«Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің жеке тектік қор құжаттары бойынша жөнсілтер» (2 том) Алматы 2024.
Жөнсілтерде (2 том) Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде сақталатын жеке тектік қорлар құжаттарының мазмұны және құрамы туралы мәліметтер берілген.
Бұл анықтамалық-ақпараттық басылымның негізгі мақсаты қызығушылық танытқан оқырманды жөнсілтердің 2012 жылы бірінші томы жарияланғаннан кейін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне мемлекеттік сақтауға келіп түскен жеке тектік қорлар құжаттарының құрамымен таныстыру болып табылады.
2026 жылғы 14 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде архив қызметінің маңызды мәселелерін қарайтын дирекцияның отырысы өтті.
2026 жылғы 7 шілдеде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкері Әбдірасілов Нұртай «Архивті толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізудің теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбы бойынша өндірістік сабақ өткізді.
2026 жылғы 26 маусымда «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалы филиалдың құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.