Қазақстан архивтері» анықтамалығы

ҚР ОМҒТҚА Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетімен бірлесіп «Қазақстан архивтері» анықтамалығының жаңартылған басылымын дайындап жарыққа шығарды.
Анықтамалық 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорында сақталған құжаттардың құрамы мен мазмұнын, сонымен бірге, республикадағы архив мекемелерінің қызметі туралы ақпараттар мен басқа да мәліметтерді ашып көрсетеді.
Басылым құрылымдық жағынан үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – республикалық мемлекеттік архив мекемелері, екінші бөлімде – облыстық және үшінші бөлімде – қалалық мемлекеттік архивтер (астаналық, республикалық бағыныстағы қалалар және облыс орталықтары) туралы ақпарат орналастырылған.
Анықтамалықта ғылыми-анықтамалық аппарат алғы сөзбен және мәтінде кездесетін қысқартылған сөздердің тізімімен ұсынылған. Жинақта республиканың архив мекемелері ұсынған фотоматериалдар берілген.
Анықтамалықпен жұмыс жасағандар: Қ.Қ. Бораш, Г.Е. Қарсақбаева, Б.А. Жұматаева, Ж.Ә. Қаламбаева, В.Е. Печерских, Н. Тұрсынбек.
Бұл анықтамалық құрал көпшілік оқырман қауымға, зерттеушілерге, тарихшылар мен студенттерге арналған.

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
05 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 3-5 наурыз аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Е. Скрипко «Азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың басшылары» санаты бойынша оқуға қатысты.


04 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 4 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қоғам қайраткері әрі ұлт мәдениетінің жанашыры, Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі өткізген «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты.


03 наурыз 2026 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) инженерлік инфрақұрылымы бөлігінде технологиялар, шешімдер, сараптама және үздік тәжірибе ұсынылған DCDE Central Asia форумының жұмысына қатысты.


02 наурыз 2026 жыл
2026 жылғы 2 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері Рабиға Сыздық, Әбдуәли Қайдар, Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған «Әзілі жарасқан әз ғалымдар» атты тағылымдық-тәрбиелік кешіне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz