Новости:
26 сәуір 2016 жыл
2016 жылдың 26 сәуірінде Павлина Васильевна Олейникова мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің бірінші директоры, Қазақстанның архив ісінің ардагері қайтыс болды.
Павлина Васильевна 1927 ж. 25 қаңтарында Сібірде туылған. 1944 ж. оның әкесін соғыстың алдында жіберген Сталинабад қ. (қазіргі – Душанбе қ.) орта мектебін үздік бітіріп, сол жерге эвакуацияланған Одесса технология институтына оқуға түсті. Одесса қ. босатылғаннан кейін, институт ұжымы еліне оралды. Павлина Васильевна курстастарымен осы қалаға кетті. Оқу кезінде оның туыстары Алматы қ. көшті. Сондай-ақ, 1947 ж. Павлина Васильевна анасының өтініші бойынша білімін аяқтамай Алматы қ. көшіп келді.
1957 ж. бастап ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас архив басқармасының қызметкері. 1963 ж. Павлина Васильевна С. М. Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетін сырттай аяқтағаннан кейін әр жылдары Қазақ КСР ОМА бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің басшысы болып жұмыс істеді.
1974 ж. 7 ақпанында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві құрылды және осы архивтің директоры болып П.В. Олейникова тағайындалды. Ол осы лауазымды 10 жыл бойы атқарды. 1984 ж. Павлина Васильевна зейнетке шықты. Бірақ архив ұжымымен тығыз байланысын үзбеді: Павлина Васильевна бірнеше рет ОМҒТҚА ұйымдастырған түрлі іс-шараладың ең құрметті қонағы болды.
2005 ж. П.В. Олейникованың (№ 154) жеке қор құжаттары ОМҒТҚА мемлекеттік сақтауға қабылданды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы Павлины Васильевнаның туысқандарына және жақындарына шынайы көңіл айтады. Павлина Васильевна Олейникова мәңгі біздің есімізде қалады.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
02 мамыр 2024 жыл
2024 жылдың 2 мамырында өткен ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысында Істер номенклатуралары, Құжаттама жасау, құжаттаманы басқару, және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, ведомстволық архив және сараптау комиссиялар туралы ережелер, істер тізімдемелері және сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілері жобалары қаралды.


30 сәуір 2024 жыл
2024 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері белгілі чех ғалымы, шығыстанушы, профессор, «Чехиядағы Азия достары» клубының жетекшісі Иржи Шима және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің дипломаттарымен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді.


26 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 26 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік архив» РММ мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» РММ бірлесіп өткізген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ ҚСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы (1937-1938)


25 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 25 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына орай «К.Ш. Хафизованың еңбектеріндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
ОМҒТҚА директоры Жұматаева Баян Амантайқызы мерейтой иесіне құттықтау сөзін арнады.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz