рус
|
ќаз
Вход
Логин 
Пароль 
Авторизация пользователя
ЦЕНТРАЛЬНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ НАУЧНО - ТЕХНИЧЕСКОЙ ДОКУМЕНТАЦИИ
 
Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы

Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы

Ел тәуелсіздігінің 15 жылдығы тұсында, Қазақстан Халықтары ассамблеясының ХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақ тілін латын әліппиіне көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтседе, латын әрпі каммуникациялық кеңістікте басымдылыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын әріпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп нақты ұсыныстар дайындауы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» деп атап өткен еді.
2017 жылдың 26 сәуірінде елдегі рухани құндылықтарды нығайтуда өте маңызды бағдарламалық құжат болып табылатын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасымыз: «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастырудағы ғана емес, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын»,- дей келіп ең бірінші кезекте қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау керек деп анық көрсетті.
Ел дамуының жаңа сатысына өту барысында тарихқа көз жіберер болсақ, біз мұндай қадамды жасағанбыз. Яғни, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары 1929 жылдың 7 тамызындағы КСРО Орталық атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесінің президиумы қабылдаған «Біртұтас түркі алфавитін енгізу» туралы қаулысымен басталған болатын.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми-техникалық құжаттама архивінің анықтамалық-ақпарат қорында сақталған газет беттерін парақтай отырып, латын әліпбиіне көшу ісінің барысы мен оны тез игеру үшін атқарылған жұмыстарға шолу жасауды жөн көрдік.
Қазақстанда жаңа әліпби қозғалысының басталуына байланысты Орталық комитет курстар ашып, жаңа әліпбиді үйрететін мұғалімдерді даярлау мен мектептерде жаңа әліпби сабақтарын өткізу істерін жаппай қолға алды.
«Ленин жолы» газетінде 1930 жылдың шілде-тамыз айларында «Жаңа әліп сабақтары» деген тақырыпта латын әліпбиін тез игеру мақсатында көпшілікке арналған 9 сабақ жүргізілді. Сонымен бірге, жаңа әліпке көшу қозғалысы жөнінде мерзімді басылым беттерінде «Жаңа әліп кенжелеп барады», «Жаңа әліпті тез іске асырайық», «Жаңа әліп майданы» сынды мақалалар үзбей жарияланып, оның аяқ алысын қортындылап отырды.
«Еңбекші қазақ» газетінде арнайы «Жаңа әліпби» деген айдар ашылып, онда қазақ жастары арасындағы жаңа әліпби қозғалысының барысы оқырмандарға жеткізіліп тұрды.
Сауатсыздықты жоюда латын әліпбиін қолдану мәселесі кең қолдау тапты. Жер-жерлерде жаңа әліпбишілдер жиналысы болып, үйірмелер ашылды. Жаңа әліпбишілдер қозғалысы күшейген соң, Қазақ Орталық атқару комитеті 1927-1928 жылдарға арналған жұмыс жоспарын қабылдап, бұл жоспар «Еңбекеші қазақ» газетінде жарияланды. Жоспар бойынша барлық губернияларда жаңа әліпби комитеттерін ашу, жаңа әліпбимен кітап бастыру, оқу құралдарын жасау, ең бастысы мектептерге жаңа әліпбиді енгізу қажет болды.
Қазақстанда мектептер мен жоғары оқу орындарында латын әліпбиінде оқыту бірден енгізілсе де, іс қағаздарына енгізу барысы бірнеше жылға созылды. Дегенмен, бір мезгілде барлық жерлерде латын әліпбиін үйрету ісі ересектер мен жастарды түгел қамтыды. Латын әліпбиіне ықылас білдірушілер күннен-күнге көбейе түсті. 1929 жылдың 30 сәуірінде «Еңбекші қазақ» газетінде белгілі қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың «Жаңа әліп аттанысы» атты көлемді мақаласы жарияланды. Онда жаңа әліп аттанысының ерекше саяси мәні бар екендігі, бұл аттаныс арқылы ауылға жаппай мәдениет аттанысын ашу керектігі, сауатсыздықты жою арқылы, социялистік құрылысты нығайту ісіне белсене кірісу керектігі айтылды.
Осыдан соң жаңа әліпби ісі күн санап ілгерілеп, «Лениншіл жас» газетінің 1929 жылғы 1 мамырдағы 16 санында «Жаңа әліпби аттанысы» үндеуімен хабар мақалалардың мәтіні латын әліпбиінде беріле бастады.
Қазақ латыншылдары ІІІ пленум қарсаңында өткен конференциясында жаңа әліпбиге көшуді 1931 жылға дейін аяқтау мәселесін көтерді. 1930 жылдың 19 желтоқсанында Қазақ Орталық атқару комитетінің «Жаңа қазақ алфавитін енгізу» турасындағы заңы қабылданды. Онда араб әліпбиінің педагогикалық жағынан да, техникалық жағынан да жарамсыз болып қалғандығы айтылып, оның орнын латын әріптерімен алмастыру мәселесін қалың халық міндет қылып отырғандығы келтіріліп, 12 бөлімнен тұратын қаулы бекітілді.
1931 жылдың 25 науырызынан бастап «Лениншіл жас» газеті толығымен латын әліпбиіне ауысты.
Тек қазақ тіліндегі газеттер ғана емес, өзге тілдердегі бұқаралық ақпарат құралдары да латын әліпбиіне біртіндеп көше бастады. Шымкент өңірінен шығып тұрған өзбек тіліндегі «Кызыл кишлак» газетінің латын әліпбиіне ауысуы соның бір дәлелі болмақ.
Дегенмен, жаңа әліпбиге көшудің өз қиыншылықтары да болды. Латын жазуының кейбір әріптерінің жиі өзгеріске ұшырауы оны қабылдаушылар арасында түсінбеушілік туғызды. Бұл мәселе төңірегінде Әлкей Марғұлан, Мағжан Жұмабайұлы, Қаймекеұлы сынды зиялы қауым өкілдері «Емлені түзеу», «Жазу мәселесі» тақырыптарында мақалалар жазып, қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, фонетикалық, морфологиялық заңдылықтар негізінде жаңа әліпбимен жазу керектігін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетті.
Дұрыс жазу мен дұрыс айту сәйкестігін сақтау мәселесіне байланысты газет беттерінде «Емле жайындағы пікірлер», «Қазақ емлесі жайында» тақырыптарында пікір-талас үлгісіндегі мақалалар да жарияланып, қоғам мүшелерінің өзіндік ой-пікірлері мен көзқарастары ортаға салынды.
Жаңа әліпби комитетінің білім қызметкері Жүсіпбек Аймаутов «Жаңа әліпби емлесіне ұсыныс» атты мақаласын жариялап пікір-талас туылып отырған мәселеге байланысты өз көзқарасын қысқа да нұсқа, ұғынықты түрде білдіріп, көпшілікке үкімет қабылдаған «Жаңа қазақ әліпбиін» таныстырды.
Жаңа әліпби 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданыста болды.
Қорыта айтқанда, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру тілімізді жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады. Ұлтымыздың сөздік қорына жаһандық технологиялар тілін алып келуді тездетеді. Бұл заман талабы, әлемдік ақпарат кеңістігіне өтудің жолы. Сондықтан да, баршамыз бұл бастаманы қолдап, белсене ат салысуымыз қажет.



Орталық мемлекеттік ғылыми-
техникалық құжаттама архивінің
жоғары деңгейлі маман-архивісі
Н. Тұрсынбек

Новости

Показать все
15 ноября 2018 года
15 ноября 2018 г. в Астане открылась Республиканская научно-практическая конференция «Цифровизация архива: новая траектория развития».


08 ноября 2018 года
3 ноября 2018 г. архивист ЦГА НТД Л. Ануарханова приняла участие в мероприятии – традиционный ФЕСТИВАЛЬ «ДЕНЬ КУЛЬТУРЫ ЯПОНИИ», организованном Центральным государственным музеем Республики Казахстан совместно с Посольством Японии в Республике Казахстан и Казахстанско – японским центром развития человеческих ресурсов


08 ноября 2018 года
8 ноября 2018 г. И.о. директора ЦГА НТД РК Б.А. Жуматаева и эксперт архива М. Шегебаев приняли участие в мероприятии, организованном Архивом Президента РК и музеем г. Алматы.


08 ноября 2018 года
7 ноября 2018 г. сотрудники ЦГА НТД РК Д.Н. Акимжанова и А.К. Еркенова участвовали на юбилейной, персональной выставке «Яблоко любви» итальянского художника Кармине Барбаро организованной Центральным Государственным музеем Республики Казахстан и Образовательным Центром «Италия», Комитетом «Данте Алигьери».


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group