Архивтік құжатқа адал ниетпен.

Елімізде болып жатқан өзекті мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлықтың белең алып, кең тарап кетуі. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласында өз ісін асыра сілтеушілікке пайдаланып, жағымсыз қылықтарымен көзге түсу толастамай отыр. Саяси даму тұрғысынан кері әсері мен зардабын тигізіп отырған келеңсіз жағдай.
ҚР Орталық Мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді - әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдарды орындайды. Сұранымдар ҚР азаматтарымен қоса ТМД, алыс және жақын шет елдерден де келіп түседі. Мемлекеттерде зейнетақы жүйесінде өзгерсітер болып жатқандықтан сұранымдардың саны өсуде. ОМҒТҚА сұраным беретін азаматтардың қабылдау бөлмесінде өтініштерін алып, архив заңнамаларына сай мерізімінде орындайды. Адамдардың арасынан жалған мәліметтер мен еңбек өтілін және жалақысы қосылғаны туралы анықтама сұраушылар да табылады. Бірақ, архив қызметкерлерінің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы мен жал ақысы төмен болса да адал ниет, таза көңілмен халыққа қызмет көрсетуде. Кәсібін сүйіп, өз ісін адал атқаруда.
Сонымен қатар, ОМҒТҚА сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі алдын-алу шаралар кешені жүргізіліп тұрады. Архивте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссиясы құрылған. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс өткізіліп, қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары бойынша мақсатты жоспарлар жасалып, архив қызметкерлерінің сезімін қатаң сақтауларына, ҚР заңдарын құрметтеуіне жиі көңіл бөлініп тұрады.
Соның ішінде тоқсан сайынғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытындағы іс-шаралар мәселелері бойынша, тәртіп пен құқықтық тәртіпті арттыру жүйелі түрде жүргізіледі . ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының аясында болып жатқан жаңалықтар ауқымды түрде талқыланып, тұшымды мәселелер көтеріліп отырады.
Архив жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша және қызметкерлерді ақпараттандыру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға ОМҒТҚА Веб-сайты кеңінен қолданылады.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік
ғылыми-техникалық құжаттама архиві
Ақпарат және құжаттарды
пайдалану бөлім басшысы Каламбаева Жаухар Алибековна

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
15 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.


12 сәуір 2026 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві барша ғылым саласы қызметкерлерін, ғалымдарды, ғылыми институт мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды!


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 10-сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультетімен бірлесіп, 12-сәуір – Қазақстан Ғылым қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Тұлғалар мұрасындағы ғылыми-техникалық құжаттар: сипатталуы, сақталуы және пайдаланылуы» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.


10 сәуір 2026 жыл
2026 жылғы 9 сәуірде жұмыс сапары аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрайымы Айзада Амангелдіқызы Құрманова Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде болды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz