|
|
|
 |
 |
 |
|
Рудняева Виктория
Много лет занимаясь рутинным профессиональным делом, никогда не задумываешься о важности выполняемых тобой задач - сохранением документов строительства зданий. Участвуя в конференциях и семинарах ЦГА НТД РК, я понимаю свою значимость архивариуса частного архива. От меня зависит, как я - Архивариус организую работу целой корпорации по сохранению бумажной и электронной версии проектно-сметной, исполнительной технической и управленческой документации по строительству, которые являются Национальным фондом государственного архива.
Я благодарна Богу за то, что в моей жизни есть профессионалы - наставники. Жуматаева Баян Амантаевна, поддерживающая и решающая наши просьбы, умеющая организовать 20.05.22 на высочайшем уровне Международную конференцию "Проектная документация: теория и практика", которая затрагивает самые актуальные проблемы и вопросы. Джанайдарова Толкын - отлично и профессионально отвечающая на каждый запрос по теме.
Надеюсь, что мы все увидим труд Печерского Владимира Еренеевича - издание следующего сборника.
Хочется использовать имеющиеся знания и разработки по нормативным рекомендациям Павла Алексеевича Кюнга.
В связи с актуализацией вопроса по сохранению проектно-сметной документации в первоисточнике, предлагаю ПА "КAZGOR" площадку для общей оптимизации, опробации и тестировании процессов. Огромная благодарность за предоставленную возможность высказать актуальные вопросы об электронном документообороте архивного дела по проектно-сметной документации и не только. Всем удачи, благ и постоянного профессионального роста. Надеюсь на дальнейшее взаимовыгодное сотрудничество. |
|
 |
 |
 |
 |
 |
 |
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің 4-курс студенті Әділ
24.01.2022ж. - 02.04.2022ж. күндер аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде өндірістік тәжірибеден өттім. Тәжірибеден өту барысында жоғарғы саннаттағы архивист – мамандардан, өз мамандығыма сай, мол тәжірибе алып, архив ісінің көптеген жұмыстарының қыр-сырларымен таныстым. Сонымен бірге, архивтің өрт қауіпсіздігі жұмысымен танысып, оның алдын алу жолдарын түсіндіретін оқу-дәрісіне қатыстым. Өнідірістік тәжірибенің келесі апталарында құжаттарды пайдалану, сақтау, ведомстволық бөлімдерінің жұмысымен танысып, берілген тапсырмаларды орындадым. Архив қызметкерлері атқарылатын жұмысты тапсыра отырып, біліктілікті арттыратын қосымша ақпараттармен, өз қызметінде жиналған тәжірибелермен де бөлісті. Тәжірибе арасында архивтің тыныс-тірішілігімен танысып, ондағы қойма, көрме, кітаптарына жасалған экскурсияға қатыстым. Архив ұжымы тәжірибесі мол, білімді, білікті қызмтекерлерден жасақталған. Өндірістік тәжірибені тағлымды өткізуге себеп болған архив директоры Жұматаева Баян Амантайқызына және ОМҒТҚА-нің қызметкерлеріне үлкен алғысымды айтамын. |
|
 |
 |
 |
 |
 |
 |
|
Смагулова Г.М., Тулеуова Б.Т. Карағанды қаласы
Біз, Смагулова Гульнара Муратбековна және Тулеуова Бахытгуль Тлеубаевна Қарағанды қаласынан академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінен ғылыми мақалаға архив құжаттарын жинақтау мақсатында келіп едік. ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми – техникалық құжаттама архиві қызметкерлері, атап айтқанда ұжымның басшысы Баян Амантаевна, әріптестері Жаухар Алибековна, Асель Амантаевна біздерге үлкен ілтипатпен қарап, ыждағатты түрде зерттеуге қажетті құжаттарды тез тауып беріп көмек көрсетті. Әсіресе Жаухар Алибековнаның құрметпен қарау арқылы қызмет көрсету, ілтипаты, өз жұмысының майталман шебері екендігі бізге қатты әсер етті. Баян Амантаевнаның болашақта бірлесіп ғылыми жобаларға қатысу, ғылыми еңбектерді бірлесе жазу тәрізді ұсыныстары да бізге қатты ұнада және өз тарапымыздан қолдау көрсетіп қатыса алатынымызды жеткіздік.
Осындай адамгершіліктері жоғары, өз істерін сүйіп атқаратын ұжымға тек қана шығармашылық табыстар тілейміз. Деңсаулықтарың зор болып, архивке келген ізденімпаздар тарапынан тек қана ризашылыққа бөленулеріңізге тілектеспіз.
21.02.2022 ж.
|
|
 |
 |
 |
|
|
|
Жаңалықтар
Барлығын көрсету
| | 05 наурыз 2026 жыл |
2026 жылғы 3-5 наурыз аралығында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкері Е. Скрипко «Азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған ұйымдардың басшылары» санаты бойынша оқуға қатысты.
| | 04 наурыз 2026 жыл |
2026 жылғы 4 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері қоғам қайраткері әрі ұлт мәдениетінің жанашыры, Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі өткізген «Өзбекәлі Жәнібеков феномені: тарих, мәдениет және ұлттық сана» атты халықаралық-ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты.
| | 03 наурыз 2026 жыл |
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері деректерді өңдеу орталықтарының (ДӨО) инженерлік инфрақұрылымы бөлігінде технологиялар, шешімдер, сараптама және үздік тәжірибе ұсынылған DCDE Central Asia форумының жұмысына қатысты.
| | 02 наурыз 2026 жыл |
2026 жылғы 2 наурызда Орталық мемтекеттік ғылыми техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері Рабиға Сыздық, Әбдуәли Қайдар, Шора Сарыбаевтың 100 жылдығына орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған «Әзілі жарасқан әз ғалымдар» атты тағылымдық-тәрбиелік кешіне қатысты.
|
|