ЕҢБЕГІМЕН ТАНЫЛҒАН ТҰЛҒА

Ел экономикасының жетекші салаларының бірі металлургияға қатысы бар мамандардың кәсіби мерекесі - Қазақстандағы Металлургтер күні қарсаңында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде сақталатын жеке тектік қорларға шолу жасағанды жөн көрдік. Архивте мемлекетіміздің ғылым мен техника салаларында істерімен, қажырлы еңбектерімен белгілі болған қайраткерлердің жеке құжаттары жинaқталған. Олар архивтің толықтыру көздері болып саналатын ұйымдapдың және жеке тектік қор иелерінің құжаттары. Жеке тектік қорлардың мазмұны бай, арасында қайталанбас құжаттар кездеседі. Қазақстан тарихын, өлкенің кешегісін зерделеуде құнды дерек ретінде шынайылық деңгейі жоғары құжаттар осы жеке тектік қорларда тоғыстырылған.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде металлургия саласы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальдарының иегері Әбіш Жөкенұлы Аблановтың жеке қоры сақталуда. Әбіш Жүкенұлы Қазақ КСР Ғылым Академиясы металлургия және кен байыту институтында ұзақ жылдар қызмет еткен. Қазақстан металлургия кәсіпорындарымен байланыстың нығаюына, маман кадрларды дайындауда қажырлы еңбегімен көріне білген тұлға. Алтайдағы металлургиялық кәсіпорындарға техникалық көмектер көрсету жөнінде қорғасын жиындыларын электр арқылы балқыту, конвертерде полиметалдық штейндерді сұйық отын беру арқылы өңдеу жұмыстары Лениногор қорғасын зауытында, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында және Ертіс мыс қорыту зауытында қолданысқа енгізілді.
Аблановтың жеке тектік құжаттары алғаш 1997 жылы Абланова Ермек Хасеновнаның өтінішімен мемлекеттік сақтауға қабылданған. Бұл қор иесінің ғылыми қызметіне қатысты құжаттары, өмірбаянына қатысты құжаттар және қорда сақталған құжаттарында сыйжазба ретіндегі басқа авторлардың журнал беттеріне шыққан мақалалары, Ә.Ж. Абланов туралы отандық баспасөзде жарияланған мақалалар, жанұялық және қызметтегі фото суреттері және өзге де құжаттар.
Оқырман назарына Ә.Аблановтың жеке тектік қорынан құжаттар топтамасын ұсынамыз.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлерін Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Металлургия – еліміздің индустриялық және экономикалық дамуының негізі саналатын стратегиялық маңызы бар сала. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің, мол тәжірибелеріңіздің арқасында Қазақстан металлургиясы тұрақты дамып, әлемдік деңгейде танылып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!


№ 1


Әбіш Жөкенұлы Абланов
ОМҒТҚА. 132-қор. 1-тіз. 20-іс

№ 2


ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 19-іс. 1-п.

№ 3


ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 19-іс. 2-п.

№ 4


ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 21-іс. 1-п.

№ 5


ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 20-іс. 2-п.

№ 6



ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 22-іс. 1-п.

№ 7


ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 22-іс. 8-п.

№ 8



ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 22-іс. 5-п.

№ 9



ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 22-іс. 6-п.

№ 10



ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 23-іс. 3-п.


№ 11


ОМҒТҚА. 132-қор. 2-тіз. 25-іс. 2-п.


№ 12


ОМҒТҚА. 132-қор. 1-тіз. 23-іс

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


31 қазан 2025 жыл
2025 жылғы 31 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшылық құрамы және қызметкерлері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыровтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізген «Когнитивтік лингвистикадағы теңеу концептісі: ұлттық дүниетаным және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz