Адалдық алаңы


Архив сайтында: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»
айдарының мазмұны
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық және өзге де актілер:

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ - Скачать
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы «ОМҒТҚА» РММ нормативтік актілері:

"ОМҒТҚА" РММ сыбайлас ережелерді бекіту туралы бұйрық - Скачать
"ОМҒТҚА" РММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты - Скачать
Қызмет бабындағы сыйлықтар және қызмет бабында қонақжайлылық көрсету тәртібі - Скачать
"ОМҒТҚА" РММ қызметкерлерінің әдеп және қызметтік мінез-құлық кодексі - Скачать
Мүдделер қайшылығы туралы ереже - Скачать

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін кері байланыс:

«ОМҒТҚА» РММ сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысқа жауапты қызметкер:

Абдразах Мадина Ғанибекқызы – ОМҒТҚА Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі архивист маманы
Мекен-жайы: Алматы қ., Абай даңғылы, 39, 223 бөлме
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма: 09:00-ден 18:00-ге дейін
демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Байланыс телефондары: 8 (727) 393-19-56
Электрондық пошта байланысы: office@ntd.kz

«ОМҒТҚА» РММ қызметкерлері арасында анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау:
«сенім телефоны» бойынша»: 8 (727) 393-19-56
электрондық пошта арқылы: office@ntd.kz

Пошта арқылы келесі мекен-жайғы: 050000, Абай даңғылы, 39, Алматы қ.
немесе хатты тікелей «ОМҒТҚА» РММ-не беру арқылы (жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма: 09:00-ден 18:00-ге дейін)


Өтініште міндетті түрде мына мәліметтер болуға тиіс:
• «ОМҒТҚА» РММ - мекеменің, өтініш жіберілетін тиісті жауапты тұлғаның лауазымы, аты-жөні және тегі;
• өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (соңғысы – болған жағдайда);
• пошта мекен-жайы немесе жауап жіберілуі тиіс электрондық поштасы;
• ұсыныстың, арыздың немесе шағымның мазмұны (қажет болған жағдайда өз дәлелдерін растау үшін құжаттар мен материалдар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі);
• жеке қолы және датасы.

Егер жазбаша өтініште, өтінішті жіберген азаматтың тегі немесе жауап жіберілуге тиіс пошталық мекен-жайы көрсетілмесе, өтінішке жауап берілмейді.

2025 жыл
2025 жылғы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және тәуекелдерді басқару» тақырыбында оқыту іс-шарасы өткізілді. Оқыту барысында қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі ұғымдары мен қағидаттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау әдістерімен танысты. Мемлекеттік архив қызметінде ішкі бақылауды ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды барынша азайту бойынша білім мен практикалық дағдылар алынды.


2025 жылғы 12 мамырда «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-де «Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың орындалуын мониторингтеу» тақырыбында оқыту өткізілді. Оқыту барысында қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың орындалуын мониторингтеудің тәртібі мен әдістемесімен, алдын алу шараларының тиімділігін талдау және бағалау қағидаттарымен танысты. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында құжаттаманы жүргізу, есептілікті дайындау және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бойынша білім мен практикалық дағдылар алынды.


2025 жылғы 17 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-де «Мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында оқыту іс-шарасы өткізілді. Оқыту аясында қызметкерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарымен, қызметтік этика нормаларымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қағидаттарымен танысты. Ұжымда адалдық, ашықтық мәдениетін қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті нығайтуға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша білім мен дағдылар алынды.

2026 жыл
2026 жылы 16 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-де «Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы: нормалары мен талаптары» тақырыбында оқыту іс-шарасы өткізілді. Оқыту барысында қызметкерлер мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының нормалары мен талаптарымен, қызметтік этика қағидаларымен, ішкі бақылау рәсімдерімен танысты.

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ведомстволық бағынысты архив мекемелерінің ұжымдары - Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві Zoom платформасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің қолдауымен «Қазақстандық архившілер мен құжаттанушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жаңа Конституция жобасының тармақтарын түсіндіру бойынша ұйымдастырған «Конституциялық реформа - қоғамның даму жолы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.


02 ақпан 2026 жыл
2026 жылғы 2 ақпанда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және талқылауға бағытталған «Ата Заңның негізгі қағидаттары – жарқын болашақ кепілі» дөңгелек үстелі өтті.


21 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші өтті.


20 қантар 2026 жыл
2026 жылғы 20 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде «Қазақстан» РТРК» АҚ қолдауымен түсірілген және халықаралық марапаттарды иеленген «Қарлығаш» (Swallow) деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz