Алматы қаласының спорт ғимараттарын жобалау тарихынан.1950–1980 жж.

«Алматы қаласының спорт ғимараттарын жобалау тарихынан.
1950–1980 жж.» құжаттар мен материалдар жинағы
«Алматы қаласының спорт ғимараттарын жобалау тарихынан. 1950–1980 жж.» құжаттар мен материалдар жинағы жарық көрді. Жинақ республика астанасының қайталанбас сәулеттік келбеті қалай қалыптасқаны туралы архивтік құжаттар мен материалдарының жарияланымдар сериясын жалғастырады. Бұл сериядағы алғашқы шығарылым 2018 жылы жарық көрді және Алматы қаласының мәдениет объектілерін жобалау тарихына арналды (1930-1980 жж.).
Кезекті жинақтың негізгі мақсаты – зерттеушіні және қызығушылық танытқан оқырманды Алматы қаласының сәулет генезисінің негізгі кезеңдерін және бұл жағдайда спорт ғимараттарын куәландыратын ретроспективті құжаттық ақпаратпен таныстыру.
Атап айтқанда, бұл «Медеу» биік таулы спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, Алматы қ. орталық стадионы, «Динамо» стадионы, Орталық жүзу бассейні, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені, «Алматау» туристік базасы, республикамыздың оқу орындарының бірқатар спорттық ғимараттары.
Алдынғы кезекте функционалды бағыт басым болуына байланысты жинақта ұсынылған спорттық нысандардың көпшілігі сәулет өнерінің шедеврлеріне жатқызуға болатын ғимараттар емес. Сонымен бірге, 1975 ж. «Медеу» биік таулы спорт кешенін құрғаны үшін республиканың сәулетшілері мен құрылысшыларының үлкен тобына ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілгенін атап өткен жөн.
Құжаттардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қорларында анықталды (Қ. 23 «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС және Қ. 53 «Алматыгипрогор» жобалау институты» ЖШС).
Жинақтағы құжаттар нысандар бойынша топтастырылған. Әрбір нысанның ішінде құжаттар хронологиялық ретпен орналастырылған.
Жинақта 108 құжат енгізілген, оның 27–сі графикалық. Құжаттардың барлығы дерлік алғаш рет жарық көруде. Құжаттардың археографиялық өңдеуі «Ұлттық архив қорының құжаттарын жариялау ережелеріне» сәйкес жүргізілді (Астана, 2011).
Жарияланатын құжаттар негізінен жобалау тапсырмаларына, техно-жұмыс жобаларына түсіндірме жазбалармен ұсынылған, онда жобалауға арналған құқықтық негіздер, құрылысқа жер учаскелерін бөлу, нысанның болжамды орналасқан жері, сәулет-жоспарлау және сындарлы шешімнің ерекшеліктері және т. б. туралы ақпарат бар. Сонымен қатар, оған белгілі бір нысанның жобалау барысы мен ерекшеліктерін ашатын шешімдер, хаттар, хаттамалар, шолулар және басқа да ұйымдастырушылық және әкімшілік құжаттар кірді.




Жинақта мәтіндік құжаттармен қатар жобаланған нысандардың графикалық құжаттары ұсынылған. Бұл әртүрлі проекциялардағы ғимараттардың қасбеттері. Сондай-ақ, жинаққа жобаланған нысандар туралы жеке газет-журнал басылымдары, жоба авторларымен сұхбаттар, олардың естеліктері кіргізілді.
Жинақтың мәтіндік бөлімде деректемелердің келесі орналасу жүйелілігі сақталады: құжаттың нөмірі, тақырыбы, шығарылған жері мен күні, мәтіні, негіздемесі. Құжаттың ескертпелерінде жобаны әзірлеу күні, әзірлеуші ұйым, жоба авторлары туралы мәліметтер келтіріледі.
Жинақтың құрастырушылары ұсынылған құжаттардың қабылдауын қиындатпау үшін жобаланатын нысандардың конструктивтік ерекшеліктерінің нақтыланған сипаттамасы бар мәтін бөліктерін шығарып тастап, ерекше құжаттардың үзінділерін жариялауға болады деп тапты. Мамандардың кәсіби қызығушылықтары туындаған жағдайда әр құжатқа берілген негіздемесі бойынша қажетті қосымша ақпаратты оңай таба алады.
Жарияланатын құжаттан алып тасталған фрагменттердің мазмұны көрсетіле отырып, құжат мәтінінің барлық кіргізілмеген бөліктері көп нүктелермен белгіленіп, шаршы жақшаға алынған. Мәтінде анық емес жерлері мен жекелеген сөздердің қолданылуы «Құжатта осылай» («Мәтінде осылай жазылған») деген сөздермен белгіленген.
Жинақтың ғылыми-анықтамалық аппараты титулдық парақ, мазмұны, құрастырушылардың алғы сөзі, атаулы көрсеткіш және қысқартылған сөздер тізімінен тұрады.
Фотосуреттерге толық аңдатпа қосымша бетте қоса берілген тізбеде орналастырылған.
Құрастырушы ұжым басылымды дайындауға көрсеткен көмегі үшін ОМҒТҚА қызметкерлері Л.А. Ануархановаға, Е. Скрипкоға, Б. Е. Смағұловқа алғыс білдіреді.
Сонымен қатар, жинақты құрастырушылар жинақтың түрлі-түсті және ақ-қара қосымша беттерінде кеңінен ұсынылған фотоматериалдар үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің басшылығы мен мамандарына ризашылық пен алғысын білдіреді.

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
16 наурыз 2025 жыл
Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні болып белгіленген. Ондағы негізгі мақсат - халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүр, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғы, наным-сенімін, халықтың рухани өзегі саналатын ана тілін құрметтеу, ұлт құндылығын насихаттау.


15 наурыз 2025 жыл
Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.


14 наурыз 2025 жыл
2025 жылдың 14 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Наурыз мейрамының алғашқы мерекесі «Көрісу күні» өтті.


07 наурыз 2025 жыл
2025 жылғы 7 наурызда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсел Тұрсыналиева 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, архив директоры Баян Амантайқызына және бір топ әріптестеріне «Қазақстандық салалық мәдениет спорт туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі төрайымы С. Имақұлованың Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеясы аясында қоғамның дамуына қосқан елеулі үлесі, әлеуметтік әріптестікті дамыту жолындағы жемісті еңбегі үшін және 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай берілген Алхыс хаттарын табыстады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz