ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
ХАЛИДА МАМАНОВА. Құжаттар мен материалдар жинағы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Халида Маманова» атты құжаттар мен материалдар жинағын дайындап, жарыққа шығарды.
Қазақ халқының даңқты қызы Халида Есенқұлқызы Маманованың (1918-1977) тағдыры өзгеше және өмірі түрлі бұрылыстарға толы.
Халида Маманова Қазан төңкерісінен кейін ірі малшы отбасында дүниеге келген. Кеңес өкіметі орнап, 10 жыл өткен соң отбасының дүние мүлкі тәркіленіп, Мамановтар әулеті толығымен қатал қуғын – сүргінге: ату жазасы мен жер аударуға ұшыраған. Әкесінен ерте айырылып, техникумды бітіріп, одан кейін Қазақ медициналық институтының рабфагін жедел аяқтап, 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Жоғарғы бас қолбасшы И. В. Сталинге жасаған өтінішінен кейін айыпкерлер батальонында көрген ауыр сынақтар, әскери марапаттар, жарақаттануы және соғыс соңына қарай медицина қызметінің капитаны болып қызмет бойынша қарқынды жоғарылауы. Бейбіт өмірге оралған соң, оның кәсіби және ғылыми қызметінде «бай тұқымы» деген себеп қайтадан көптеген кедергілер туғызды. Оған ұлтшылдық және кеңеске қарсы деген көзқарастарды тағуға талпыныстар болды, билік Х. Е. Мамановаға шет елдерге жұмыс сапарымен шығуға рұқсат бермеді. Ақырында, 1977 жылы, тек Болгарияға барған сапары, өкінішке орай, жұмбақ жағдайда қайғылы аяқталды.
Бірақ, бұл сынақтар Халида Есенқұлқызын мұқата алмады, ол алдымен кандидаттық, содан кейін докторлық диссертациясын қорғап, қазақ қыздары арасындағы алғашқы медицина ғылымдарының докторы болды. Ол көптеген ғылыми жұмыстарды жариялаған, оның есімі Қазақстанда ғана емес, шет елде де танымал. Сынақтар оны қатыгез қыла алмады: көптеген шәкірттері Халида Есенқұлқызының аналық қамқорлықпен оларға киім-кешектер тігіп, тамақ дайындап және ақша бергенін үлкен сағынышпен еске алады.
Қазақстандықтарға бұл таңғажайып тұлға, бірнеше өмірге жететін оқиғаларды біз айтпауымыз мүмкін емес едік және деректі мүмкін көркем фильмнің сценарийінің негізіне осы күрделі сюжетті оңай қоюға болар еді.
Сондықтан, Х.Е. Маманованың құжаттарын Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне оның туыстары мемлекеттік сақтауға тапсырғаннан кейін, бірінші кезекте оларға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізіп, мемлекеттік сақтауға алу (№ 190 қор), сондай-ақ, бұл бай деректі мұраның үлкен бөлігімен бұқаралық оқырманды таныстыру.
Біз С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ведомстволық архивінде сақтауда жатқан Қазақ мемлекеттік медицина институтының студенті Халида Маманованың жеке ісін ОМҒТҚА мемлекеттік сақтауға тапсырғаны үшін осы ЖОО басшылығына алғысымызды айтамыз. Х.Маманованың жеке іс құжаттарының басым бөлігі жинаққа енгізілді. Олардың ішінде ең маңыздысы-1937 жылы жас қыздың институтқа түсу кезінде жазған өмірбаяны.
Сонымен қатар, жинаққа Қазақ онкология және радиология ҒЗИ қорында айқындалған онкологтардың 6-шы Республикалық конференциясына (Алматы қ., 1962 ж. 23-26 қазан) Х.Е.Маманованың «К патогенезу рака» тақырыбындағы баяндамасының тезистері енгізілді.
Құрастырушылар басылымды дайындау кезінде Халида Есенқұлқызы туралы әр жылдары республикалық баспасөзде жарияланған көптеген басылымдарды пайдалануды жөн көрді.
Кітапта ұсынылған мәтіндер мен фотосуреттердің басым бөлігі алғаш рет жариялануда.
Жариялау үшін таңдалған 96 құжаттар мен материалдар мазмұнында көрсетілген схемаға сәйкес топтастырылған.
Жинаққа ғылыми-анықтамалық аппарат құрастырылған: мазмұны, қысқартулар тізімі, атаулы көрсеткіш.
Жинақтың мұқабасы мен қосымша парақтардағы фотосуреттердің (позитив-түпнұсқалар) тақырыптары жоқ немесе әдеби тақырыптар берілген.
Олардың толық аңдатпалары қосымша берілген тізбеде орналастырылған.
Редакциялық алқа: Б. А. Жұматаева, М.Е. Маманов. Құрастырушылар:
В.Е. Печерских (жауапты), Ж. Ә. Қаламбаева, К. А. Насырова, Н. Тұрсынбек.

Жаңалықтар

Показать все
06 қантар 2021 жылы
2021 ж. 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаментінің басқарма басшысы Гүлзира Қарсақбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова және ҚР Ұлттық архиві директорының кеңесшісі Гауһар Хайруллина архив құжаттарын цифрлау, электрондық архив құру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне келді.


22 желтоқсан 2020 жылы
Сіздерді осындай өте ерекше қиындықтарға толы 2020 жылдың қуанышты оқиғасымен құттықтаймыз! Енді Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелік күндер күнтізбесінде тағы бір күн пайда болды – 22 желтоқсан –Архивистер күні!


20 желтоқсан 2020 жылы
2020 ж. 19 желтоқсанында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова Алматы қаласының мәдениет ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында мәдениет саласындағы ең өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды.


20 желтоқсан 2020 жылы
2020 ж.14 желтоқсанда «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ директоры Б. Жұматаева мен «ИВИС» компаниясының өкілі Ғ. Әміровамен кездесті.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group