ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
Маңызы ерекше мұрағат

Жұматаева Баян Амантайқызы
ОМҒТҚ мұрағатының директор орынбасары

Қазақ елі мәдениеті, ғылымы мен тарихын сақтап дамытуда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының ролі мен маңызы ерекше. Ұлтымыздың мұрағат қорларына негіз болатын тарихи маңызды ретроспективті ақпарат көзін сақтау және толықтыру ғылым мен техника, сәулет құжаттары болып саналады.
Ғылыми зерттеулер, жобалар, мекемелердегі конструкторлық, технологиялық сондай-ақ ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен зерттеу институттары арнайы құжаттарымен қоса қала құрлысы мен сәулет ұжымдарда еңбек еткен заманымыздың озық ойлы ғалымдары мен белгілі өкілдері жеке басына қатысты тарихи мұра боларлық құжаттар қорын топтастырып отыр. Осы іске Мемлекеттік мәртебе беріліп, басым бағытта жоспарлы шаралар атқарылуда.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, өнімнің көлемін өсіріп, сапасын жақсартуға пайдасы көп істерді зерттей түсуге мұрағат құжаттары да ерекше ынталандырады.
Адамзат баласының өсу, ақыл-ойы мен өнерінің жетілуі салдарынан сансыз мемлекеттерде салынған қалалар мен далалардағы жолдар, өзен- су, ай мен күн, жел қуатын пайдалану көзделген. Тіршілікке қажетті қүнделікті ас-ауқат, егіншілік пен мал шаруашылығы, хайуанаттар дүниесі секілді тылсым жұмбағы бар дүниені алғаш адамзат ойшылдары зерттеп, сынап, ақыл тоқтатып ғылыми тұжырымдама жасағандығында ешбір шүбә жоқ.
Әлем тәжирбесінде сонау ықылым заманнан бергі ғылым салаларына қосылған жетістіктер жүйелене келіп, өзінің тарихын атадан балаға жеткен жазба, сызба мұраларын жинақтай білген. Ғылым мен мәдениеті дамыған ежелгі Грек, Египет, Шығыс елдерінің ғаламат жетістіктері бүгінгі оқулықтарға негіз болды. Қазақ даласы да осындай қосмос дамыған заманда әлі сырын аша қоймаған мұра ғимараттардан ада емес. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалға ежелгі Ақыртас қаласының салынуы, салыстырмалы түрде Рим, Египет тарихи жәдігерлерінен артық болмаса кем емес. Сондай ақ орта ғасырлық ұлтымыздың мақтанышы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мешіті ғимараты мен жер асты жолдары қазақ даласындағы таңбалы тастарда әлі өз сырын толық аша қойған жоқ.
Оған қоса ұлтымыздың салт-дәстүрінің сақталуы да, тегіміздің шығу тарихы да ауыз тұшытарлық дәрежеде емес.
Ұлтымыздың асқан пәлсәпашы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев өзінің «45 қара сөз» ғұмырлық еңбегінің 17 сөзінде адам баласы бойындағы ерекше қасиеттер: Қайрат, Ақыл, Жүрекке тоқтайды. Осы үшеуінің төрелігін Ғылымға жүгіндіреді.
«Менсіз дүниеде еш нәрсе кәмалатқа жетпейді, ерінбей жалықпай құдайға сыйыну, өнер, мал табу т.т. орынсыз іске бармай оң тірлікте болу»-депті Қайрат.
Ақыл болса, «пәни мен бәки дүниедегі пайдалы істе, не залалдыны ажыратар ғылымды үйренуді көрсету менсіз мына екеуі неге жарайды?» -десе керек.
Сонда Ғылым олардың кейбір кемістіктерімен жетіспейтін тұстарын көрсете отырып «сен үшеуіңнің басынды қоспақ менің ісім, бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды» -депті.
... «осы үш қасиет бір кісіде болса, оның басқан топырағы көзге сүртуге тұрарлық қасиетті адам болар еді» - деген дәлел мен тоқтаған Ұлы ақын.
Қазақ тарихы үшін ерекше маңызы бар: «Мәдени-сәулеттік, қала құрылысы, өндіріс және жобалық конструкторлық, жазба-сызба ескерткіштерді жинактап жаңғырту Отан тарихындағы тәжирбелерді, ғылыми-зерттеулер мен жаңалықты ұлт иелігіне беру, әрі зерттеп дамытуға ел бастаған зиялылар ертеден қам жасаған, осы мәселелер жолына жетуді мақсат еткен.
Қарапайым дегдар, тектілігі халқына аян болған асылдарымыз Дінмұхамбет Қонаев пен Бәйкен Әшімов болды.
Сол тұста құмырсқадай өз нәпәқасын дастархан шетінен теріп жеп жүрген мүшкіл мұрағат саласы қызметкерлері болатын. Сол міскін жанжардың еңбегін халықы қажеттілігіне, ел жұрттың назарына іліндірген ары биік, адал, аяулы азаматтарымыз Мұхтар Жанғалин, Бижамал Рамазанова, Сапар Байжановтар мұрағат ісіне өмірін сарып етіп, күш-жігері арқасында 1974 жылдың 7 ақпанында бұрынғы Қазақ ССР Министірлер Кеңесі «Ғылыми-техникалық құжаттама Орталық Мемлекеттік мұрағатын» кұру туралы қаулы қабылданды. Аталған қаулыда кезіндегі Республика бойынша саланы басқарған Бас мұрағат басқармасына жаңа құрылған арнайы техникалық ұлт қорлары негізін салатын мекеменің ережелері мен құрылым аппараттарының қаржылық жай-күйін Мемлекеттік жоспарлау органдарымен келісіп шешуді республикалық ғылыми-техникалық мұрағаттың мекен жайын бұрынғы Партия тарихы институты орнына Республикалық Орталық Мемлекеттік мұрағат ғимаратының бір бөлігін белгілеп берді.
Аталған мұрағат еңбек жолын бастаған кезеңде Қазақстанда қөптеген жобалау институттары мен конструкторлық бюролар әрбір сала бойынша құрылып жатты. Оларға іс-тәжирбе мен методикалық көмек берерлік, құжаттарын дұрыс орынды толтыруға басшылық етерлік нұсқаулар жоқтын қасы еді.
Кеңестік одақ кезінде алғаш рет ғылыми-техникалық құжатама мұрағатын Куйбышев қаласында, (қазіргі Самара) құрылса одан 2-3 жылдан соң Украинадағы Харьков қаласында, кейін Тәшкентте құрылған болатын.
Міне 40-жылдық еңбек жолдары мен ғылыми - методикалық тәжирбе алмасуда мұрағатшылар тиянақты білім мен біліктілігінің көптеген ірі ғылыми-техникалық, жобалау, конструкторлық құжаттары мол мұрағаттарға сапар шегіп тәжирбе алды: Мәскеу, Санк-Петербург, Куйбышев, Киев Харьков қалаларына, тіпті шет елдерге де барып, тәжирбе мен зерттеу еңбектерімен танысып, өз саласында күнделікті шаруа ісінде молынан алынған тәжирбені пайдалануда.
Алғаш Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатын өз қөлымен құрастырып, 1974-1984 жылдарда басшылық еткен Олейникова Павлина Васильевна мұрағаттың 40-жылдық мерейтойында сөйлеген естелігінде, мына бір жағдайды айта кетті: «Маған ірі жобалау институтының бас инженері қоңрау соғып, мүмкіндігіңіз болса институт директорымен кездесіп, инженерлерге кеңес беріуімді өтінді.
Мұндай мүмкіндікті орынды пайдалану мақсатымен сондағы үлкен аудиторияға жиналған институт қызметкерлеріне ғылыми-техникалық, жобалау, конструкторлық құжаттарды дұрыс өңдеп, оларды отан мұқтажына сақтап, баптау, ғылыми, тарихи қажеттілік үшін зерттеу жайлы әңгімеміз, оларға ауадай қажеттілік тудырса керек. Жиын соңында институт басшылары өз директоры кабинетіне баруымызды өтініп, ықылас етіп ертіп барды.
Қарасақ директор апартаментінде барлық бөлім басшылары, инженерлер мен институт штабы өкілдері жиналған екен. Олардың өтініші сол, жиналыс өткен жерде орын болмай қалған соң, әрі қызметкерлердің көптігінен: «кешіріңіз, Сізді арнай осы институт директоры өз жұмыс орнына қабылдап, әлгі мәселелерді бізге осы мекеме басшыларына күнделікті жазатын құжаттарының мерзімдік датасын қалай, қай жерге жазуды, құжатты қашан қалай қол қою керек, институт бланкісінің қай түсына оның географиялық орнын көрсетіп, тиянақты түрде түсіндіруді» сұраған еді. Әрине бұл мәселелер мен сұрақтар мұрағатшы құзырындағы, тәжіребиелігімен толықтай жауап беріп көрсетілді. Міне осылай біздің Республикалық ғылыми – техникалық мұрағатымыздың беделі өсіп, ісіміз алға баса берді» деді.
40 жылдық мерейтойға арнайы даярланған мұрағат жинағына енген «Парасат» ұлттық ғылыми - технологиялық холдингі директоры Қазақстан ҰЖҒА академигі, профессор М. Абсаметов өз құттықтауында былай депті: «Сіздердің өте маңызды да бай қорларыңыз, қазақ халқының асыл қазынасы болып табылады. Олар еліміздің тарихы мен мәдениеті, сәулеті және ғимараттарының, ғылым мен техникасының әртүрлі даму кезеңдерін бейнелейді». «Бүгінгі таңда, мұрағат қорлары – ғылыми және тәжирбелік маңызы зор халқымыздың мәңгі естелік көзі. Тарихи мұраларды сақтау- еліміздің көпжылдық тарихына мәңгілік қалатын игілікті іс»... – делінген осы тектес құттықтаулар мұрағат директоры Гуляйхан Саматовна Сарсенованың атына «КAZGOR» жобалау академиясы директорлар кеңесінің басқармасы ҚР Ұлттық инженерлер академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты А.Таттығұлов» пен «А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Бас директоры Ж. Арзықұловтардан түсті. Олар мұрағат ұжымына 40 – жылдық мерекесін табыспен қарсы алғанын атады. Мұрағатшылардың іс жүргізу мен құжаттарды сақтап-баптау және ғылыми іске сай жобалау-сметалық арнайы құжатамаларды іскерлікпен ғылымға негіз еткенін көрсетіп, сонымен қатар оларға біліктілік арттырып, ұжымға шығармашылық табыс, сенімді қөңіл-күй, жетістіктер мен сәттілік тіледі.
Ғылыми-техникалық құжаттардың Орталық мемлекеттік мұрағатында Қазақстанның ғылым мен техника тарихы алтын қоры боларлық құжаттар сақталып, ақпарат көздері арқылы жариялануда.
Еліміздің ауқымды территориясын суландыру жүйесінің жобасы, ирригациялық сызбалар, физико-географиялық және ауыл шаруашылық шолулары, өзендерді зерттеу гидрогеологиялық және геолгиялық, гидротехникалық материалдар, бөгеттердің, су қоймаларының эксплуатациялық бақылау скважиналарының су электростанциялары (СЭС) , жылу электростанциялары (ЖЭС) магистралды каналдар, тұрғын үй, және өндірістік ғимараттық жобалар қамтыған. Су шаруашылығының құрлысын жобалау бойынша Қазақ мемлекеттік «Казгипроводхоз» институты қорында ең құнды 1870-1891 жылдары Жоғарғы Қапал болысы қазақтарының (құжаттар орыстар қырғыздар деп көрсеткен) жер үлестерін суландыру үшін Қапал уезі Жанғыз-Ағаш ауылы (орыс) казактарының су бермей зорлық жасап, сатқан бүлікті уақиғалары айтылады (қор 45). Осы қорда 1907 жылы Отар қаналының су жинайтын бөгеті жобалары мен ағаш көпірдің жобалық сызбасы сақталған. Аталған қорда басқыншылық иісі аңқып тұрған жоба 1915 жылы орыс патша императрицасы Марияның Верный балалар үйі мекемесі мен тағыда сондай патша императоры Александра Федоровна атындағы ауыл шаруашылық колониясы 20 ұл, 10 қызға арналған мектеп интернат салу жобасы кездеседі.
1940 жылдары жергілікті халықтың жел күшімен суландырғыш қондырғыларын орналастыру құжаттары көшірмесі мен бейнеленген суреттері сақталған.
№ 86 қор «Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу» институты сирек кездесетін құжаттарында 1923 жылы Алматы қаласында халықтың қара қүйемен қүресі жайлы үгіт насихат плакаттары мен суреттер, зертханалар құрылымы көрсетіледі. 1926 жылы Зайсан уезі картасы көшірмесінде Азиялық және басқа түрлі шегірткелермен күрес бойынша жұмыс нұсқауларының шартты белгілері мен сол географиялық мекендердің, өзен, су т.б. картадағы сұлбасы дәл берілген.
Қазақ Халықтық Достық Орденді Педиатрия ғылыми-зерттеу институты (73 қор).
Балалар мекемелеріндегі тәрбие жұмысы, профилактикалық емдеу, санитарлық-ағартушылық, геникология және акушерлік жұмыстар бойынша ғылыми есептер, баяндамалар, мақалалар, лекциялар, радио лекциялары, әдістемелік хаттар, нұсқаулықтар;соғыс кезіндегі балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру тақырыбы бойынша есептер, балалар жұқпалы ауруларының эпидемиологиясы, балалар жұқпалы ауруларының асқынуын емдеу және алдын алу; жаңа туған балаларды бағып-қарау ережесі, 1941-1950 жылдардағы Қазақстанда балалар асырап алу; балалардағы туберкулез минингитін емдеу тәжирбесі, бала бақшалардағы логопедтік жұмыстар, балалар өліміне анализ жасау т.б. Осы қордағы 1935 жылы «Қызыл Отау» дәрігері В.С.Кузнецовтың естелігінде жергілікті қазақтардың жасы балағатқа толмаған жас қыздарды әйел үстіне алуы айтылған; 1936 жылғы Балқаш «Қызыл Отау» экспедициясы материалдарындағы қазақ әйелдерінің 1920-1936 жылдардағы тұрмыс құруы, жастары мен саны толықтай көрсетілген.
№ 36 қорда Мойынқұмдағы жұқпалы аурудың таралуы зерттеу бойынша экспедиция жұмысымен 1928 жылғы құжаттарда: сол жылы Қызыл-Ордада «шешек» ауруына қарсы екпе жасау ісі мен балалар кеңесшісі құжаттары бар; 1928 жылғы Сыр-Дарья губерниясы далаларындағы мерез ауруымен күрес бойынша Әулие-Ата лагерінің отряды материалдары бар.
№ 79 қор «Гигиена және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты» құжаттарында ғылыми конференцияларға жергілікті халықтың, медициналық тексеруге қатысуы туралы, халқаралық ғылыми байланыстар ҒЗЖ қолдау жайлы, аспиранттардың жұмыстары т.б. қатар 1953 жылы желтоқсан айында жүргізілген институт ұжымы Оңтүстік Қазақстан облысы Сары-Ағаш бұлағының минералды суының сапасы жайлы жасаған ғылыми-зерттеу жұмысының есебі, қолжазба түрінде ерекше назарға алуды қажет етеді. Алғашқы Сары-Ағаш ыстық су бұлағы, алғашқы ас-су ішетін шайхана көрінісі, ондағы бұлақ басындағы жеркепелер мен палаткалар, уақытша орналасқан амбулаторияның келбеттері де мұрағат құжаттарында толықтай орын алған.
2013 жылғы есеп бойынша Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының 165 қорында (онын 30 жеке құрам құжаттары) – 200 мыңнан аса сан бірліктердегі құжаттар сақталуда. Көрсетілген құжаттардың 90% ғылыми-техникалық маңызы жөнінен өте құнды, қайталанбас зерттеу, патенттік, жобалау, технологиялық, конструкторлық халық шаруашылығының сан саласын қамтиды.
Мұрағаттық ғылыми-аңықтама жүйесіне негізінен тізбелер мен қорлардың тарихи анықтамалары, сілтемелер мен каталогтар еңгізілген. Жүйелі, объективті, атаулық, жобалардың жалпылық каталогі, жеке қорлардағы фотосуреттері құжаттар каталогі мен олардың сақтау орны және азаматтық-тұрғын үй құрлысы жөніндегі мұрағаттық каталогтар жүйеленген.
Ақпаратты-іздестіру жүйесі автоматтандырылуда.
Мұрағатты жабдықтау және құжаттарын есепке алып бақылап отырған ұжымдардың басты көрсеткіштері бар.
ОМҒТҚ мұрағаты құжаттарының басым көпшілігін Шығыс Сібір, Орта Азия, Қазақстан бойынша электроэнергетика саласы объектілері мен олардың құрылыс жобалары, азаматтық құрылыс, өндірістік және көлік транспорт құрылысы, мелиорация, су және орман шаруашылығы құжаттарын құрайды. Мұрағатта «Казгорстройпроект», «Алматыгипрогор», «Казмеханобр»,«Казжолпроект»,«ВНИПИэнергопром»,«ГипроНИИхиммаш», т.б. ірі-ірі жобалау институттар құжаттары сақталуда1 .
Олардың жобалаған Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Ленин орденді Абай атындағы академиялық театры2, Қазақ ССР (бұрынғы) Үкімет үйі3 , «Медеу» спорт мұз айдыны кешені4 , «Цирк»5 , Республика Сарайы6 , «Қазақстан»7 , «Достық»8 қонақ үйлерінің жобалары бүгінгі күнде де ақтуалды болып саналады.
Қазақтың Абланов А., Балмуханов С., Елешев Р., Қоңыров Т., Мариковский П., Қалиев Г., Усанович М., Татығулов А., Космериди С., т.т. сынды атақты ғалымдары мен конструкторлары, сәулетшілері, республикаға еңбегі сіңген ғылым, техника, ауыл шаруашылығы, құрлысшыларының топтастырған жеке құжаттары, бай мұралы суреттері мен марапаттары ОМҒТК мұрағатының Ұлттық қорына үлгі спеттес болуда.
Күнделікті мұрағат құжаттарын зерттеушілермен қатар, сызбалар нұсқалары мен арнайы жобаларды түрлі форматта шығарып пайдалану, тематикалық сұраныстар мен әлеуметтік – құқықтық өтініштер саны артуда.
Байыпты мұрағат ісінің көрсеткіштерінің бірі мол тарихи мұраға негізделген «А.Ш.Таттығулов», «П.И. Мариковский» ғылыми – ақпараттық жинақтар баспаханадан шығып жарық көрді. Мұрағатшылардың ғылыми творчестволық ұжымын басқарып отырған Г.С. Сәрсенова - жауапты редактор, кұрастырушы Н.В. Чаушанская, Б.А. Жұматаева, Г.Н. Заруцкая, З.И. Нусупбекова, З.Б. Жангалиевалар мен т.б. қызметкерлердің күшімен «ОМҒТҚ мұрағатының жолсілтері» («Путеводитель по фондам Центрального архива научно-технической документации»), «Жеке қор құжаттары бойынша аңдатпалық жолсілтер» жинақтарымен қатар электрондық негізінде даярланған дискілердегі құжаттар жинағы мен анықтамалар пайдалануға берілді.
Сонымен қатар республикалық мұрағат саласы қызметкерлері жиындары мен айтулы мерейтойларға әзірленген тақырыптық-ақпарат стенділері мен көрмелік құжаттар даярлануы жүйелі негізде қалыптасқан. Мысалы, «Алматы қаласының сәулеті», «С.Г. Космериди жеке қоры құжаттарынан», «Жартастардағы сурет өнері» П.И. Мариковскийдің көшірмелері мен сурет құжаттары


2014 жыл


Статья «Маңызы ерекше мұрағат» ,посвящена 40-летию со дня образования Центрального государственного архива научно-технической документации.
В статье показаны история, причины и необходимость создания единственного в республике специализированного архива научно-технической документации. Также сделан краткий экскурс по документам фондов ЦГА НТД.
Статья опубликована в информационно и научно-практическом журнале «Қазақстан мұрағаттары» № 2(30)/2014.


1 ОМҒТҚМ. Қ.№ 23, 53,3,51,5,19
2 ОМҒТҚМ. Қ.№ 23, т.5-4, 1790 іс
3 ОМҒТҚМ. Қ.№ 23, т.15-4, 970 іс
4 ОМҒТҚМ. Қ.№ 36, т.6-4, 3 іс
5 ОМҒТҚМ. Қ.№ 53, т.5-4, 319 іс
6 ОМҒТҚМ. Қ.№ 23, т.5-4, 2100 іс
7 ОМҒТҚМ. Қ.№ 23, т.5-4, 3770 іс
8 ОМҒТҚМ. Қ.№ 23, т.5-4, 3860 іс

Жаңалықтар

Показать все
29 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылғы 29 қыркүйекте Қарттар күні қарсаңында ОМҒТҚА қызметкерлері өмірінің көп бөлігін архив саласында қызмет етуге арнаған архив ардагерлеріне барды.


28 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылғы 28 қыркүйекте келесі мәселелер қаралған ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті


23 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Репсубликасы Орталық мемлекеттік архиві  қалашығының мәжіліс залында «Қазақтың Алтын Аңызы – Оспан батыр және Нұрғожай батырдың мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


21 қыркүйек 2022 жыл
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен "Архив және болашақ ұрпақ" республикалық жобасын іске асыра отырып, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Алматы қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group