ХАЛИДА МАМАНОВА. Құжаттар мен материалдар жинағы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Халида Маманова» атты құжаттар мен материалдар жинағын дайындап, жарыққа шығарды.
Қазақ халқының даңқты қызы Халида Есенқұлқызы Маманованың (1918-1977) тағдыры өзгеше және өмірі түрлі бұрылыстарға толы.
Халида Маманова Қазан төңкерісінен кейін ірі малшы отбасында дүниеге келген. Кеңес өкіметі орнап, 10 жыл өткен соң отбасының дүние мүлкі тәркіленіп, Мамановтар әулеті толығымен қатал қуғын – сүргінге: ату жазасы мен жер аударуға ұшыраған. Әкесінен ерте айырылып, техникумды бітіріп, одан кейін Қазақ медициналық институтының рабфагін жедел аяқтап, 1942 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Жоғарғы бас қолбасшы И. В. Сталинге жасаған өтінішінен кейін айыпкерлер батальонында көрген ауыр сынақтар, әскери марапаттар, жарақаттануы және соғыс соңына қарай медицина қызметінің капитаны болып қызмет бойынша қарқынды жоғарылауы. Бейбіт өмірге оралған соң, оның кәсіби және ғылыми қызметінде «бай тұқымы» деген себеп қайтадан көптеген кедергілер туғызды. Оған ұлтшылдық және кеңеске қарсы деген көзқарастарды тағуға талпыныстар болды, билік Х. Е. Мамановаға шет елдерге жұмыс сапарымен шығуға рұқсат бермеді. Ақырында, 1977 жылы, тек Болгарияға барған сапары, өкінішке орай, жұмбақ жағдайда қайғылы аяқталды.
Бірақ, бұл сынақтар Халида Есенқұлқызын мұқата алмады, ол алдымен кандидаттық, содан кейін докторлық диссертациясын қорғап, қазақ қыздары арасындағы алғашқы медицина ғылымдарының докторы болды. Ол көптеген ғылыми жұмыстарды жариялаған, оның есімі Қазақстанда ғана емес, шет елде де танымал. Сынақтар оны қатыгез қыла алмады: көптеген шәкірттері Халида Есенқұлқызының аналық қамқорлықпен оларға киім-кешектер тігіп, тамақ дайындап және ақша бергенін үлкен сағынышпен еске алады.
Қазақстандықтарға бұл таңғажайып тұлға, бірнеше өмірге жететін оқиғаларды біз айтпауымыз мүмкін емес едік және деректі мүмкін көркем фильмнің сценарийінің негізіне осы күрделі сюжетті оңай қоюға болар еді.
Сондықтан, Х.Е. Маманованың құжаттарын Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне оның туыстары мемлекеттік сақтауға тапсырғаннан кейін, бірінші кезекте оларға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізіп, мемлекеттік сақтауға алу (№ 190 қор), сондай-ақ, бұл бай деректі мұраның үлкен бөлігімен бұқаралық оқырманды таныстыру.
Біз С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ведомстволық архивінде сақтауда жатқан Қазақ мемлекеттік медицина институтының студенті Халида Маманованың жеке ісін ОМҒТҚА мемлекеттік сақтауға тапсырғаны үшін осы ЖОО басшылығына алғысымызды айтамыз. Х.Маманованың жеке іс құжаттарының басым бөлігі жинаққа енгізілді. Олардың ішінде ең маңыздысы-1937 жылы жас қыздың институтқа түсу кезінде жазған өмірбаяны.
Сонымен қатар, жинаққа Қазақ онкология және радиология ҒЗИ қорында айқындалған онкологтардың 6-шы Республикалық конференциясына (Алматы қ., 1962 ж. 23-26 қазан) Х.Е.Маманованың «К патогенезу рака» тақырыбындағы баяндамасының тезистері енгізілді.
Құрастырушылар басылымды дайындау кезінде Халида Есенқұлқызы туралы әр жылдары республикалық баспасөзде жарияланған көптеген басылымдарды пайдалануды жөн көрді.
Кітапта ұсынылған мәтіндер мен фотосуреттердің басым бөлігі алғаш рет жариялануда.
Жариялау үшін таңдалған 96 құжаттар мен материалдар мазмұнында көрсетілген схемаға сәйкес топтастырылған.
Жинаққа ғылыми-анықтамалық аппарат құрастырылған: мазмұны, қысқартулар тізімі, атаулы көрсеткіш.
Жинақтың мұқабасы мен қосымша парақтардағы фотосуреттердің (позитив-түпнұсқалар) тақырыптары жоқ немесе әдеби тақырыптар берілген.
Олардың толық аңдатпалары қосымша берілген тізбеде орналастырылған.
Редакциялық алқа: Б. А. Жұматаева, М.Е. Маманов. Құрастырушылар:
В.Е. Печерских (жауапты), Ж. Ә. Қаламбаева, К. А. Насырова, Н. Тұрсынбек.

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


31 қазан 2025 жыл
2025 жылғы 31 қазанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшылық құрамы және қызметкерлері Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті қазақ филологиясы кафедрасы қазақ тіл білімін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қоңыровтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізген «Когнитивтік лингвистикадағы теңеу концептісі: ұлттық дүниетаным және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz