ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
АЗАМАТТЫҒЫ АСҚАҚ ҒАЛЫМ. УЧЕНЫЙ. ГРАЖДАНИН. ПАТРИОТ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Азаматтығы асқақ ғалым. Учёный. Гражданин. Патриот» таланты дәрігер, ғалым, Қазақстанның денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушысы Бахия Атшабарұлы Атшабаров туралы құжаттар мен материалдар жинағын дайындап, жарыққа шығарды. 2019 жылдың қыркүйегінде 100 жасқа толар еді.
Бақия Атшабарұлы Атшабаров 1919 ж. Қарқаралы уезі Берікқара волосты № 1 ауылда кедей малшы отбасында дүниеге келген. 1938 ж. В.М. Молотов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1942 ж. бітірді. Институтты бітіре салысымен майданға аттанып, 1946 ж. мамыр айына дейін Қызыл әскер қатарында танк полкісінің аға дәрігер лауазымында қызмет етті. Демобилизациядан кейін ҚазКСР Ғылым академиясының аспирантурсын бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғады. 1950 ж. бастап Қазақ өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында еңбек етті. 1952 ж. мамыр айында осы институттың директоры болып тағайындалды және осы қызметті 1984 ж. дейін атқарды. 1967 ж. докторлық диссертациясын қорғады, ал 1969 ж. оған профессор атағы берілді. ҚазКСР еңбегі сіңген дәрігері, ҚР ҰҒА академигі. 1995 ж. Қазақ гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының штатына құрметті директоры болып қабылданды.
Б.А. Атшабаров ірі ғалым, невропатолог-профпатолог, медицина ғылымдары саласында атақта ұйымдастырушы ретінде танымал болды. Көптеген ғалымдар мен дәрігерлерді дайындады. 1957–1960 жж. Семей өңірінде ядролық қаруды сынау жергілікті халықтың денсаулығына әсерін зерттеу бойынша кең ауқымды экспедициялық зерттеулер дәрігер Б.А. Атшабаровтың басқаруымен жүргізілді. Табылған патология «Қайнар синдромы» деп аталып, Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, алыс шет елдерде белгілі болды.
Жинаққа 161 құжат пен материал кірген. Кітап шығару үшін Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде сақтауда жатқан екі қордың құжаттары негіз болды. Бұл 2018 ж. қорқұраушының ұлдары тапсырған құжаттарынан құрылған Б. А. Атшабаровтың жеке қоры (№ 188), сонымен қатар, Бақия Атшабаров 30 жылдан астам басшысы болған Қазақ өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының қоры (№ 79).
Құрастырушылар басылымды дайындау кезінде бұрын жарияланған «Наш дорогой Бахия Атчабарович. Воспоминания современников. Сост. Ф.С. Шынгысова, С.А. Жанайдаров, А.Б. Атчабаров. – Алматы, Нурай принт-сервис, 2012» кітабында Бақия Атшабарұлының туыстары мен жақындарының, оның әріптестері мен үзеңгілестерінің, шәкірттерінің естеліктерін пайдалануды жөн көрді. Жеке бөлімге Б. Атчабаровпен болған интервью мен баспасөздер ақпарат құралдарындағы жарияланымдар еңгізілген.
Мәтіндік құжаттардан басқа, басылымда Б. Атшабаровтың өмірі мен кәсіптік қызметінің әр түрлі кезеңдерін бейнелейтін фотосуреттері бар түрлі- түсті қосымшалар бар. Барлық фотосуреттер аннотацияланған.
Жинақтың ғылыми-анықтамалық аппараты: аңдатпа, қысқартылған сөздер тізімі, атаулы көрсеткіші құрастырылған.
Редакциялық ұжымы: А.Б. Атшабаров; медицина ғылымдарының докторы Б.Б. Атшабаров; Б.А. Жұматаева. Құрастырушылар: В.Е. Печерских (жауапты), А.К. Еркенова.

Жаңалықтар

Показать все
29 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылғы 29 қыркүйекте Қарттар күні қарсаңында ОМҒТҚА қызметкерлері өмірінің көп бөлігін архив саласында қызмет етуге арнаған архив ардагерлеріне барды.


28 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылғы 28 қыркүйекте келесі мәселелер қаралған ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті


23 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстан Репсубликасы Орталық мемлекеттік архиві  қалашығының мәжіліс залында «Қазақтың Алтын Аңызы – Оспан батыр және Нұрғожай батырдың мұрасы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


21 қыркүйек 2022 жыл
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен "Архив және болашақ ұрпақ" республикалық жобасын іске асыра отырып, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Алматы қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group