«Ұлы Отан соғысы ардагерлері – ғалымдардың ерлігі архив құжаттарында»

ОМҒТҚА-ның
жоғары дәрежелі архивисі А.Байтуова

Ұлы Отан соғысы – тарихымыздағы ең қасіретті әрі қаһармандық жылдар. Соғыстың алапат майдандарында елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен батырлар қатарында ғалымдар да болды. Олардың әскери ерлігі мен ғылыми еңбегі архив құжаттарында сақталған бағалы дереккөздер арқылы көрініс табады. Ғалым-ардагерлер тек қару алып, жауға қарсы тұрмаған, сонымен қатар, ғылым саласындағы білімдерімен де елге қызмет еткен. Соғыс жылдары олардың кейбірі майдан даласында болса, енді бір тобы тылда еңбек етіп, ғылым арқылы жеңіске үлес қосқан.
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық ғалымдар қатарында белгілі тарихшылар, әдебиеттанушылар, медицина, заң қызметкерлері және инженерлер болды.


Х.Е.Маманова
ОМҒТҚА. 190 қор.1 тіз.17 іс


Ш.М.Мажитов
ОМҒТҚА. 130 қор.1 тіз.10 іс


П.Г.Трофимович
ОМҒТҚА. 66 қор.1 тіз.28 іс

Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде сақтаудағы бірқатар ғалым-ардагерлерді айта кетсек, ерлігімен танылған қазақ әйелдерінің бірі, майдан даласында медициналық қызметкер ретінде жараланған жауынгерлерге көмек көрсетіп, талай сәбидің дүниеге келуіне себепкер болған - Халида Есенқұлқызы Маманова, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі – Бахия Атчабаров, заң ғылымдарының кандидаты Мажитов Шәкен Мәжитұлы, Қазақстандағы онкологиялық ғылым мен тәжірибенің негізін қалаушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дәрігері Нұғманов Сәкен Нұғманұлы, Қызыл Армия қатарында қызмет еткен Қазақстан мен Орталық Азияның құмырсқалары мен жәндіктер фаунасын зерттеуімен танымал - Павел Иустинович Мариковский және т.б көптеген ғалым ардагерлер батылдықтары мен жанқиярлығы үшін жоғары әскери марапаттарға ие болды.
Осындай еңбегі сіңген ғалымдарымыздың құжаттарын өз ұрпақтары архивке тарихи-мәдени мұра ретінде тапсырғаны – ұлттың ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін сақтаудың маңызды қадамы. Бұл құжаттар зерттеушілер мен болашақ ұрпақ үшін құнды дереккөз болып, ғылыми айналымға еніп, еліміздің академиялық мұрасын байыта түседі.


Мажитов Шәкен Мажитұлының жеке қорынан...
ОМҒТҚА. 130 қор.1 тіз.10 іс. 25-27 бб.

Архив құжаттарында олардың Отан алдындағы ерлік қызметі үшін алған марапаттары мен әскери шендері туралы нақты тарихи деректер жүйелі түрде сақталған. Көптеген көрнекті ғалымдар наградалармен, оның ішінде ордендер мен медальдармен марапатталып, олардың ғылым мен қоғамға қосқан үлесі жоғары деңгейде мойындалған.
Кейбір ғалымдар соғыс жылдарында да ғылыми-зерттеу жұмыстарын тоқтатпаған. Әскери стратегияға қажетті зерттеулер, медицина саласындағы жаңалықтар – мұның бәрі ғалымдардың майдандағы маңызды еңбегінің бір бөлігі.


Лазарет амбулаториясының бастығы
Халида Маманованың жеке қорынан. ОМҒТҚА. 190 қор.1 тіз.17 іс. 16, 21 бб.


Соғыстың соңғы күндері.
Халида Маманованың жеке қорынан. ОМҒТҚА. 190 қор.1 тіз.17 іс. 16, 21 бб.

Соғыстан оралған ғалымдар бейбіт өмірге белсене араласып, ғылымның түрлі салаларында іргелі зерттеулер жүргізді. Олар тарих, әдебиет, медицина, физика, химия, техника сынды ғылыми бағыттарда жаңалықтар ашып, инновациялық тәсілдер мен ғылыми теорияларды дамытты. Олардың еңбектері ұлттық және әлемдік ғылымның дамуына ықпал етіп, ғылыми архивтың баға жетпес дереккөздеріне айналды. Соғыстан кейінгі қиратылған экономиканы, мәдениетті, ғылымды қайта қалпына келтіруде ғалымдардың еңбегі орасан зор болды. Олар білім беру жүйесін дамытуға, ғылыми кадрлар даярлауға белсене атсалысты.
Майдандағы қиын-қыстау күндерде жинақталған тәжірибе мен білім соғыстан кейінгі ғылыми ізденістерге жаңа серпін берді. Әсіресе, медицина мен әскери ғылым саласында бұл тәжірибенің маңызы ерекше болды.
Архив құжаттарында ғалым-ардагерлердің өмірбаяны, майдандағы ерлік жолы және ғылыми қызметіне қатысты маңызды мәліметтер сақталған. Бұл деректер олардың Отан алдындағы ерлігі мен ғылымға қосқан үлесін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Архив материалдары ғалымдардың әскери және ғылыми жетістіктерін айғақтайтын құжаттық дереккөз болып табылады. Олардың қатарында мемлекеттік марапаттау қағаздары, қызметтік мінездемелер, ресми хаттар, сонымен қатар заманауи баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар бар.
Ғалым-ардагерлер туралы архивтік құжаттар тарихшылар мен зерттеушілер үшін аса маңызды дереккөз. Олар арқылы соғыс жылдарындағы және соғыстан кейінгі ғылымның дамуы туралы толық картина құрауға болады. Ғалым-ардагерлердің соғыс майданындағы батылдығы мен бейбіт өмірдегі шығармашылық еңбегі – ел тарихындағы асыл мұра. Архив құжаттарында сақталған осы деректер ұрпаққа үлгі, зерттеушілерге құнды ақпарат көзі болып табылады. Олардың ерлігі мен еңбегі арқылы біз тек тарихымызды танып қана қоймай, болашақ тарихымыздың маңызды кезеңін ұрпақтан-ұрпаққа өнеге боларлық құндылықтарын сақтап қаламыз.

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
09 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 9 қазанда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» Қазақстан кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.


07 қазан 2026 жыл
2026 жылғы 5-6 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Толқын Жанайдарова, Инабат Ерғалиева және Нұртай Әбдірасілов Грузияның Батуми қаласында Білім және спорт министрлігінің Архив басқармасы ұйымдастырған «Оңтүстік-Батыс Грузия: тарих, археология, этнология» атты 12-ші Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысты.


01 қазан 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтайды!


30 қыркүйек 2026 жыл
2026 жылдың 28-30 қыркүйегі аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық архивінің бас есепшісі Болысбекова Раушан Камалбекқызы Астана қаласында «Bolashaq» халықаралық академиясы ұйымдастырған «2026 жылға арналған заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып, кадрлық іс жүргізу. Бірыңғай кадрлық жүйе (БҚЖ). HR.Enbek.kz жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикум» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысып, сертификатын иеленді.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz