың денесін тылға жіберіңіз, егер алға жылжып келе жатқан әскерлер жібермесе, онда: Кеңес Одағының Батыры Исламқұловтың денесін алып келемін», - деп айтыңыз. Б. Момышұлы Мұхаметқұл Исламқұловтың қазасына қатты қайғырып «Қанмен жазылған кітап» шығармасында былай деп жазады: «Ол өте ақылды, жүрек жұтқан батыр командир болатын. Кіші лейтенант болса да, мен оны батальон командирі етіп тағайындадым. Оны осы қызметке қояр кезде комиссарыммен келісе алмай да қалдым. Кейінгі шайқастарда Исламқұлов батальон командирі ретінде бірнеше рет көзге түсті, полкте лайықты құрмет пен беделге ие болды. Мен оның қазасына арнап өлең жазған едім:[/justify] [center]Келбетті, орта бойлы, өжет мінез, Кең маңдайда ақылды жайнаған көз. Әдепті һәм өнерлі салтанатты, Сендей жігіт анадан туа бермес. Деуші едім ішімнен мен сені көріп, Айтпағанмен өзіңе шын сыр беріп. Болашақта қолбасшы болатын ер Өткелден өтсе қиын жорық көріп. Қия жерден қисаймай, Тіке жүріп кетіп ең. Сескенбестен қауіптен, Қайтпастан алған бетіңнен. Бірнеше қырғын соғыста, Жалтақтамай артыңа, Жігіттік, ерлік, батырлық, Қаһармандық етіп ең. Тосыннан тиген дұшпанға Тапқырлықпен, әдіспен, Табандылық етіп ең. Полкқа бұйрық болғанда, Бір өзіңе аманат Ерлерді табыс етіп ем. Қан майданды қақ жарып Шыққаныңа сүйсініп, Біздің батыр мынау деп, Көрсетіп мақтан етіп ем. Өршіл, өжет батырым, Ерлігіңе сенуші ем. Қас батырдың бейнесін Сипатыңнан көруші ем. Ақылға да кең едің, Үлгі, өнеге көрсетер, Ер серкесі болар деп Ішімнен баға беруші ем. Серігім едің сенімді Жауды бірге шабысқан. Жүрекке суық, жанға жат Есіттім хабар алыстан: Сыймай кеттің маңдайға Қыршын, шейіт арыстан. Қазаңа қатты қайғырып, Жігер бауырым құм болып, Қабырғам менің қайысқан».[/center] [right] [b]Бибіхан Қаусываның өз қайынатасы туралы естеліктері [/b][/right]

Исламқұлов Мұхамедқұл 1906 жылы Шымкент губерниясының Арыс- Бадам болысында дүниеге келген. Ол кісінің әкесі Исламқұл деген кісі (Мұхамедқұл атамыздың әкесі) өзі болыс болған адам. Ата-бабаларының көздері ашық, оқу оқыған. Исламқұл атамыз 1900 жылы Петербургте Заң училищесін бітірген, зиялы кісі болған.
Мұхамедқұл атамыз 1929 жылы Ташкентте Орта Азия мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқановтармен қатар оқыған. Оқуын бітіріп шыққан соң бірден мектепке жұмысқа орналасып, аудандық газеттерде жұмыс істеген. Жергілікті әкімшілікте жауапты қызметтерді атқарған. 1934 жылы Шымкент қаласындағы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде Оқу, мәдениет және әдебиет бөлімін басқарады. Біраз тәжірибе жинап, 1938 жылдан бастап Алматыға келіп «Социалистік Қазақстан» газетінің қызметкері болып істейді («Социалистік Қазақстан» газеті ол кездері «Егемендік Қазақстан» деп аталған).
Сол жерде істеп жүрген кезде 1941 жылы соғыс басталады. Мұхамедқұл атамыздың майданға аттанғанын Қаби Міржанов деген кісі «Егемендік Қазақстан» газетінің 90-жылдығына орай шыққан кітабында былай деп еске алады: «Барша қызметкерлер, біріміз қалмай редакцияның кең бөлмесіне- кітапханаға жиналдық. Соғысты естіген кезде, әркімнің жүзінен оған дейінгі күндердегідей жайраңдаған қуаныш нышаны емес, ызғарлы ызбар еседі. Отан тағдырын ойлаған уайым сезіледі, бұл жиын жоспарлы жиналыс немесе күн сайынғы лездеме емес. Левитанның дауысы: «... началась война, немцы нарушили границы Советского Союза...», - деп айтып жатқан кезде адамдардың барлығы үрейлері ұшып, үнсіз қалды. Үнсіздікті мал шаруашылық секторының меңгерушісі Мұхамедқұл Исламқұлов бұзды. Ол Қызыл Әскердің запастағы командирі еді. «Осы түні мен сіздермен қоштасамын», - деді Мұхамедқұл. «Қазір үйге де соқпастан тура әскери бөлімге тартамын, барлық жігіттерге сәт сапар тілеймін, жеңіспен жолығайық, жолдастар!», - деп бәрімізбен қоштасты. Осылайша «Социалистік Қазақстан» ұжымынан бірінші болып майданға аттанған Исламқұлов еді. Мінезі бай, адамгершілігі мол, қолы ашық. Бұл жігіт енді ортамызға келмейді деп сонда ойладық па? Ол 1941 жылы 22 маусымда үйіне соқпастан Сталинский военкоматқа барып: «Мен өз еркіммен майданға барамын»,- деп арыз жазып үйіне келеді. Екі ұлының, Ойрат пен Қайраттың, әйелінің беттерінен сүйіп, қоштасып, қайтып военкоматқа барады. Бұл жерге қазақтың жігіттерін бірден соғысқа жібермей, алдымен Талғарға жинап, шынықтырулар жүргізіп, орысша әскери бұйрықтарды орындауды үйретеді. Б. Момышұлы кітаптарында былай деп мысал келтірген: «...олар «налево, направо» дегенді түсіну үшін бір иығына шөп екіншісіне қамыс байлап қойған. «Солға, оңға» деп айтпай, «шөпке, қамысқа» деп бұйрық берген...».

Мұхамедқұл Исламқұловтың жеке құжаттарынан алынған деректері:
1906 жылы Арыс-Бадам болысында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген. Ташкенттегі Орталық Азия мемлекеттік университетінің (САГУ) журналистика факультетін бітірген. Оқуды бітіргеннен кейін Шымкент облысында оқытушы, тілші, облыстық газеттерінің қызметкері болып жұмыс істеді. 1941 жылы соғыс басталғанға дейін республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері болған.
1941 жылы Панфилов дивизиясының құрамында кіші лейтенант шенімен және взвод командирі лауазымында Мәскеуді қорғап шайқастарға қатысқан. Бауыржан Момышұлы полк командирі болып тағайындалғанда, лейтенант Исламқұлов Мұхаметқұлды батальон командирі етіп ауыстырды. М. Исламқұловтың басқаруындағы батальон майданның ең қауіпті жерлерінде, алдыңғы шепте болды. М. Исламқұловтың көрсеткен батылдығы мен ерлігі туралы Марапаттау парағында былай жазылған: «Крюково үшін 4 күн болған шайқаста Бірінші жаяу әскері дивизиясының 1-батальонының командирі Мұхаметқұл Исламқұлов ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Ол бір қадам да артқа шегінбей, жаудың жоғары күштерін аяусыз жеңді, ал кейінгі үш күндік шайқастарда фашистерді аяусыз талқандады. Маневрлік күштерді шебер басқарып, қарсы шабуылды ұйымдастырды және 19.12.1941 ж. үш есе жоғары жау толығымен жеңіліп, дивизионда бірінші болып Крюкованы басып алды. Немістер жеңіліске ұшырады. Жолдас М. Исламқұлов ерекше батылдық танытып, жауынгерлерді жігерлендіре отырып, өзі де ең қауіпті жерлерде алда жүрді».
Крюково шайқастарындағы ерлігі үшін Батыс майданы штабының бұйрығымен Мұхаметқұл атамыз «Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
М. Исламқұлов туралы Александр Бек «Волоколамское шоссе» кітабында былай деп атап өткен: «Исламқұлов батальонның асханасында тұрып, күтпеген жерден немістер шабуыл жасады. Бұл қорқынышты сәт болды. Сергек болған Исламқұлов 20 сарбазды бес-алты метр қашықтықта, биіктікте тұрып: «Атыңдар!» деп бұйырды. Артқа шегінген неміс зеңбіректерінің қарулары жартылай жойылып, жартылай орманға қашты».
Панфилов дивизиясының гвардия капитаны А. Трефилов «Сен оны мақтан ете аласың» атты Старая Русса маңындағы шайқастарды сипаттайтын мақаласында Исламқұловтың ерлігін былай бейнелейді: «Исламқұловтың батальоны екі жүз бөліктен тұратын жаудың екінші ең мықты жағымен шайқасты. Ол өліммен күресіп, шабуылға қарсы тұрды.... Әр жерде Исламқұлов батылдық танытты. 1942 жылдың 3 ақпанында батальон командирі Старая Русса қасындағы Малее Горби ауылының маңында жаудың қорғанысын қиратқан кезде тағы да ең қауіпті шайқаста ерлік пен батырлықтың үлгісі болды. Бірақ фашисттердің күші басым еді. Батальон ауыл шетінде екі жүз метр жерде орналасқан. Содан кейін батальон командирі Исламқұловтың керемет дауысы шықты: Панфиловшылар! Отан үшін, Алға! 20 минуттан кейін бәрі аяқталып, ауыл фашистерден босатылды.
... Бірнеше күн өткеннен кейін, Исламқұловтың батальоны тағы да шайқасқа шықты. Бұл Ожедова қаласында болды. Исламқұлов, тағыда жауға тойтарыс берді. Осылайша ол ел есінде қалды. Батальон дауылмен Ожедово елді-мекенін басып алды. Бірақ Редя өзенінің жағасында батальон командирі ерлікпен қаза тапты».
Еліміздің данкты батырымыз Бауыржан Момышұлы Мұхаметқұл Исламқұловты мақтан етіп, аса құрметпен көптеген шығармаларында еске алады. «Өлмес ерлік» әңгімесінде: «Лейтенант Исламқұлов бастаған 20 мергеннің ерліктерін еске түсіріңіз. Волоколамск ауданының аумағында фашистердің шабуылы Исламқұловтың батыл және шебер батальоны соққы берді», - делінген. «Мәскеу біздің артымызда» кітабында Исламқұловтың батальоны неміс танктерінің шабуылын тоқтатып қайтарғаны туралы айтып берген.
Мұхаметқұл Исламқұлов қаза болғаннан кейін, сол кездегі полк командирі Бауыржан Момышұлы қарамағындағы жауынгерге былай бұйрық береді: «Исламқұловтың денесін тылға жіберіңіз, егер алға жылжып келе жатқан әскерлер жібермесе, онда: Кеңес Одағының Батыры Исламқұловтың денесін алып келемін», - деп айтыңыз.
Б. Момышұлы Мұхаметқұл Исламқұловтың қазасына қатты қайғырып «Қанмен жазылған кітап» шығармасында былай деп жазады: «Ол өте ақылды, жүрек жұтқан батыр командир болатын. Кіші лейтенант болса да, мен оны батальон командирі етіп тағайындадым. Оны осы қызметке қояр кезде комиссарыммен келісе алмай да қалдым. Кейінгі шайқастарда Исламқұлов батальон командирі ретінде бірнеше рет көзге түсті, полкте лайықты құрмет пен беделге ие болды. Мен оның қазасына арнап өлең жазған едім:
Келбетті, орта бойлы, өжет мінез,
Кең маңдайда ақылды жайнаған көз.
Әдепті һәм өнерлі салтанатты,
Сендей жігіт анадан туа бермес.
Деуші едім ішімнен мен сені көріп,
Айтпағанмен өзіңе шын сыр беріп.
Болашақта қолбасшы болатын ер
Өткелден өтсе қиын жорық көріп.
Қия жерден қисаймай,
Тіке жүріп кетіп ең.
Сескенбестен қауіптен,
Қайтпастан алған бетіңнен.
Бірнеше қырғын соғыста,
Жалтақтамай артыңа,
Жігіттік, ерлік, батырлық,
Қаһармандық етіп ең.
Тосыннан тиген дұшпанға
Тапқырлықпен, әдіспен,
Табандылық етіп ең.
Полкқа бұйрық болғанда,
Бір өзіңе аманат
Ерлерді табыс етіп ем.
Қан майданды қақ жарып
Шыққаныңа сүйсініп,
Біздің батыр мынау деп,
Көрсетіп мақтан етіп ем.
Өршіл, өжет батырым,
Ерлігіңе сенуші ем.
Қас батырдың бейнесін
Сипатыңнан көруші ем.
Ақылға да кең едің,
Үлгі, өнеге көрсетер,
Ер серкесі болар деп
Ішімнен баға беруші ем.
Серігім едің сенімді
Жауды бірге шабысқан.
Жүрекке суық, жанға жат
Есіттім хабар алыстан:
Сыймай кеттің маңдайға
Қыршын, шейіт арыстан.
Қазаңа қатты қайғырып,
Жігер бауырым құм болып,
Қабырғам менің қайысқан».


Бибіхан Қаусываның өз қайынатасы туралы естеліктері

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz