Бала өмірі бәрінен қымбат

Жаздың алғашқы айында біздер – 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күнін қуанышпен қарсы аламыз.   Аталмыш мейрам тек Қазақстанда ғана емес, БҰҰ-ның қанатының астына кіретін әлемнің барлық елдерінде мерекеленеді. Біз үшін бұл балаларымызды шадыман шаттыққа бөлейтін, мейірлі, мәнді мейрам. Алайда, бүгінгі бейбіт күн, жарқын өміріміз үшін біз батырлық пен батылдықтың арқасында фашистік Германияны жеңген ардагер аталарымыздың алдында мәңгілік қарыздармыз.
Осы орайда біз соғыс жылдары есейіп, ер жеткен балалардың қиын-қыстау өмірлеріне бір сәт көз жүгіртіп өтсек деп едік.  Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты қорында – «Халықтар достастығы ордені ғылыми-зерттеу педиатрия институтының» соғыс кезіндегі аса құнды құжаттары сақталған. Сол тұстары орталық әйелдер мен балаларға арнап қайырымдылық жұмыстарын жүргізгенін айта кету керекпіз. Аталмыш институт балаларға медициналық көмек көрсету жағынан жемісті жұмыс атқарды.
 Соғыс жылдарында балаларға қамқорлық көрсету қауырт жүргізілді. Айтар болсақ, сәби аурулары жағынан 1941 жылдары ішек-асқазан аурулары бірінші орында тұрса, 1942 жылдары әртүрлі инфекциялық дерттер өршіп кетті. Дәрі –дәрмек тапшылығына қарамастан, орталық балалар өлімін қолдан келгенше азайтуға тырысты. 1944 жылы институттың мұрындық болуымен Алматыда арнайы жәрдем базасы ашылып, дәл сол жолы тұңғыш рет «Ана мен бала» күні аталып өтілді. Бұдан көрінетіні қандай қиыншылық болмасын бала өмірі, бала игілігі біздер үшін әрдайым қымбат.
У. БИКЕЕВА Орталық мемлекеттік ғылыми- техникалық құжаттама мұрағатының маманы.

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz